https://sputnik.kz/20230105/qazaqstanda-16-mynnan-astam-zansyz-otshashu-tarkilendi-30862472.html
Қазақстанда 16 мыңнан астам заңсыз отшашу тәркіленді
Қазақстанда 16 мыңнан астам заңсыз отшашу тәркіленді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда сертификаты жоқ 16 мыңнан астам пиротехникалық бұйым тәркіленді. 05.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-05T09:10+0500
2023-01-05T09:10+0500
2023-01-05T09:10+0500
отшашу
https://sputnik.kz/img/419/34/4193413_0:146:3127:1904_1920x0_80_0_0_83a37062ca7c18e7774683ebcbde5a21.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда сертификаты жоқ 16 мыңнан астам пиротехникалық бұйым тәркіленді.25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында республикада "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдардың айналымы ережелерінің сақталуына бақылау жүргізді.Жаңа жыл түні отшашуларды қолдану кезінде 15 адамды, оның ішінде кәмелетке толмаған алты баланы күйік шалды."Мысалы, елордада 1 қаңтарда түнде аулада отшашуды қолдану кезінде екі бала мен олардың әкесі ерні мен қолын күйдіріп алған. Тағы бір оқиға Астанадағы Нәжімеденов көшесінде болды. Пиротехникалық заттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан балкон өртенді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деді полицейлер.Үй иесі полицияға хабарласпаған. Жедел-профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 16 400 сертификатсыз пиротехникалық өнім тәркіленді, деп жазды Polisia.kz.Бір апта ішінде пиротехникалық бұйымдарды сату ережелерін бұзғаны үшін 842 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/419/34/4193413_197:0:2928:2048_1920x0_80_0_0_8814643fabb747228aa87871f8b35c86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отшашу
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда сертификаты жоқ 16 мыңнан астам пиротехникалық бұйым тәркіленді.
25 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында республикада "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдардың айналымы ережелерінің сақталуына бақылау жүргізді.
Жаңа жыл түні отшашуларды қолдану кезінде 15 адамды, оның ішінде кәмелетке толмаған алты баланы күйік шалды.
"Мысалы, елордада 1 қаңтарда түнде аулада отшашуды қолдану кезінде екі бала мен олардың әкесі ерні мен қолын күйдіріп алған. Тағы бір оқиға Астанадағы Нәжімеденов көшесінде болды. Пиротехникалық заттарды дұрыс пайдаланбау салдарынан балкон өртенді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - деді полицейлер.
Үй иесі полицияға хабарласпаған. Жедел-профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 16 400 сертификатсыз пиротехникалық өнім тәркіленді, деп жазды
Polisia.kz.Бір апта ішінде пиротехникалық бұйымдарды сату ережелерін бұзғаны үшін 842 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.