Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Өзіміз отырып шай ішейік": түрлі елдегі шай ішу дәстүрі – фото

Жазылу
Қыстың аязды күндері шай ішіп, бой жылытатын қолайлы уақыт. Бұл сусын әңгіме айтып, көңіл көтеруге, отбасы мен дос-жаранның бір дастархан басына жиналуына ықпал етеді. Әлемнің түрлі елінде шайды қалай ішетіні туралы Sputnik суреттер топтамасынан көріңіздер
Қазақстанда да бұл ыстық сусын жоғары сұранысқа ие. Бірде-бір отбасылық мереке шайсыз өтпейді. Әдетте мерекелік дастархан басында шай беріледі. Содан кейін ғана ет пен қымыз ұсынылады. Қазақтың салт-дәстүрінде шайды ыстық пеште қайнатып алу әдісі бар. Мұндай шай өте дәмді болады деп саналады.
Сонымен қатар, пиалаға шайды толтыра құюға болмайды: кесеге шай аз құйылған сайын шай ұсынылған адамға құрмет соғұрлым үлкен болып саналады.
Қазақстанда және басқа елдерде шайда қалай ішетінін суреттер топтамасынан көріңіздер.
© Sputnik / Розов / Медиабанкке өту

Қазақтың салт-дәстүрінде шай ерекше орын алады. Суретте: жайлаудағы мереке кезінде кесемен шай ішіп отырған шопан, Қазақстан

Қазақтың салт-дәстүрінде шай ерекше орын алады. Суретте: жайлаудағы мереке кезінде кесемен шай ішіп отырған шопан, Қазақстан - Sputnik Қазақстан
1/19

Қазақтың салт-дәстүрінде шай ерекше орын алады. Суретте: жайлаудағы мереке кезінде кесемен шай ішіп отырған шопан, Қазақстан

© Sputnik / Анатолий Устиненко

Қазақстанда бүкіл отбасы дастархан басына жиналып, арқа-жарқа әңгіме айтып, шай ішеді

Қазақстанда бүкіл отбасы дастархан басына жиналып, арқа-жарқа әңгіме айтып, шай ішеді - Sputnik Қазақстан
2/19

Қазақстанда бүкіл отбасы дастархан басына жиналып, арқа-жарқа әңгіме айтып, шай ішеді

© Sputnik / Валерий Шустов

Тәжікстан тұрғындары да шайханада жиі бас қосып, жаңалықтарын бөлісіп, көптен бері кездеспеген туыс-жақындарымен әңгіме-дүкен құрады. Суретте: Тәжік КСР. "Рахат" шайханасы

Тәжікстан тұрғындары да шайханада жиі бас қосып, жаңалықтарын бөлісіп, көптен бері кездеспеген туыс-жақындарымен әңгіме-дүкен құрады. Суретте: Тәжік КСР. "Рахат" шайханасы - Sputnik Қазақстан
3/19

Тәжікстан тұрғындары да шайханада жиі бас қосып, жаңалықтарын бөлісіп, көптен бері кездеспеген туыс-жақындарымен әңгіме-дүкен құрады. Суретте: Тәжік КСР. "Рахат" шайханасы

© Sputnik / Всеволод Тарасевич

Тәжікстанда шайхана жергілікті салт-дәстүрдің айнымас бір бөлігі болып саналады. Суретте: Тәжікстандағы қария аудан орталығындағы шайханада ыстық сусынмен шөлін қандырып отыр

Тәжікстанда шайхана жергілікті салт-дәстүрдің айнымас бір бөлігі болып саналады. Суретте: Тәжікстандағы қария аудан орталығындағы шайханада ыстық сусынмен шөлін қандырып отыр - Sputnik Қазақстан
4/19

Тәжікстанда шайхана жергілікті салт-дәстүрдің айнымас бір бөлігі болып саналады. Суретте: Тәжікстандағы қария аудан орталығындағы шайханада ыстық сусынмен шөлін қандырып отыр

© AFP 2024 / DAN SANDOVAL

Қытайдағы шай рәсімі – бұл ежелгі дәуірде пайда болған ерекше философия мен мәдениет. Қытайлар шайды асықпай ішіп қана қоймай, оның хош иісін, тұндыру процесінде сусынның дәмі мен түсінің өзгеруін сезініп, ләззат алады. Суретте: Қытайдың Хэнань провинциясындағы салтанатты шарада әйел Синьян Маоцзянь шәйін құйып отыр.

