https://sputnik.kz/20230106/toqaev-kelimbetovti-qyzmetinen-bosatty-30915180.html
Тоқаев Келімбетовті қызметінен босатты
Тоқаев Келімбетовті қызметінен босатты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы қызметінен босатылды. 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T18:41+0500
2023-01-06T18:41+0500
2023-01-06T18:41+0500
қайрат келімбетов
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/573/38/5733829_0:10:1201:685_1920x0_80_0_0_224d6eedeaeb346ad62323fb61f30212.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы қызметінен босатылды.Ол бұл қызметке 2015 жылы тағайындалған болатын.Келімбетовтің орнына Ренат Бектұров келді. Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Лестер университетінің банк ісі және қаржы магистрі дәрежесіне ие. Оның қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар. АХҚО-да 2016 жылдан бері жұмыс істейді. АХҚО құрылымында Astana International Exchange басқармасының төрағасы болып жұмыс істеді.2022 жылдың қыркүйегінде АХҚО-да 65 елден 1500-ден астам компания тіркелгені хабарланды. Тартылған инвестицияның жалпы көлемі - 6,9 миллиард доллар.Астана халықаралық биржасы (AIX) арқылы 321 миллион доллардан астам меншікті капитал және 2,1 миллиард доллар қарыз капиталы тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/573/38/5733829_11:0:1048:778_1920x0_80_0_0_be23f54cf3c62c2235cfd4e48eed64aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайрат келімбетов, қасым-жомарт тоқаев
қайрат келімбетов, қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы қызметінен босатылды.
Ол бұл қызметке 2015 жылы тағайындалған болатын.
Келімбетовтің орнына Ренат Бектұров келді. Бектұров 1984 жылы 13 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Лестер университетінің банк ісі және қаржы магистрі дәрежесіне ие. Оның қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.
АХҚО-да 2016 жылдан бері жұмыс істейді. АХҚО құрылымында Astana International Exchange басқармасының төрағасы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қыркүйегінде АХҚО-да 65 елден 1500-ден астам компания тіркелгені хабарланды. Тартылған инвестицияның жалпы көлемі - 6,9 миллиард доллар.
Астана халықаралық биржасы (AIX) арқылы 321 миллион доллардан астам меншікті капитал және 2,1 миллиард доллар қарыз капиталы тартылды.