https://sputnik.kz/20230106/arselor-mittalda-tagy-bir-qyzmetker-qaza-tapty-30911132.html
"Арселор Митталда" тағы бір қызметкер қаза тапты
"Арселор Митталда" тағы бір қызметкер қаза тапты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 қаңтар-Sputnik. "Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорнының аумағында мердігер ұйымның 27 жастағы жұмысшысы мерт болды. 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T16:03+0500
2023-01-06T16:03+0500
2023-01-06T16:10+0500
арселормиттал теміртау
https://sputnik.kz/img/07e6/07/08/26007323_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_f890fe90df26af03345aa3bbc1910240.jpg
АЛМАТЫ, 6 қаңтар-Sputnik. "Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорнының аумағында мердігер ұйымның 27 жастағы жұмысшысы мерт болды. Қайғылы оқиға №2 цехта болған. 27 жастағы ер адам алғашқы көмек көрсету кезінде есін жимастан көз жұмған. Тергеу жүріп жатыр. Себебі анықталады. "Арселор Миттал Теміртау" АҚ мердігер ұйымы қызметкерінің қайтыс болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің "еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша іс тіркелді. БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, марқұмның өліміне шатырдан келген су себеп болған. Бұл ақпарат жұмысшының әріптестерінің айтуымен жарияланған. Олардың айтуынша, цехта су бассейндері болмаса, жас жігіттің аман қалар еді. "ЛПЦ-2 аумағында болған оқиға бойынша "Мартенстрой" ЖШС қызметкерімен тиісті мемлекеттік органдар тергеуді аяқтаған соң мән-жайы мен себебін хабарлаймыз", - деп жауап берді "Арселор Миттал Теміртаудың" баспасөз қызметі. Қазір бас прокуратураның бақылауымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізіліп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін "Арселор Миттал Теміртауда" адам өлімі жиі болатын айтқан еді. 2006 жылдан бастап кәсіпорында 20-дан астам апат болып, 100-ден астам жұмысшы көз жұмды. 2022 жылы кәсіпорында 14 адам қаза тапты.
https://sputnik.kz/20220825/arselor-mittal-temirtau-kasiporynga-ekologtardy-kirgizbey-otyr-27011007.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/08/26007323_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_80925e7c684715739d03f557d363c116.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау
АЛМАТЫ, 6 қаңтар-Sputnik. "Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорнының аумағында мердігер ұйымның 27 жастағы жұмысшысы мерт болды.
"Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бірнеше жерде ұзартқыш сымдағы тұйықталудың салдарынан Б есімді азаматты тоқ соқты", - деп хабарлады "Мартенстрой" ЖШС мердігерлік ұйымының басшылығы.
Қайғылы оқиға №2 цехта болған. 27 жастағы ер адам алғашқы көмек көрсету кезінде есін жимастан көз жұмған. Тергеу жүріп жатыр. Себебі анықталады.
"Арселор Миттал Теміртау" АҚ мердігер ұйымы қызметкерінің қайтыс болу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің "еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша іс тіркелді.
БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, марқұмның өліміне шатырдан келген су себеп болған. Бұл ақпарат жұмысшының әріптестерінің айтуымен жарияланған. Олардың айтуынша, цехта су бассейндері болмаса, жас жігіттің аман қалар еді.
"ЛПЦ-2 аумағында болған оқиға бойынша "Мартенстрой" ЖШС қызметкерімен тиісті мемлекеттік органдар тергеуді аяқтаған соң мән-жайы мен себебін хабарлаймыз", - деп жауап берді "Арселор Миттал Теміртаудың" баспасөз қызметі.
Қазір бас прокуратураның бақылауымен компания қызметі бойынша кешенді тексеру жүргізіліп жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін "Арселор Миттал Теміртауда" адам өлімі жиі болатын айтқан еді. 2006 жылдан бастап кәсіпорында 20-дан астам апат болып, 100-ден астам жұмысшы көз жұмды. 2022 жылы кәсіпорында 14 адам қаза тапты.