Қытайдағы шай рәсімі – бұл ежелгі дәуірде пайда болған ерекше философия мен мәдениет. Қытайлар шайды асықпай ішіп қана қоймай, оның хош иісін, тұндыру процесінде сусынның дәмі мен түсінің өзгеруін сезініп, ләззат алады. Суретте: Қытайдың Хэнань провинциясындағы салтанатты шарада әйел Синьян Маоцзянь шәйін құйып отыр. - Sputnik Қазақстан
5/19

Қытайдағы шай рәсімі – бұл ежелгі дәуірде пайда болған ерекше философия мен мәдениет. Қытайлар шайды асықпай ішіп қана қоймай, оның хош иісін, тұндыру процесінде сусынның дәмі мен түсінің өзгеруін сезініп, ләззат алады. Суретте: Қытайдың Хэнань провинциясындағы салтанатты шарада әйел Синьян Маоцзянь шәйін құйып отыр.

© AFP 2024 / Khaled Desouki

Африканың солтүстігінде, Мысырда қара шайды өте қою етіп дайындайды да, оған қоса бір стақан су беріледі. Мұнда Кения, Малави немесе Цейлоннан келген қара шайды ұнатады, ал елдің оңтүстік аймақтарында шайды 5 минут қайнату арқылы өте қою етіп дайындайды. Мысырда шайға жалбыз немесе сүт жиі қосылады. Суретте: мысырлық ер адам Минья қаласында түскі үзіліс кезінде шай ішіп отыр

Африканың солтүстігінде, Мысырда қара шайды өте қою етіп дайындайды да, оған қоса бір стақан су беріледі. Мұнда Кения, Малави немесе Цейлоннан келген қара шайды ұнатады, ал елдің оңтүстік аймақтарында шайды 5 минут қайнату арқылы өте қою етіп дайындайды. Мысырда шайға жалбыз немесе сүт жиі қосылады. Суретте: мысырлық ер адам Минья қаласында түскі үзіліс кезінде шай ішіп отыр - Sputnik Қазақстан
6/19

Африканың солтүстігінде, Мысырда қара шайды өте қою етіп дайындайды да, оған қоса бір стақан су беріледі. Мұнда Кения, Малави немесе Цейлоннан келген қара шайды ұнатады, ал елдің оңтүстік аймақтарында шайды 5 минут қайнату арқылы өте қою етіп дайындайды. Мысырда шайға жалбыз немесе сүт жиі қосылады. Суретте: мысырлық ер адам Минья қаласында түскі үзіліс кезінде шай ішіп отыр

© AP Photo / Bernat Armangue

Арабтар шайді үстіңгі жағы кеңейе түскен шағын кесемен ішеді. Сусынды негізінен ер адамдар дайындайды. Арабтар көк шай ғана ішеді, өйткені ислам діні ферменттелген сусындарды ішуге тыйым салады. Суретте: жергілікті тұрғындар Сауд Арабиясының құмды төбелерінде шай мен кофе ішіп отыр

Арабтар шайді үстіңгі жағы кеңейе түскен шағын кесемен ішеді. Сусынды негізінен ер адамдар дайындайды. Арабтар көк шай ғана ішеді, өйткені ислам діні ферменттелген сусындарды ішуге тыйым салады. Суретте: жергілікті тұрғындар Сауд Арабиясының құмды төбелерінде шай мен кофе ішіп отыр - Sputnik Қазақстан
7/19

