Алаяқтық үшін сотталған бұрынғы әкім бостандыққа шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе қаласында алаяқтық үшін сотталған әкімнің жазасын айыппұлға ауыстырды. Экс-шенеунік түрмеден босатылды.
Былтыр қазан айында Алматы ауданының экс-әкімі Абат Көбенов үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол қалалық әкімдіктің аппаратын басқарып жүргенде танысына жер учаскесін алып беремін деп, 1 миллион 383 мың теңге алған, деп хабарлайды "Диапазон" порталы.
Шенеунік алаяқтық үшін сотталды. Ал облыстық соттың апелляция алқасы жазаны ауыстыруға болады деген шешімге келді. Оған бас бостандығынан айыру жазасының орнына 13 миллиион 839 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Облыстық соттың мамандары шенеуніктің жазасы не себепті жеңілдетілгенін түсіндірді.
"Ол апелляциялық инстанцияда жазаны жеңілдетуді сұрады. Жәбірленушінің шығынын өтеп бергенін және денсаулық жағдайын айтты. Үш бала тәрбиелейді, егде жастағы анасы да бар. Сот барлық материалды, сондай-ақ, прокурордың қорытындысын зерделеп, ұрланған мүліктің 10 еселенген көлеміндегі айыппұл салуға шешім қабылдады. Оған қоса, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды", - дейді сот қызметкерлері.
Абат Көбенов 2022 жылы ақпан мен қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды. Оған дейін қалалық әкімдіктің аппаратына жетекшілік етті.
Жаңалықтар
0