https://sputnik.kz/20230105/qaragandyda-sabidi-aurukhanaga-apara-zhatqan-zhedel-zhardem-koligi-apatqa-ushyrady-30884831.html
Қарағандыда сәбиді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Қарағандыда сәбиді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігі жолдан шығып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі. 05.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-05T21:07+0500
2023-01-05T21:07+0500
2023-08-10T11:59+0500
қарағанды облысы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e7/01/05/30884649_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_b0aab76fa4f27e195a71966eef76a7ff.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігі жолдан шығып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.5 қаңтар сағат 00:03-те Дубовка ауылынан 2 шақырым жерде жаңа туған нәресте бар жедел жәрдем көлігі жолдан шығып кеткені туралы хабар түсті.Қатты боран мен көктайғақ жағдайында оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел жәрдемде жаңа туған нәрестенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын және арнайы құралсыз көшіру мүмкін еместігін анықтады.Сондай-ақ, жедел жәрдем көлігін жолға шығару мүмкін болмады, себебі ол жолдан 20 м-ден астам қашықтықта болды.Жедел жәрдем жүргізушісінің айтуынша, жанармай аз болған.Оқиға орнына құтқарушылардың жедел әрекетімен жанармай мен жылы киім жеткізілді.Сондай-ақ, баланы Қарағандыдан келген жедел жәрдем көлігіне уақыт жоғалтпай жеткізу үшін тез арада жол тазартылды, өйткені дәрігерлердің айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратынсыз баланы 30 секундтан артық ұстауға болмайды.Қызметкерлердің уақтылы әрекетінің арқасында бала жедел жәрдемге жеткізіліп, кейін Қарағанды қаласының ауруханасына жатқызылды
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/05/30884649_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_620fa9c60f00aac8294d20270942537a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, жол апаты
қарағанды облысы, жол апаты
АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігі жолдан шығып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
5 қаңтар сағат 00:03-те Дубовка ауылынан 2 шақырым жерде жаңа туған нәресте бар жедел жәрдем көлігі жолдан шығып кеткені туралы хабар түсті.
Қатты боран мен көктайғақ жағдайында оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел жәрдемде жаңа туған нәрестенің жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын және арнайы құралсыз көшіру мүмкін еместігін анықтады.
Сондай-ақ, жедел жәрдем көлігін жолға шығару мүмкін болмады, себебі ол жолдан 20 м-ден астам қашықтықта болды.
Жедел жәрдем жүргізушісінің айтуынша, жанармай аз болған.
Оқиға орнына құтқарушылардың жедел әрекетімен жанармай мен жылы киім жеткізілді.
Сондай-ақ, баланы Қарағандыдан келген жедел жәрдем көлігіне уақыт жоғалтпай жеткізу үшін тез арада жол тазартылды, өйткені дәрігерлердің айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратынсыз баланы 30 секундтан артық ұстауға болмайды.
Қызметкерлердің уақтылы әрекетінің арқасында бала жедел жәрдемге жеткізіліп, кейін Қарағанды қаласының ауруханасына жатқызылды