https://sputnik.kz/20230104/ridder-zhylu-elektr-ortalygynda-tagy-apat-boldy-30859599.html
Риддер жылу электр орталығында тағы апат болды
Риддер жылу электр орталығында тағы апат болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал... 04.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-04T21:44+0500
2023-01-04T21:44+0500
2023-01-04T21:44+0500
риддер
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/06/30060818_0:0:3640:2047_1920x0_80_0_0_d41ee2003f88f9091b822adfd0728a7a.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Оның айтуынша, Риддердегі жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болған. Оның айтуынша, 4 мотопомпа, 4 суасты сорғы іске қосылды.Төтенше жағдай жөніндегі штабтың ақпаратына сәйкес, 3-4 сағат ішінде апат салдары жойылады."Риддер тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл жағдай орталықтың жұмысына әсер етпейді. Резервтік жабдық қосылған. ЖЭО-дан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары апаттық себептерін анықтап жатыр", - деді облыс әкімі.
риддер
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/06/30060818_456:0:3185:2047_1920x0_80_0_0_6bce1679b8e4fab4c9e4e1086ee7d5f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
риддер, жылу электр орталығы
риддер, жылу электр орталығы
Риддер жылу электр орталығында тағы апат болды
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі
парақшасында жазды.
Оның айтуынша, Риддердегі жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болған.
"Сол кезде мердігер ұйымдардың қызметкерлері мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірген еді. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай тағы қайталанды. Қазір багер станциясында апатты жою жұмыстары жүргізілуде", - дейді Ахметов.
Оның айтуынша, 4 мотопомпа, 4 суасты сорғы іске қосылды.Төтенше жағдай жөніндегі штабтың ақпаратына сәйкес, 3-4 сағат ішінде апат салдары жойылады.
"Риддер тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл жағдай орталықтың жұмысына әсер етпейді. Резервтік жабдық қосылған. ЖЭО-дан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары апаттық себептерін анықтап жатыр", - деді облыс әкімі.