https://sputnik.kz/20230106/pavlodarda-bank-qyzmetkeri-alayaqtarga-aldanyp-qaldy-30893167.html
Павлодарда банк қызметкері алаяқтарға алданып қалды
Павлодарда банк қызметкері алаяқтарға алданып қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласында банк қызметкері алаяқтарға алданып, 800 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T10:00+0500
2023-01-06T10:00+0500
2023-01-06T10:00+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/03/15376518_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_712baedb879d2877f4829659754bb19b.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласында банк қызметкері алаяқтарға алданып, 800 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.2 қаңтарда облыс орталығының тұрғыны қалалық полиция басқармасына арыз түсірді. Банкте істейтін әйел картасындағы барлық ақшаның ұрланғанын мәлімдеді.32 жастағы қала тұрғыны үйіндегі жиһазды сатамын деп, танымал сайттардың біріне хабарландыру жариялаған. Жарты сағаттың ішінде бір ер адам хабарласады. Пәтерімді жалға беремін, сол себепті барлық жиһазды сатып аламын деп сендірген. Сосын банк картасының бар-жоғын сұрайды. Сатушы әйел картам бар дейді. Ал ер адам алдымен карта нөмірін, сосын SMS-хабарламамен түскен пин-кодты айтып беруін өтінген. Әйел барлық мәліметті бере салған."Бірнеше минуттың ішінде әйелдің картасынан 800 мың теңгеден астам қаржы шешілген. Ал қоңырау шалған адам ізім-ғайым жоғалған. Жәбірленуші қаладағы банктердің бірінде жұмыс істейді. Соған қарамастан, алаяқтардың алдауына түсіп қалып отыр", - дейді полицейлер.Қазіргі кезде тәртіп сақшылары қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге кірісті. Полицейлер халықты сақ болуға үндеп отыр. Бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, жеке мәліметтерді, мобильді қосымшалардың паролін беруге болмайтынын ескертті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/03/15376518_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_f67a879f0d29188eb8edfb43ec2b77bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Павлодарда банк қызметкері алаяқтарға алданып қалды
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласында банк қызметкері алаяқтарға алданып, 800 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. 2 қаңтарда облыс орталығының тұрғыны қалалық полиция басқармасына арыз түсірді. Банкте істейтін әйел картасындағы барлық ақшаның ұрланғанын мәлімдеді.
32 жастағы қала тұрғыны үйіндегі жиһазды сатамын деп, танымал сайттардың біріне хабарландыру жариялаған. Жарты сағаттың ішінде бір ер адам хабарласады. Пәтерімді жалға беремін, сол себепті барлық жиһазды сатып аламын деп сендірген. Сосын банк картасының бар-жоғын сұрайды. Сатушы әйел картам бар дейді. Ал ер адам алдымен карта нөмірін, сосын SMS-хабарламамен түскен пин-кодты айтып беруін өтінген. Әйел барлық мәліметті бере салған.
"Бірнеше минуттың ішінде әйелдің картасынан 800 мың теңгеден астам қаржы шешілген. Ал қоңырау шалған адам ізім-ғайым жоғалған. Жәбірленуші қаладағы банктердің бірінде жұмыс істейді. Соған қарамастан, алаяқтардың алдауына түсіп қалып отыр", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тәртіп сақшылары қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге кірісті. Полицейлер халықты сақ болуға үндеп отыр. Бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, жеке мәліметтерді, мобильді қосымшалардың паролін беруге болмайтынын ескертті.