https://sputnik.kz/20230104/ten-zhagdayda-otpegen-zhekpe-zhek-ufc-basshysy-uayt-tungi-klubta-ayelimen-tobelesti-30829765.html
Тең жағдайда өтпеген жекпе-жек: UFC басшысы Уайт түнгі клубта әйелімен төбелесті
Тең жағдайда өтпеген жекпе-жек: UFC басшысы Уайт түнгі клубта әйелімен төбелесті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) басшысы Дэйна Уайт Жаңа жыл мерекесінде әйелі Энмен төбелесті, деп хабарлады РИА Новости. 04.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-04T07:48+0500
2023-01-04T07:48+0500
2023-01-04T07:48+0500
ufc
төбелес
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30824150_0:0:3109:1748_1920x0_80_0_0_d4132f628e3247496fb848d7f6d82eb8.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) басшысы Дэйна Уайт Жаңа жыл мерекесінде әйелі Энмен төбелесті, деп хабарлады РИА Новости.Оқиға Мексикадағы түнгі клубта болған. Жұп VIP аймақта Жаңа жыл мерекесін тойлаған. Уайт жұбайына бірдеңе айту үшін еңкейген сәтте әйелі оған қол жұмсаған. UFC басшысы да қарап қалмады. Уайт әйелі екеуі қатты мас болғанын мәлімдеді.Промоушен президенті жағдайды өте ыңғайсыз, әрі оның отбасы үшін ұятты жағдай екенін жеткізді. Уайт сонымен есін білмейтінін және не болғанын түсіндіре алмайтынын атап өтті.Әйелінің айтуынша, олар бір-бірінен кешірім сұраған."Дэйна екеуміздің үйленгенімізге 30 жылға жуық уақыт болды. Бұрын мұндай ештеңе болған емес. Өкінішке қарай, екеуміз де жаңа жыл қарсаңында мас болдық және кінә екі жақтан да болды. Біз мұны отбасы ретінде талқылап, бір-бірімізден кешірім сұрадық", - деді Энн Уайт.Ол балалары үшін олардың жеке өмірін құрметтеуді өтінді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30824150_188:0:2917:2047_1920x0_80_0_0_55fee429cf0ac28d716b5ed9a5939131.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ufc, төбелес
Тең жағдайда өтпеген жекпе-жек: UFC басшысы Уайт түнгі клубта әйелімен төбелесті
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) басшысы Дэйна Уайт Жаңа жыл мерекесінде әйелі Энмен төбелесті, деп хабарлады
РИА Новости. Оқиға Мексикадағы түнгі клубта болған. Жұп VIP аймақта Жаңа жыл мерекесін тойлаған. Уайт жұбайына бірдеңе айту үшін еңкейген сәтте әйелі оған қол жұмсаған. UFC басшысы да қарап қалмады. Уайт әйелі екеуі қатты мас болғанын мәлімдеді.
"Мен әйелін ұрған адамның ешқашан ақтала алмайтынын айтатын еркектердің қатарынанмын. Бүгін сол туралы өзім айтып отырмын", - деді Уайт.
Промоушен президенті жағдайды өте ыңғайсыз, әрі оның отбасы үшін ұятты жағдай екенін жеткізді. Уайт сонымен есін білмейтінін және не болғанын түсіндіре алмайтынын атап өтті.
Әйелінің айтуынша, олар бір-бірінен кешірім сұраған.
"Дэйна екеуміздің үйленгенімізге 30 жылға жуық уақыт болды. Бұрын мұндай ештеңе болған емес. Өкінішке қарай, екеуміз де жаңа жыл қарсаңында мас болдық және кінә екі жақтан да болды. Біз мұны отбасы ретінде талқылап, бір-бірімізден кешірім сұрадық", - деді Энн Уайт.
Ол балалары үшін олардың жеке өмірін құрметтеуді өтінді.