https://sputnik.kz/20230105/aqmola-oblysynda-shangy-tepken-zhasospirim-qaytys-boldy-30883699.html
Ақмола облысында шаңғы тепкен жасөспірім қайтыс болды
Ақмола облысында шаңғы тепкен жасөспірім қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Зеренді ауданында орналасқан шаңғы базасында қайғылы жағдай болды. Астана қаласының 16 жастағы тұрғыны ағашқа соғылып, көз жұмды... 05.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-05T18:15+0500
2023-01-05T18:15+0500
2023-08-09T10:03+0500
ақмола облысы
шаңғы жарысы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/16/18953476_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_6289bdb021e294d5515ee42665e23679.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Зеренді ауданында орналасқан шаңғы базасында қайғылы жағдай болды. Астана қаласының 16 жастағы тұрғыны ағашқа соғылып, көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Зеренді аудандық полиция бөліміне шаңғы базасының басқарушысы хабарласып, Садовое ауылынан 10 шақырым шалғай жерде шаңғы жолағында кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғанын айтты. Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы аттанды. "Кәмелет жасқа толмаған баланың шаңғы базасына ата-анасымен бірге демалуға келгені анықталды. Жерде жатқан жас жігітті сонда демалған екі адам тапты. Ол шаңғы трассасымен төмен түскенде ағашқа соғылған. Сосын құлап, есін жимастан оқиға орнында қайтыс болды", - дейді прлицейлер. Қазіргі кезде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет немесе жұмыс орындау фактісі бойынша іс қозғалды. Ол үшін 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/16/18953476_171:0:2900:2047_1920x0_80_0_0_5ebb4f48fe5cda08135372ead5e91042.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, шаңғы жарысы
ақмола облысы, шаңғы жарысы
Ақмола облысында шаңғы тепкен жасөспірім қайтыс болды
18:15 05.01.2023 (жаңартылды: 10:03 09.08.2023) АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Зеренді ауданында орналасқан шаңғы базасында қайғылы жағдай болды. Астана қаласының 16 жастағы тұрғыны ағашқа соғылып, көз жұмды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Зеренді аудандық полиция бөліміне шаңғы базасының басқарушысы хабарласып, Садовое ауылынан 10 шақырым шалғай жерде шаңғы жолағында кәмелетке толмаған баланың қайтыс болғанын айтты.
Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы аттанды.
"Кәмелет жасқа толмаған баланың шаңғы базасына ата-анасымен бірге демалуға келгені анықталды. Жерде жатқан жас жігітті сонда демалған екі адам тапты. Ол шаңғы трассасымен төмен түскенде ағашқа соғылған. Сосын құлап, есін жимастан оқиға орнында қайтыс болды", - дейді прлицейлер.
Қазіргі кезде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет немесе жұмыс орындау фактісі бойынша іс қозғалды. Ол үшін 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.