https://sputnik.kz/20230106/meditsina-salasyndagy-studentterdin-shakirtaqysy-zhyl-sayyn-20-ke-osedi-30893426.html
Медицина саласындағы студенттердің шәкіртақысы жыл сайын 20%-ке өседі
Медицина саласындағы студенттердің шәкіртақысы жыл сайын 20%-ке өседі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін жыл сайын шәкіртақы 20%-ке дейін ұлғайтылады. Өткен жылы бакалавриат... 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T10:31+0500
2023-01-06T10:31+0500
2023-08-09T16:12+0500
студенттер
мемлекеттік стипендия
https://sputnik.kz/img/1105/86/11058668_204:880:2280:2048_1920x0_80_0_0_b4ed7fd163cdc9e78ada18ba343457ea.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін жыл сайын шәкіртақы 20%-ке дейін ұлғайтылады. Өткен жылы бакалавриат студенттері үшін ол екі есеге жуық, интерндер үшін 25%-ке, резиденттер, магистранттар, докторанттар үшін 15%-ке өсті, деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.Ол 2022 жылы республикалық бюджеттен 4 700 білім гранты бөлінсе, оның ішінде 1 500 грант резидентураға тиесілі екенін айтты. 2023 жылы республикалық бюджет есебінен резидентурадағы гранттар санын 2 500-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.Алдыңғұровтың айтуынша, 2021 жылдан бастап денсаулық сақтау министрлігі өңірлерден түскен өтініштер бойынша резидентураға гранттарды бөлуді енгізген.Университеттерді өздерінің клиникалық базасымен қамтамасыз ету үшін университет жанынан салынатын алты аурухананың құрылысы да басталды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл дәрігерлерді тәжірибеге бағыттап оқытуды қамтамасыз етеді, ғылымды, озық технологияларды және оқу процесін интеграциялау арқылы университеттердің мүмкіндіктерін кеңейтеді деп санайды.Ғылым және адам ресурстары департаментіндегілер 2022 жылы бюджеттік бағдарлама аясында 4 200 дәрігер және 2 650 медбике үшін оқу ұйымдастырылғанын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1105/86/11058668_367:840:1978:2048_1920x0_80_0_0_21f9ed72b062462cf83794b97a5ab06d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студенттер, мемлекеттік стипендия
студенттер, мемлекеттік стипендия
Медицина саласындағы студенттердің шәкіртақысы жыл сайын 20%-ке өседі
10:31 06.01.2023 (жаңартылды: 16:12 09.08.2023) АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Медициналық жоғары оқу орындарының студенттері үшін жыл сайын шәкіртақы 20%-ке дейін ұлғайтылады. Өткен жылы бакалавриат студенттері үшін ол екі есеге жуық, интерндер үшін 25%-ке, резиденттер, магистранттар, докторанттар үшін 15%-ке өсті, деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.
"2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ке ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді және біздің оқу орындарымызға мықты талапкерлерді қосымша тартады", - дейді ғылым және адам ресурстары департаментінің директоры Дәулет Алдыңғұров.
Ол 2022 жылы республикалық бюджеттен 4 700 білім гранты бөлінсе, оның ішінде 1 500 грант резидентураға тиесілі екенін айтты. 2023 жылы республикалық бюджет есебінен резидентурадағы гранттар санын 2 500-ге дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Алдыңғұровтың айтуынша, 2021 жылдан бастап денсаулық сақтау министрлігі өңірлерден түскен өтініштер бойынша резидентураға гранттарды бөлуді енгізген.
Университеттерді өздерінің клиникалық базасымен қамтамасыз ету үшін университет жанынан салынатын алты аурухананың құрылысы да басталды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл дәрігерлерді тәжірибеге бағыттап оқытуды қамтамасыз етеді, ғылымды, озық технологияларды және оқу процесін интеграциялау арқылы университеттердің мүмкіндіктерін кеңейтеді деп санайды.
Ғылым және адам ресурстары департаментіндегілер 2022 жылы бюджеттік бағдарлама аясында 4 200 дәрігер және 2 650 медбике үшін оқу ұйымдастырылғанын айтты.