Арабтар шайді үстіңгі жағы кеңейе түскен шағын кесемен ішеді. Сусынды негізінен ер адамдар дайындайды. Арабтар көк шай ғана ішеді, өйткені ислам діні ферменттелген сусындарды ішуге тыйым салады. Суретте: жергілікті тұрғындар Сауд Арабиясының құмды төбелерінде шай мен кофе ішіп отыр

© AFP 2024 / Johannes Eisele

Ауғанстанда шайды "ормуд" деп аталатын шағын стақандармен, фарфор кесе немесе пиаламен ішеді. Шығыстың басқа аймақтарындағыдай, мұнда да шайды кілемде отырып немесе шынтақтап жатып ішеді. Суретте: Кабулда шай ішіп отырған ер адам

Ауғанстанда шайды "ормуд" деп аталатын шағын стақандармен, фарфор кесе немесе пиаламен ішеді. Шығыстың басқа аймақтарындағыдай, мұнда да шайды кілемде отырып немесе шынтақтап жатып ішеді. Суретте: Кабулда шай ішіп отырған ер адам - Sputnik Қазақстан
8/19

Ауғанстанда шайды "ормуд" деп аталатын шағын стақандармен, фарфор кесе немесе пиаламен ішеді. Шығыстың басқа аймақтарындағыдай, мұнда да шайды кілемде отырып немесе шынтақтап жатып ішеді. Суретте: Кабулда шай ішіп отырған ер адам

© AP Photo / Muhammed Muheisen

Сириялық кішкентай қыз Иорданияның Мафрак қаласының шетіндегі Сирия шекарасына жақын орналасқан шатырлы ауылда шай ішіп тұр

Сириялық кішкентай қыз Иорданияның Мафрак қаласының шетіндегі Сирия шекарасына жақын орналасқан шатырлы ауылда шай ішіп тұр - Sputnik Қазақстан
9/19

Сириялық кішкентай қыз Иорданияның Мафрак қаласының шетіндегі Сирия шекарасына жақын орналасқан шатырлы ауылда шай ішіп тұр

© AFP 2024 / Vyacheslav Oseledko

Қырғызстанда шай суып қалмас үшін сусынды үнемі шағын кесемен ұсынады. Ыстықкөлде үлкен пиаламен шай ішу дәстүрі қалыптасқан. Ал Талас пен Нарында шайға арналған суды самаурынға қайнату әдеті бар. Қуырма шайға сүт, өнген бидай және күйдірілген ұн қосылады. Суретте: 93 жастағы соғыс ардагері Сардар Ақылбеков Қырғызстанның Тоқ-Бай ауылындағы үйінде шай ішіп отыр

Қырғызстанда шай суып қалмас үшін сусынды үнемі шағын кесемен ұсынады. Ыстықкөлде үлкен пиаламен шай ішу дәстүрі қалыптасқан. Ал Талас пен Нарында шайға арналған суды самаурынға қайнату әдеті бар. Қуырма шайға сүт, өнген бидай және күйдірілген ұн қосылады. Суретте: 93 жастағы соғыс ардагері Сардар Ақылбеков Қырғызстанның Тоқ-Бай ауылындағы үйінде шай ішіп отыр - Sputnik Қазақстан
10/19

Қырғызстанда шай суып қалмас үшін сусынды үнемі шағын кесемен ұсынады. Ыстықкөлде үлкен пиаламен шай ішу дәстүрі қалыптасқан. Ал Талас пен Нарында шайға арналған суды самаурынға қайнату әдеті бар. Қуырма шайға сүт, өнген бидай және күйдірілген ұн қосылады. Суретте: 93 жастағы соғыс ардагері Сардар Ақылбеков Қырғызстанның Тоқ-Бай ауылындағы үйінде шай ішіп отыр

