https://sputnik.kz/20230106/latviya-arnayy-qyzmeti-zhurnalisti-ustady-30890581.html
Латвия арнайы қызметі журналисті ұстады
Латвия арнайы қызметі журналисті ұстады
Sputnik Қазақстан
30 желтоқсанда журналист Латвияға отбасылық жағдаймен келген 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T07:01+0500
2023-01-06T07:01+0500
2023-01-06T07:58+0500
журналист
https://sputnik.kz/img/1029/62/10296261_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_d5c7a7834652cf4cbc735e80aa25b67e.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Латвия арнайы қызметі Ригада Sputnik Литваның шеф-редакторы Марат Касемді ұстады.Sputnik Ближнее зарубежье агенттігінің хабарлауынша, 5 қаңтарда сот отырысы өтіп, онда бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралған.Марат Касемнің адвокаты Имма Янсоне оны кепілмен босатуды талап етті. Бірақ сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылдады. Журналист Ригадағы орталық түрмеге ауыстырылды.Заң бойынша бұлтартпау шарасы бойынша сот шешіміне 10 күннің ішінде шағымдануға болады.Жаңалық арнасының хабарлауынша, Касемге Ресей Федерациясына қатысты Еуроодақтың экономикалық санкцияларын бұзу және және тыңшылық бабы бойынша айып тағылып отыр. Екінші бап бойынша журналист 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Айта кетері, Марат Касем Латвия азаматы. Бірнеше жылдан бері Мәскеуде тұрып, жұмыс істейді. 30 желтоқсанда журналист Латвияға отбасылық жағдаймен келген.
https://sputnik.kz/20221220/zhurnalist-kozachkov-eki-ayga-qamauga-alyndy-30481982.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1029/62/10296261_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_237f50e963e1db70e8241e979cb4d450.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист
Латвия арнайы қызметі журналисті ұстады
07:01 06.01.2023 (жаңартылды: 07:58 06.01.2023) 30 желтоқсанда журналист Латвияға отбасылық жағдаймен келген
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Латвия арнайы қызметі Ригада Sputnik Литваның шеф-редакторы Марат Касемді ұстады.
Sputnik Ближнее зарубежье агенттігінің хабарлауынша, 5 қаңтарда сот отырысы өтіп, онда бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралған.
Марат Касемнің адвокаты Имма Янсоне оны кепілмен босатуды талап етті. Бірақ сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім қабылдады. Журналист Ригадағы орталық түрмеге ауыстырылды.
Заң бойынша бұлтартпау шарасы бойынша сот шешіміне 10 күннің ішінде шағымдануға болады.
Жаңалық арнасының хабарлауынша, Касемге Ресей Федерациясына қатысты Еуроодақтың экономикалық санкцияларын бұзу және және тыңшылық бабы бойынша айып тағылып отыр. Екінші бап бойынша журналист 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетері, Марат Касем Латвия азаматы. Бірнеше жылдан бері Мәскеуде тұрып, жұмыс істейді. 30 желтоқсанда журналист Латвияға отбасылық жағдаймен келген.