Екінші деңгейлі банктерге қолма-қол рублді Қазақстаннан әкетуге рұқсат етілді

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуРесей рублі
Ресей рублі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстаннан әкетуге рұқсат етілді, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Мұндай шешім 2022 жылғы 28 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" үкімет қаулысы негізінде қолма-қол рубльді қолма-қол ақшасыз нысанға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру мақсатында қабылданды.
Қаулы қол күнтізбелік алпыс күн ішінде қолданыста болады.
"Бүгінде екінші деңгейлі банктерде банк шоттарын, төлем карточкаларын, сондай-ақ электронды әмияндарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін, қолма-қол Ресей рублінің жинақталу тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік беретін әр алуан арналар мен құралдар бар", - деп толықтырды Ұлттық банк.
Жаңалықтар
0