https://sputnik.kz/20230106/astanada-zhol-aqysyn-qr-kodpen-toleu-kezinde-qiyndyqtar-tuyndady-kompaniya-malimdeme-zhasady-30893015.html
Астанада жол ақысын QR-кодпен төлеу кезінде қиындық туындады: компания мәлімдеме жасады
Астанада жол ақысын QR-кодпен төлеу кезінде қиындық туындады: компания мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Елорда тұрғындары мен қонақтары QR-код арқылы жол жүру ақысын төлеу қиындағанына шағымданып жатыр. "City Transportation Systems... 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T09:26+0500
2023-01-06T09:26+0500
2023-01-06T09:37+0500
автобус
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0c/16277853_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_1653a0db5d0a1d3f65fc5cd7689f9f84.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Елорда тұрғындары мен қонақтары QR-код арқылы жол жүру ақысын төлеу қиындағанына шағымданып жатыр. "City Transportation Systems (CTS)" ЖШС өкілдері осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.Компания мамандары қоғамдық көліктегі техникалық ақаулар QR-код арқылы жол жүру ақысын төлеуге қызмет көрсетушінің ауысуына байланысты туындағанын түсіндірді.Жол ақысын төлеуде қиындықтар туындаған жағдайда компания өкілдері бағдар нөмірі мен уақытын көрсетіп хабарлауды сұрады.CTS компаниясы мәлімдегендей, көліктік бақылау және бақылау-желілік қызмет департаментінің қызметкерлері бұл жағдайдан хабардар және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр."Айта кетері, QR-кодты сканерлеу арқылы жол жүру ақысын төлеу қосымша тәсіл болып саналады. Егер қосымша жолмен төлеу мүмкін болмаса, онда жол жүру ақысын төлеудің негізгі әдісін, яғни, көлік картасын пайдалану керек", - деді компания өкілдері.Мобильді қосымша жабдықтаушыларымен интеграция бойынша жұмыс бірнеше күнге созылуы мүмкін. Сондықтан компаниядағылар бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0c/16277853_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_3273bd00ea5a8a7f280fff30b78bf84e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автобус
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Елорда тұрғындары мен қонақтары QR-код арқылы жол жүру ақысын төлеу қиындағанына шағымданып жатыр. "City Transportation Systems (CTS)" ЖШС өкілдері осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.
Компания мамандары қоғамдық көліктегі техникалық ақаулар QR-код арқылы жол жүру ақысын төлеуге қызмет көрсетушінің ауысуына байланысты туындағанын түсіндірді.
"Мобильді қосымшалар арқылы төлеу техникалық дайындық мүмкіндігі бойынша қосылып жатыр, кейбір бағдарларда QR-кодын сканерлеу кезінде қиындықтар тіркелді", - деп мойындады компания өкілдері.
Жол ақысын төлеуде қиындықтар туындаған жағдайда компания өкілдері бағдар нөмірі мен уақытын көрсетіп хабарлауды сұрады.
CTS компаниясы мәлімдегендей, көліктік бақылау және бақылау-желілік қызмет департаментінің қызметкерлері бұл жағдайдан хабардар және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Айта кетері, QR-кодты сканерлеу арқылы жол жүру ақысын төлеу қосымша тәсіл болып саналады. Егер қосымша жолмен төлеу мүмкін болмаса, онда жол жүру ақысын төлеудің негізгі әдісін, яғни, көлік картасын пайдалану керек", - деді компания өкілдері.
Мобильді қосымша жабдықтаушыларымен интеграция бойынша жұмыс бірнеше күнге созылуы мүмкін. Сондықтан компаниядағылар бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.