© Sputnik / Konstantin Chalabov

Орыс дәстүрінде де шайдың орны ерекше. Қайнап тұрған самаурын, жаңа піскен тәтті нан және бал. Аязды күні бұдан асқан демалыс бар ма! Суретте: Новгород облысындағы жол бойындағы дәмханада алдында қайнап тұрған самаурын

Орыс дәстүрінде де шайдың орны ерекше. Қайнап тұрған самаурын, жаңа піскен тәтті нан және бал. Аязды күні бұдан асқан демалыс бар ма! Суретте: Новгород облысындағы жол бойындағы дәмханада алдында қайнап тұрған самаурын - Sputnik Қазақстан
11/19

Орыс дәстүрінде де шайдың орны ерекше. Қайнап тұрған самаурын, жаңа піскен тәтті нан және бал. Аязды күні бұдан асқан демалыс бар ма! Суретте: Новгород облысындағы жол бойындағы дәмханада алдында қайнап тұрған самаурын

© AFP 2024 / Hussein Faleh

Иракта шай тасушылар институты жақсы дамыған. Олар шай дайындау үшін қажетті пеш, шәугім, стақан, қант пен шайды өздерімен бірге алып жүреді. Олар базарларда, автобус аялдамаларында, мекемелерде жүреді. Суретте: бойжеткен Ирак жеріндегі мінәжат етушілерге шай ұсынып тұр

Иракта шай тасушылар институты жақсы дамыған. Олар шай дайындау үшін қажетті пеш, шәугім, стақан, қант пен шайды өздерімен бірге алып жүреді. Олар базарларда, автобус аялдамаларында, мекемелерде жүреді. Суретте: бойжеткен Ирак жеріндегі мінәжат етушілерге шай ұсынып тұр - Sputnik Қазақстан
12/19

Иракта шай тасушылар институты жақсы дамыған. Олар шай дайындау үшін қажетті пеш, шәугім, стақан, қант пен шайды өздерімен бірге алып жүреді. Олар базарларда, автобус аялдамаларында, мекемелерде жүреді. Суретте: бойжеткен Ирак жеріндегі мінәжат етушілерге шай ұсынып тұр

© AP Photo / Tim Whitby/Pool

Ағылшындар шайды күніне үш рет ішеді: таңертең, түскі ас кезінде және кешкі сағат бесте. Ағылшындардың "Five o'clock Tea" дәстүрі 1840 жылы Бедфорд герцогинясы Анна Расселден басталды. Суретте: Ұлыбритания ханзадасы Чарльз және Корнуолл герцогинясы Камилла Лондонның орталығындағы Корольдік театрына барған кезде террасада бестің шайын ішіп отыр

Ағылшындар шайды күніне үш рет ішеді: таңертең, түскі ас кезінде және кешкі сағат бесте. Ағылшындардың "Five o'clock Tea" дәстүрі 1840 жылы Бедфорд герцогинясы Анна Расселден басталды. Суретте: Ұлыбритания ханзадасы Чарльз және Корнуолл герцогинясы Камилла Лондонның орталығындағы Корольдік театрына барған кезде террасада бестің шайын ішіп отыр - Sputnik Қазақстан
13/19

Ағылшындар шайды күніне үш рет ішеді: таңертең, түскі ас кезінде және кешкі сағат бесте. Ағылшындардың "Five o'clock Tea" дәстүрі 1840 жылы Бедфорд герцогинясы Анна Расселден басталды. Суретте: Ұлыбритания ханзадасы Чарльз және Корнуолл герцогинясы Камилла Лондонның орталығындағы Корольдік театрына барған кезде террасада бестің шайын ішіп отыр

© AFP 2024 / Issouf Sanogo

Нигерияда Зобо шайы қатты танымал. Бұл күлгін-қызыл түсті гүлді сусыны. Оны әртүрлі тәсілдермен тәттілендіруге және хош иістендіруге, ыстық немесе салқын күйде ұсынуға болады. Зобоға арналған гүлдер бізде гибискус немесе каркаде деп аталады. Суретте: Нигерияның Агадес қаласында ер адам шай құйып тұр

