Ақтөбеге жаңа әкім тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевМұрат Жүребеков
Мұрат Жүребеков - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов облыс орталығының активіне қаланың жаңа әкімі Мұрат Жүребековты таныстырды.
Мұрат Жүребеков 44 жаста.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты, Strathclyde университетінің (Глазго, Шотландия) түлегі.
2013 жылы Гарвард бизнес мектебін (Бостон, АҚШ), 2019 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-та жетекші маман болып бастады.
Одан кейінгі жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ, "Интергаз Орталық Азия", "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында түрлі басшылық қызметтерді атқарды.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалғанға дейін энергетика бірінші вице-министрі болды.
Жаңалықтар
0