Қазақстанда McDonald’s бренді болмайды

© Sputnik / Михаил ВоскресенскийМакДональдс закрыл все рестораны в России
МакДональдс закрыл все рестораны в России - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда McDonald’s брендімен жұмыс істеген "Food Solutions KZ" ЖШС жаңа атаумен ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін компания тауар жеткізу жағынан туындаған шектеулерге байланысты өз жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Енді McDonald’s брендімен жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
"Компания жұмысының қайта жандануы және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың жаңа атаумен ашылу мерзімі туралы жақын уақытта жарияланатын болады. Біз осы ауысым жүзеге асқаннан кейін, компанияның өз жұмысын жалғастыруына байланысты барлық сұрақтарға жауап береміз", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Қазақстанда McDonald’s брендімен алғашқы мейрамхана 2016 жылы ашылған болатын. Содан бері Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай мен Қарағанды қаласында 24 мейрамхана ашылды. Желіде 2000-ға жуық адам жұмыс істеген.
Жаңалықтар
0