https://sputnik.kz/20230106/almaty-oblysynda-zhas-zhigit-qyzdyn-denesin-pyshaqpen-tilgilep-tastagan-30890711.html
Алматы облысында жас жігіт қыздың денесін пышақпен тілгілеп тастаған
Алматы облысында жас жігіт қыздың денесін пышақпен тілгілеп тастаған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында ер адам 25 жастағы қызды үйінен алып кетіп, денесін пышақпен тілгілеп тастаған. Ауыр соққыға жығылған жас қыз... 06.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-06T07:52+0500
2023-01-06T07:52+0500
2023-01-06T07:52+0500
пышақ
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_0a268058198359dd91d78291fbb5a5ee.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында ер адам 25 жастағы қызды үйінен алып кетіп, денесін пышақпен тілгілеп тастаған. Ауыр соққыға жығылған жас қыз түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Астана арнасы.Жәбірленуші өзіне қастандық жасаған азаматпен бұрын жақын қарым-қатынаста болғанын айтты. Сөзінше, жігіттің оны ұрып-соққаны алғашқы жағдай емес. Ер адам бойжеткенді көлікпен қала сыртына шығарып, аяусыз сабап тастаған. Қазір зардап шегушінің денесінде сау жері жоқ. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлықта деп бағалайды."Көптеген жарақат алынған. Басына зақым келген, пышақпен кесілген жарақаттар болды. Беті, қолы, саны және мұрын сүйектері сынған. Қазіргі таңда Талғар ауруханасының жарақат емдеу бөлімінде жатыр. Протокол бойынша емін алып жатыр", - дейді Талғар орталық аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Айдос Еркенов.Күдікті – 2001 жылғы азамат. Бүгінде ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жағдайға қатысты "Адам өлтіруге ұмтылу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_220:0:2000:1335_1920x0_80_0_0_cbec73865a3ccb4d8a626aec36d0de81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пышақ
Алматы облысында жас жігіт қыздың денесін пышақпен тілгілеп тастаған
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында ер адам 25 жастағы қызды үйінен алып кетіп, денесін пышақпен тілгілеп тастаған. Ауыр соққыға жығылған жас қыз түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады
Астана арнасы.
Жәбірленуші өзіне қастандық жасаған азаматпен бұрын жақын қарым-қатынаста болғанын айтты. Сөзінше, жігіттің оны ұрып-соққаны алғашқы жағдай емес. Ер адам бойжеткенді көлікпен қала сыртына шығарып, аяусыз сабап тастаған. Қазір зардап шегушінің денесінде сау жері жоқ. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлықта деп бағалайды.
"Көптеген жарақат алынған. Басына зақым келген, пышақпен кесілген жарақаттар болды. Беті, қолы, саны және мұрын сүйектері сынған. Қазіргі таңда Талғар ауруханасының жарақат емдеу бөлімінде жатыр. Протокол бойынша емін алып жатыр", - дейді Талғар орталық аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Айдос Еркенов.
Күдікті – 2001 жылғы азамат. Бүгінде ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жағдайға қатысты "Адам өлтіруге ұмтылу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.