https://sputnik.kz/20230105/qantardagy-zhappay-tartipsizdikterdi-18-adam-uyymdastyrdy-30878663.html
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді 18 адам ұйымдастырды
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді 18 адам ұйымдастырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер үшін кімдер жауапқа... 05.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-05T14:07+0500
2023-01-05T14:07+0500
2023-01-05T14:28+0500
қаңтар
тәртіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30336830_0:155:2500:1561_1920x0_80_0_0_e29878163c345af42f7ed0efe335e39f.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер үшін кімдер жауапқа тартылғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 271-бабының 1-тармағы, яғни, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін барлығы 18 адам жауапқа тартылып отыр. Осы орайда прокурор ұйымдастырушылардың кінәсі дәлелденген жағдайда ғана аты-жөні жарияланатынын ерекше атап өтті. "18 адамның барлығы өзіміздің азаматтар, әр өңірдің тұрғындары. Олардың ішінде азаматтық белсенділер де, қарапайым адамдар да, лауазымды тұлғалар да бар. Лауазымды тұлғалар туралы айтсақ, ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі қылмыстық топтардың кураторын атап өтуге болады", - деп атап көрсетті ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30336830_214:0:2435:1666_1920x0_80_0_0_75d8eddd62a53c08b35d12ef454f64e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар, тәртіпсіздік
Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді 18 адам ұйымдастырды
14:07 05.01.2023 (жаңартылды: 14:28 05.01.2023) АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер үшін кімдер жауапқа тартылғанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 271-бабының 1-тармағы, яғни, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін барлығы 18 адам жауапқа тартылып отыр.
"13 адамға қатысты іс сотқа жіберілді, ал 5 адамның ісі әлі тергеліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеуге қатысты ақпаратты жариялауға болмайды. Сондықтан олардың аты-жөнін айта алмаймыз", - деді Ожаров мәжілісте өткен брифингте.
Осы орайда прокурор ұйымдастырушылардың кінәсі дәлелденген жағдайда ғана аты-жөні жарияланатынын ерекше атап өтті.
"18 адамның барлығы өзіміздің азаматтар, әр өңірдің тұрғындары. Олардың ішінде азаматтық белсенділер де, қарапайым адамдар да, лауазымды тұлғалар да бар. Лауазымды тұлғалар туралы айтсақ, ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі қылмыстық топтардың кураторын атап өтуге болады", - деп атап көрсетті ол.