Нигерияда Зобо шайы қатты танымал. Бұл күлгін-қызыл түсті гүлді сусыны. Оны әртүрлі тәсілдермен тәттілендіруге және хош иістендіруге, ыстық немесе салқын күйде ұсынуға болады. Зобоға арналған гүлдер бізде гибискус немесе каркаде деп аталады. Суретте: Нигерияның Агадес қаласында ер адам шай құйып тұр - Sputnik Қазақстан
14/19

Нигерияда Зобо шайы қатты танымал. Бұл күлгін-қызыл түсті гүлді сусыны. Оны әртүрлі тәсілдермен тәттілендіруге және хош иістендіруге, ыстық немесе салқын күйде ұсынуға болады. Зобоға арналған гүлдер бізде гибискус немесе каркаде деп аталады. Суретте: Нигерияның Агадес қаласында ер адам шай құйып тұр

© AFP 2024 / Aamir Qureshi

Пәкістандағылар сүт пен көп мөлшерде қант қосылған қара шайды ұнатады. Олар, сондай-ақ, "Кава" – кардамон, шафран және даршын қосылған көк шайды және кашмир алқызыл шайын ішеді. Оны самауырда қайнатып, Моңғолиядағы немесе Тибеттегідей май мен тұз қосып ішеді. Суретте: Исламабадтағы жол бойындағы дәмханада шай ішіп отырған адам

Пәкістандағылар сүт пен көп мөлшерде қант қосылған қара шайды ұнатады. Олар, сондай-ақ, "Кава" – кардамон, шафран және даршын қосылған көк шайды және кашмир алқызыл шайын ішеді. Оны самауырда қайнатып, Моңғолиядағы немесе Тибеттегідей май мен тұз қосып ішеді. Суретте: Исламабадтағы жол бойындағы дәмханада шай ішіп отырған адам - Sputnik Қазақстан
15/19

Пәкістандағылар сүт пен көп мөлшерде қант қосылған қара шайды ұнатады. Олар, сондай-ақ, "Кава" – кардамон, шафран және даршын қосылған көк шайды және кашмир алқызыл шайын ішеді. Оны самауырда қайнатып, Моңғолиядағы немесе Тибеттегідей май мен тұз қосып ішеді. Суретте: Исламабадтағы жол бойындағы дәмханада шай ішіп отырған адам

© AFP 2024 / Sanjay Kanojia

Масала шайы – үнді дәстүрі мен ұлттық асханасындағы сүйікті сусындардың бірі. Бұл бой сергітер сусынға мынандай дәмдеуіштер қосылады: кардамон, даршын, зімбір, қалампыр және тіпті бұрыш! Айтпақшы, алғашында Үндістанда тек будда монахтары шай ішетін. Суретте: үнді садху шай құйып тұр

Масала шайы – үнді дәстүрі мен ұлттық асханасындағы сүйікті сусындардың бірі. Бұл бой сергітер сусынға мынандай дәмдеуіштер қосылады: кардамон, даршын, зімбір, қалампыр және тіпті бұрыш! Айтпақшы, алғашында Үндістанда тек будда монахтары шай ішетін. Суретте: үнді садху шай құйып тұр - Sputnik Қазақстан
16/19

Масала шайы – үнді дәстүрі мен ұлттық асханасындағы сүйікті сусындардың бірі. Бұл бой сергітер сусынға мынандай дәмдеуіштер қосылады: кардамон, даршын, зімбір, қалампыр және тіпті бұрыш! Айтпақшы, алғашында Үндістанда тек будда монахтары шай ішетін. Суретте: үнді садху шай құйып тұр

