Қаңтар оқиғасы кезінде адамның басы кесілді деген ақпарат расталмады - бас прокурор

Массовые беспорядки в Алматы, архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде адамның басын кесу фактісінің анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр жаппай тәртіпсіздік кезінде бір адамның басын кесіп тастады деген ақпарат тараған. Бас прокурор оны жоққа шығарды.
"Тәртіпсіздіктер 4 қаңтардан 5-не қараған түні басталды. 8 бірдей қалада ғимараттар өрттенді. Түрлі ақпарат тарады, соның ішінде жалған мәліметтер де болды. Біз кесілген бас туралы ақпаратты тексердік, ондай жағдай анықталмады", - деді Асылов мәжілісте өткен брифингте.
Оның айтуынша, осы ақпарат аясында жан-жақты тексеріс жүргізілді. Бірақ басы кесілген адам анықталмады.
Жаңалықтар
0