Қазақстан IBA рейтингінде бірінші орынды иеленді

© Sputnik / Владислав ВодневБокс қолғабы
Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін жаңартты.
Қазақстан 48100 ұпаймен бірінші орынға жайғасты. Екінші орынды Өзбекстан (37600), үшінші орынды Үндістан (36300) иеленді. Алғашқы бестікті АҚШ пен Түркия түйіндеп тұр.
IBA сайтында қазақстандық Сәкен Нұрлан, Сапарбай Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрбек пен Айбек Оралбай, Серік Теміржанов, Сағындық Тоғамбай, Асланбек Шымбергеновтың және тағы басқа боксшылардың аты аталған.
Тізімдегі соңғы орындарда Солтүстік Македония (100 ұпай), Шри-Ланка (100) және Исландия (50) тұр. Рейтингіге барлығы 135 мемлекет енген.
ТМД елдерінен Украина 12-ші, Армения 14-ші, Ресей 15-ші, Қырғызстан 38-ші орында.
IBA рейтингі барлық 17 салмақ дәрежесін қамтиды.
Жаңалықтар
0