© AP Photo / Ben Curtis

Оңтүстік Африкадағылар да шайды жоғары құрметтеледі. Мысалы, Оңтүстік Африка Республикасында ұлттық сусын – ройбуш жақсы танымал. Оның құрамында кофеин жоқ және ол өте пайдалы. Суретте: Оңтүстік Суданның Джуба қаласында әйел адам босқындарға шай дайындап жатыр

Оңтүстік Африкадағылар да шайды жоғары құрметтеледі. Мысалы, Оңтүстік Африка Республикасында ұлттық сусын – ройбуш жақсы танымал. Оның құрамында кофеин жоқ және ол өте пайдалы. Суретте: Оңтүстік Суданның Джуба қаласында әйел адам босқындарға шай дайындап жатыр - Sputnik Қазақстан
17/19

Оңтүстік Африкадағылар да шайды жоғары құрметтеледі. Мысалы, Оңтүстік Африка Республикасында ұлттық сусын – ройбуш жақсы танымал. Оның құрамында кофеин жоқ және ол өте пайдалы. Суретте: Оңтүстік Суданның Джуба қаласында әйел адам босқындарға шай дайындап жатыр

© AFP 2024 / Yoshikazu Tsuno

Шай Жапонияға алғаш рет VIII ғасырда будда монахтарының арқасында Қытайдан келген. Мұнда шай ішу арнайы павильондарда өткізіледі және га-но-ю деп аталатын өте күрделі рәсім болып саналады, оны гейшалар дайындайды. Қытайлықтар сияқты жапондар да шайды өте баяу ішеді. Суретте: америкалық кәсіпқой бейсболшы Гектор Сантьяго Токиодағы гейша қыздан жапон көк шайын дайындауды үйреніп жатыр

Шай Жапонияға алғаш рет VIII ғасырда будда монахтарының арқасында Қытайдан келген. Мұнда шай ішу арнайы павильондарда өткізіледі және га-но-ю деп аталатын өте күрделі рәсім болып саналады, оны гейшалар дайындайды. Қытайлықтар сияқты жапондар да шайды өте баяу ішеді. Суретте: америкалық кәсіпқой бейсболшы Гектор Сантьяго Токиодағы гейша қыздан жапон көк шайын  дайындауды үйреніп жатыр - Sputnik Қазақстан
18/19

Шай Жапонияға алғаш рет VIII ғасырда будда монахтарының арқасында Қытайдан келген. Мұнда шай ішу арнайы павильондарда өткізіледі және га-но-ю деп аталатын өте күрделі рәсім болып саналады, оны гейшалар дайындайды. Қытайлықтар сияқты жапондар да шайды өте баяу ішеді. Суретте: америкалық кәсіпқой бейсболшы Гектор Сантьяго Токиодағы гейша қыздан жапон көк шайын дайындауды үйреніп жатыр

© Sputnik / Подгорный / Медиабанкке өту

Әлемнің көп елінде шайды жақсы көреді. Сондықтан оны халықаралық сусын деп атауға болады. Өйткені, әр ел шайды дайындаудың рецептеріне өзіндік үлес қосу арқылы шайды әлем халықтарына танымал етті. Суретте: "Тақиялы періште" фильміндегі Тана рөліндегі актриса Әмина Өмірзақова пиаламен шәй ішіп отыр. "Қазақфильм" киностудиясы, 1968 жыл. Режиссері Шәкен Айманов

Әлемнің көп елінде шайды жақсы көреді. Сондықтан оны халықаралық сусын деп атауға болады. Өйткені, әр ел шайды дайындаудың рецептеріне өзіндік үлес қосу арқылы шайды әлем халықтарына танымал етті. Суретте: "Тақиялы періште" фильміндегі Тана рөліндегі актриса Әмина Өмірзақова пиаламен шәй ішіп отыр. "Қазақфильм" киностудиясы, 1968 жыл. Режиссері Шәкен Айманов - Sputnik Қазақстан
19/19

Жаңалықтар
0