https://sputnik.kz/20230106/semeyde-5-zhasar-bala-eki-inisin-ortten-qutqardy-30906947.html
Семейде 5 жасар бала екі інісін өрттен құтқарды
Семейде 5 жасар бала екі інісін өрттен құтқарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Семей қаласында 5 жасар бала "112" қызметіне қоңырау шалып, екі інісін өрттен құтқарды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар... 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T14:56+0500
2023-01-06T14:56+0500
2023-01-06T19:33+0500
өңірлер
семей
https://sputnik.kz/img/07e7/01/06/30907763_0:136:576:460_1920x0_80_0_0_1b0acf5b3d8a335a79ba745bdcea8954.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Семей қаласында 5 жасар бала "112" қызметіне қоңырау шалып, екі інісін өрттен құтқарды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.Ресми мәліметке сәйкес, 5 қаңтарда сағат 16:58-де "112" пультіне 5 жасар бала хабарласып, жер үйде өрттің иісін сезгенін айтқан. Оқиға орнына дереу құтқарушылар бригадасы жеткен. Полиция мен жедел жәрдемге де хабар берілген. Ал диспетчер бейнебайланыс арқылы баламен сөйлесіп, жағдайды бақылап отырған. Терезе ашуға кеңес берген. Құтқарушылар келген бойда өрттің иісін сезген. Балаларды сырттан жауып кеткен. Мамандар арнайы құралдармен құлыпты бұзып, балаларды жедел медициналық жәрдемге тапсырды. Оларды қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Сол жерде газдан жеңіл улану диагнозы қойылды. Қазіргі кезде балалардың жағдайы жақсы. Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/06/30907763_0:82:576:514_1920x0_80_0_0_b47b0d1b8b087b5aefc8b82ab2bdee97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Семей қаласында 5 жасар бала "112" қызметіне қоңырау шалып, екі інісін өрттен құтқарды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ресми мәліметке сәйкес, 5 қаңтарда сағат 16:58-де "112" пультіне 5 жасар бала хабарласып, жер үйде өрттің иісін сезгенін айтқан.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар бригадасы жеткен. Полиция мен жедел жәрдемге де хабар берілген. Ал диспетчер бейнебайланыс арқылы баламен сөйлесіп, жағдайды бақылап отырған. Терезе ашуға кеңес берген.
Құтқарушылар келген бойда өрттің иісін сезген. Балаларды сырттан жауып кеткен. Мамандар арнайы құралдармен құлыпты бұзып, балаларды жедел медициналық жәрдемге тапсырды.
Оларды қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Сол жерде газдан жеңіл улану диагнозы қойылды.
Қазіргі кезде балалардың жағдайы жақсы.
Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.