Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Күдебаевтың соты басталды

© Sputnik / СтрингерЭкс-начальник департамента полиции Алматинской области Серик Кудебаев на предварительных слушаниях в суде в Талдыкоргане
Экс-начальник департамента полиции Алматинской области Серик Кудебаев на предварительных слушаниях в суде в Талдыкоргане - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 қаңтар - Sputnik. Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ісіне қатысты тыңдау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.
Күдебаевтың адвокаты сотқа өзінің қорғаушысының іс-әрекетінде қылмыс құрамы мен қылмыс оқиғасы жоқ, сол себепті қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірді.
"Сізден осы қылмыстық істі тоқтатуыңызды және генерал-майор Күдебаевты қызметке қайтаруыңызды сұраймын. Өйткені ол қауіпті салада төтенше жағдайларда өз борышын адал атқарды. Отанға жанқиярлықпен қызмет етті. Қазір жүздеген азаматтардың өмірін сақтап қалғаны үшін және наразылықты ушықтырмағаны үшін әділетсіз түрде қылмыстық жауапкершілікке тартылып отыр", - деді адвокат.
Серік Құдебаев "билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану" бабы бойынша сотқа тартылды.
Бүгін Мәжілісте 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалар туралы деректі фильм көрсетілді. Фильм кадрларында Күдебаевтың тәртіпсіздік кезінде өзіне сеніп тапсырылған департаментті тастап кетіп бара жатқаны көрсетіледі. Кейінірек бүлікшілер келіп, департамент ғимаратынан қару-жарақ арсеналын шығарып әкеткен.
Айта кетейік, Серік Құдебаев 2020 жылдан 2022 жылға дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып жұмыс істеген. Өткен сәуірде ол өз еркімен полициядан кеткені белгілі болды.
Жаңалықтар
0