https://sputnik.kz/20230104/zhanatas-qalasy-zharyq-pen-zhylusyz-qaldy-30837234.html
Жаңатас қаласы жарық пен жылусыз қалды
Жаңатас қаласы жарық пен жылусыз қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының кей аумағында қатты боран соғып, салдарынан "Шахан" жылу тарату станциясы істен шықты, деп хабарлады облыс... 04.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-04T11:25+0500
2023-01-04T11:25+0500
2023-01-04T12:12+0500
жарық
жылу
https://sputnik.kz/img/07e7/01/04/30839586_0:292:1211:973_1920x0_80_0_0_3954097c430761cc1c7e0c10e9cf67dd.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының кей аумағында қатты боран соғып, салдарынан "Шахан" жылу тарату станциясы істен шықты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Желдің екпіні секундына 30 метрге жеткен. Бораннан Жаңатаста шамамен 20 электр бағанасы құлап, қала жылу мен жарықсыз қалды.Электр желілерін қалпына келтіру үшін Тараз қаласынан арнайы бригада жұмылдырылды.Қаратау қаласында да қалпына келтіру жұмыстары басталды.Айта кетері, бораннан Қаратау қаласында 8 көпқабатты үй мен "Игілік" КМК және қалалық әкімдік ғимаратының шатыры қираған болатын. Қалпына келтіру үшін 6 мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Тағы 6 компаниямен келіссөз жүргізіледі.Әкімдіктің айтуынша, "Игілік" орталықтандырылған жылыту қазандығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.4 қаңтар түнгі сағат 03:00-дегі ақпарат бойынша, қатты дауылдан 7 ғимарат зардап шекті."Сарысу ауданында орталық аурухана 4 генераторға қосылған. Ауыр науқастар жоқ. Қазіргі уақытта стационарда 40-қа жуық адам ем алып жатыр. Стационардағы балалар жақын маңдағы автономды жылыту амбулаториясына ауыстырылды", - дейді әкімдік.Жүкті әйелдерге арналған перзентханада жылытуға арналған арнайы құрылғылар қосылған.Жағдай тұрақталғаннан кейін қысқа мерзімде электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/04/30839586_0:65:1211:973_1920x0_80_0_0_abf638b8a0fb537969db190a9215d0da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жарық, жылу
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының кей аумағында қатты боран соғып, салдарынан "Шахан" жылу тарату станциясы істен шықты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Желдің екпіні секундына 30 метрге жеткен. Бораннан Жаңатаста шамамен 20 электр бағанасы құлап, қала жылу мен жарықсыз қалды.
Электр желілерін қалпына келтіру үшін Тараз қаласынан арнайы бригада жұмылдырылды.
Қаратау қаласында да қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Айта кетері, бораннан Қаратау қаласында 8 көпқабатты үй мен "Игілік" КМК және қалалық әкімдік ғимаратының шатыры қираған болатын. Қалпына келтіру үшін 6 мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Тағы 6 компаниямен келіссөз жүргізіледі.
"Қазіргі кезде аудандық электр жүйесі мемемесінің 21 адамнан және 7 техникадан құралған 4 бригадасы Қаратау қаласы бойынша электр желілерін қалпына келтіріп жатыр. Көпқабатты және жеке үйлердегі электр желілері де реттелуде", - деп мәлімдеді Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің айтуынша, "Игілік" орталықтандырылған жылыту қазандығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
4 қаңтар түнгі сағат 03:00-дегі ақпарат бойынша, қатты дауылдан 7 ғимарат зардап шекті.
"Сарысу ауданында орталық аурухана 4 генераторға қосылған. Ауыр науқастар жоқ. Қазіргі уақытта стационарда 40-қа жуық адам ем алып жатыр. Стационардағы балалар жақын маңдағы автономды жылыту амбулаториясына ауыстырылды", - дейді әкімдік.
Жүкті әйелдерге арналған перзентханада жылытуға арналған арнайы құрылғылар қосылған.
Жағдай тұрақталғаннан кейін қысқа мерзімде электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.