https://sputnik.kz/20230104/qazaqstannyn-qay-onirde-azyq-tulik-en-qymbat-30854790.html
Қазақстанның қай өңірінде азық-түлік ең қымбат
Қазақстанның қай өңірінде азық-түлік ең қымбат
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда азық-түлік инфляциясы бәсеңдемей тұр. Тауарлардың бағасы тағы өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика... 04.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-04T15:59+0500
2023-01-04T15:59+0500
2023-08-10T17:15+0500
баға
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/1307/51/13075130_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_5607f05da8fd1398ff0b2cc94a4a42de.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда азық-түлік инфляциясы бәсеңдемей тұр. Тауарлардың бағасы тағы өсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. Өткен жылдың соңғы айында қияр 35,6%-ке, қызанақ 14,6%-ке, тәтті бұрыш 8,4%-ке, пияз 7,9%-ке, қызылша 3,8%-ке қымбаттады. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде техниканың бағасы айтарлықтай өсті. Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай мен Жамбыл облыстарында тіркелді, әрқайсысында 1,9 процент. Бұл орташа деңгейден 0,7 процентке артық болып тұр. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан (1,8%), Түркістан (1,6%), Атырау (1,5%), Солтүстік Қазақстан (1,4%) пен Жетісу (1,4) баға жоғары, ла ең төмен бағалар Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында (0,7%) тіркелген. Бұдан бөлек, азық-түлікке жатпайтын тауарлар да қымбаттап отыр. Мәселен, 2022 жылдың қарашасымен салыстырғанда сымсыз құлаққаптар – 7,7%-ке, планшет – 6,3%-ке, электрлі жылытқыштар – 6,1%-ке, ноутбук – 3,7%-ке, сондай-ақ, ыдыс жууға арналған құралдардың бағасы 4,5%-ке, кір жуғыш ұнтақтікі 4%-ке қымбаттады. Ал құмшекер (3,8%) мен лимон (0,9%) арзандады. Дегенмен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 20,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4%-ке, ақылы қызметтер 14,1%-ке өсті. 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда шақпақ қант 92,7%-ке, кір сабын 87,6%-ке, кеңсе тауарлары 70,3%-ке қымбаттады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1307/51/13075130_114:0:1935:1366_1920x0_80_0_0_5ca6aba82302b34669c84da743ebf8ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баға, азық-түлік
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда азық-түлік инфляциясы бәсеңдемей тұр. Тауарлардың бағасы тағы өсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өткен жылдың соңғы айында қияр 35,6%-ке, қызанақ 14,6%-ке, тәтті бұрыш 8,4%-ке, пияз 7,9%-ке, қызылша 3,8%-ке қымбаттады. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде техниканың бағасы айтарлықтай өсті. Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай мен Жамбыл облыстарында тіркелді, әрқайсысында 1,9 процент. Бұл орташа деңгейден 0,7 процентке артық болып тұр.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан (1,8%), Түркістан (1,6%), Атырау (1,5%), Солтүстік Қазақстан (1,4%) пен Жетісу (1,4) баға жоғары, ла ең төмен бағалар Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында (0,7%) тіркелген. Бұдан бөлек, азық-түлікке жатпайтын тауарлар да қымбаттап отыр. Мәселен, 2022 жылдың қарашасымен салыстырғанда сымсыз құлаққаптар – 7,7%-ке, планшет – 6,3%-ке, электрлі жылытқыштар – 6,1%-ке, ноутбук – 3,7%-ке, сондай-ақ, ыдыс жууға арналған құралдардың бағасы 4,5%-ке, кір жуғыш ұнтақтікі 4%-ке қымбаттады.
Ал құмшекер (3,8%) мен лимон (0,9%) арзандады. Дегенмен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 20,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4%-ке, ақылы қызметтер 14,1%-ке өсті. 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда шақпақ қант 92,7%-ке, кір сабын 87,6%-ке, кеңсе тауарлары 70,3%-ке қымбаттады.