Түркістан облысының тауларында 12 адам іздестіріліп жатыр

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуВертолет МИ-8, архивное фото
Вертолет МИ-8, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 қаңтар - Sputnik. Түркістан облысының таулы аймақтарында 12 адам іздестіріліп жатыр. Іздестіру жұмыстарына авиация жұмылдырылды, деп хабарлайды Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Хабар-ошарсыз кеткендер туралы хабарлама 112 пультіне бүгін, 5 қаңтарда таңғы сағат 10:00-де келіп түсті. Жоғалғандар екі көлікке мініп, Бәйдібек ауданындағы Байжансай тауларына бет алған. Соңғы рет олар туыстарымен 3 қаңтар күні сағат 16:00-де байланысқа шыққан. Төтенше жағдай туралы хабарлаған азаматтың айтуынша, із-түзсіз жоғалғандар Шымкентке 3 қаңтарда оралуы тиіс болған.
Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен күрделі аймақтарда жол жүру мүмкіндігі жоғары техникасы, сондай-ақ министрлік мамандары бар ТЖМ тікұшағы жұмылдырылған.
Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескертулерді назардан тыс қалдырмауды ұсынады. Құтқарушылардан тауға шығар алдында ауа-райы болжамымен міндетті түрде танысуды сұрайды. Сондай-ақ, жақындарына жоспарланған тау бағыты мен қалаға қайту уақыты туралы хабарлау керек, телефон және пауэрбанкті алдын ала қуаттап алу қажет.
Туристерге бейтаныс жол арқылы жолды қысқарту ұсынылмайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек.
Жаңалықтар
0