Ахметжанов рақымшылыққа ілінген адамдардың санын жариялады

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов рақымшылыққа ілінген адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің есебіне сәйкес, 631 адамның ісі сотта қаралды. Соның ішінде 132 айыпталушы бас бостандығынан айырылды, ал қалған адамдар бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстарға тарту және айыппұл салу сияқты жазаны арқалады.
"Бүгінгі күні заңға сәйкес 980 тұлғаға рақымшылық жасалды. 76-сы қамаудан босатылды. Сотталған 904 адамның жаза мерзімі қысқартылды. Қазір өндірісте 36 қылмыстық іс бар", - деді Ахметжанов мәжілістің жалпы отырысында.
Бірқатар күдікті жәбірленушілерге келтірілген залалды өз еркімен өтеді. Татуласу фактілері де болды. Осыған байланысты қылмыстық істер тоқтатылды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2023
Бұрынғы қорғаныс министрі заңсыз бұйрық берген – Берік Асылов
Жаңалықтар
0