Жаңа жыл қарсаңында үйі жанып кеткен отбасы баспаналы болды

© Photo : CC0 / Felix WolfАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары көпбалалы отбасыға жаңа үй алып берді. Олардың баспанасы тура жаңа жыл қарсаңында жанып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
29 желтоқсанда Есіл ауданының Николаевка ауылында жекеменшік үй жанып кетті. Отағасы үш қызын және мүгедек атасын далаға шығарып үлгерді. Ал келіншегі ол күні перзентханада болған.
Өрт жекеменшік үйден гараж бен моншаға өткен. Соның салдарынан үй, гараж бен ішінде тұрған Renault Duster толығымен жанып кетті. Жалпы, тілсіз жау 140 шаршы шақырымға шарпыды. Оны үш сағаттың ішінде өшірген. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталды, электр сымдары тұйықталған.
Әлеуметтік желіде үйі жанып кеткен отбасының туыстары осы оқиғаның қалай болғанын жазды. Көпбалалы Жуковтар әулеті баспанасыз қалды.
"29 желтоқсанда түнгі сағат 12-де Евгений Маринаны перзентханаға апарған. Үйге таңғы 5-те келген. Женя ұйықтап бара жатқанда түтіннің иісін сезген. Дәлізге шыққанда өртті көреді. Абырой болғанда үш қызын және мүгедек атасын басқа есік арқылы шығарып үлгеріпті. Қыздарын көршілердің үйіне апарып келгенше өрт күшейіп кеткен. Өкінішке қарай, ешқандай мүлік қалмады", - деп жазды туыстары.
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары қысқа уақыттың ішінде Жуковтар әулетіне ақша жинап берді. Осылайша көпбалалы отбасы өз ақшасын және халық жинап берген қаржыға жаңа үй сатып алды. Оған 2 қаңтарда кірді.
"Біз қиын жағдайға тап болдық, баспанасыз қалдық. Отбасымның атынан барлығына алғыс айтамын. Адамдар заттай да, ақшалай да көмек беріп жатыр. Ризамыз. Онсыз қиын болатын еді. Барлығына мың алғыс!", – дейді отағасы.
Жаңалықтар
0