https://sputnik.kz/20230106/bloger-makhambet-abzhannyn-isi-boyynsha-sot-30915339.html
Блогер Махамбет Абжанның ісі бойынша сот отырысы неге жабық өтеді
Блогер Махамбет Абжанның ісі бойынша сот отырысы неге жабық өтеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Астанада Сарыарқа ауданының 2 сотында блогер Махамбет Абжанның ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды Sputnik... 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T19:39+0500
2023-01-06T19:39+0500
2023-01-06T19:39+0500
сот
қоғам
блогер
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23504479_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_90af344d08fc31a7d400308b94e66738.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Астанада Сарыарқа ауданының 2 сотында блогер Махамбет Абжанның ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Судья негізгі сот отырысын 18 қаңтарға белгіледі. Бірақ оған бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алмайды. Жәбірленуші тарап отырысты жабық өткізуді сұрады. Прокурор да осы өтінішті қолдады. Махамбет Абжан "көрінеу жалған ақпарат тарату" және "бопсалау" бабы бойынша айыпталып отыр. Ол жәбірленушінің атақ-абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытқан. Оның үстінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бизнесмен Рашит Махат арыз жазған. Адковаты Дүйсекин аудио мен видеожазбаны жасауға қарсы болды. Жабық сот отырысын өткізуді сұрады.Прокурор Әлмира Қожахметова да жәбірленуші тараптың өтінішін қолдауды сұрады. Оның айтуынша, сотта қаралатын жалған ақпарат тарап кетсе, азаматтардың заңды құқықтарына нұқсан келтіріп, халық арасында дүрбелең мен қоғамдық тәртіпсіздіктер туғызуы мүмкін. Осыған байланысты қадағалаушы органның өкілі аудио, видео мен фотоға қарсы болды. Сот залына БАҚ өкілдерін де кіргізбеуді өтінді. Ал Абжанның қорғаушысы қарсылық білдірді. "Соттан өтінішті қанағаттандырмауды сұраймын. Оған қоса, сотқа дейінгі тергеу кезінде қылмыстық-процессуалдық заңды бұзу әрекеттеріне жол берілді. Әбжанның құқығы бұзылды. Прокуратура осының бәрі қоғам біліп қояды деп алаңдап отырған сияқты", - деді адвокат Сүлейменова. Ал сотталушы Махамбет Әбжан өзіне қатысты қылмыстық іске "Антикор мен Қайрат Сатыбалды тапсырыс бергенін" мәлімдеді. Судья Айжан Күлбаева жәбірленуші тараптың өтінішін қанағаттандырды. Айта кетері, былтыр 3 шілде күні астанада журналист және блогер Махамбет Абжан 50 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Антикор хабарлағандай, ол кәсіпкерлерді абырой-беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді БАҚ-қа жариялап жіберемін деп қорқытқан. Олардан ақша бопсалаған.
https://sputnik.kz/20220703/nur-sultan-zhurnalist-makhambet-abzhan-ustaldy-25906062.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0e/23504479_92:0:2821:2047_1920x0_80_0_0_452c4c5c0b994dbc6326ed8899f95edb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, блогер
Блогер Махамбет Абжанның ісі бойынша сот отырысы неге жабық өтеді
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Астанада Сарыарқа ауданының 2 сотында блогер Махамбет Абжанның ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Судья негізгі сот отырысын 18 қаңтарға белгіледі. Бірақ оған бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алмайды. Жәбірленуші тарап отырысты жабық өткізуді сұрады. Прокурор да осы өтінішті қолдады.
Махамбет Абжан "көрінеу жалған ақпарат тарату" және "бопсалау" бабы бойынша айыпталып отыр. Ол жәбірленушінің атақ-абыройына нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытқан. Оның үстінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бизнесмен Рашит Махат арыз жазған.
Адковаты Дүйсекин аудио мен видеожазбаны жасауға қарсы болды. Жабық сот отырысын өткізуді сұрады.
Прокурор Әлмира Қожахметова да жәбірленуші тараптың өтінішін қолдауды сұрады. Оның айтуынша, сотта қаралатын жалған ақпарат тарап кетсе, азаматтардың заңды құқықтарына нұқсан келтіріп, халық арасында дүрбелең мен қоғамдық тәртіпсіздіктер туғызуы мүмкін.
Осыған байланысты қадағалаушы органның өкілі аудио, видео мен фотоға қарсы болды. Сот залына БАҚ өкілдерін де кіргізбеуді өтінді. Ал Абжанның қорғаушысы қарсылық білдірді.
"Соттан өтінішті қанағаттандырмауды сұраймын. Оған қоса, сотқа дейінгі тергеу кезінде қылмыстық-процессуалдық заңды бұзу әрекеттеріне жол берілді. Әбжанның құқығы бұзылды. Прокуратура осының бәрі қоғам біліп қояды деп алаңдап отырған сияқты", - деді адвокат Сүлейменова.
Ал сотталушы Махамбет Әбжан өзіне қатысты қылмыстық іске "Антикор мен Қайрат Сатыбалды тапсырыс бергенін" мәлімдеді. Судья Айжан Күлбаева жәбірленуші тараптың өтінішін қанағаттандырды.
Айта кетері, былтыр 3 шілде күні астанада журналист және блогер Махамбет Абжан 50 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Антикор хабарлағандай, ол кәсіпкерлерді абырой-беделіне нұқсан келтіретін
мәліметтерді БАҚ-қа жариялап жіберемін деп қорқытқан. Олардан ақша бопсалаған.