https://sputnik.kz/20230104/peleni-zherleu-rasimine-230-mynnan-astam-adam-keldi-30847447.html
Пелені жерлеу рәсіміне 230 мыңнан астам адам келді
Пелені жерлеу рәсіміне 230 мыңнан астам адам келді
Sputnik Қазақстан
Әлемдік футбол королімен қоштасу Сантос қаласындағы стадионда болды 04.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-04T14:47+0500
2023-01-04T14:47+0500
2023-01-04T14:47+0500
әлем
футболшы
қоштасу рәсімі
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30816035_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_fce4026a0ee8316c6abf18f747bc7a3f.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Сан-Паулуның әкімшілік аймағындағы Сантос қалалық стадионында үш дүркін әлем чемпионы Пелемен қоштасуға 230 мыңнан астам адам келді, деп хабарлады BBC. Пеле футболдағы алғашқы қадамын осы стадионнан бастаған. Пеленің өзі дәл осы қалада, Сантос стадионы көрінетін шағын жеке зиратта жерленгісі келген. Футбол королінің соңғы тілегі орындалып, айтқан зиратына жерленді. Пелемен қоштасу екі күн бойы "Сантос" стадионында өтті, осы уақыт ішінде стадионға 230 мыңнан астам адам келді. Пелемен хоштасуға жаңадан сайланған ел президенті Лула да Силва келді. Мемлекет басшысы келгеннен кейін стадионда еске алу кеші өтті. Соңғы сапарға шығарып салушылар Пеленің табытын Сантос қаласының көшелерімен алып жүрді. Марқұм сұрағандай, өте қарапайым шеру қаланың көшелерімен жүріп, Пеленің үйінің жанынан өтті. Қазір онда аңыз адамның 100 жастағы анасы Селесте Арентес тұрады. Пеле 2022 жылы 29 желтоқсанда ұзақ аурудан кейін 82 жасында қайтыс болды. Ол қатерлі ісік дертіне шалдыққан болатын. Пеленің отбасы Сантостан ұлы футболшы осы клубта ойнаған 10-шы нөмірді біржола бекітуді және оны басқа ойыншыларға бермеуді сұрады. Клуб бұл өтінішті қарастырады. Жуырда ФИФА барлық елдерге стадионның атын Пеленің құрметіне атауды ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/03/30816035_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_be0ae4dba3228300d9d10f989e2bf40f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футболшы, қоштасу рәсімі
Пелені жерлеу рәсіміне 230 мыңнан астам адам келді
Әлемдік футбол королімен қоштасу Сантос қаласындағы стадионда болды
АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Сан-Паулуның әкімшілік аймағындағы Сантос қалалық стадионында үш дүркін әлем чемпионы Пелемен қоштасуға 230 мыңнан астам адам келді, деп хабарлады BBC.
Пеле футболдағы алғашқы қадамын осы стадионнан бастаған. Пеленің өзі дәл осы қалада, Сантос стадионы көрінетін шағын жеке зиратта жерленгісі келген. Футбол королінің соңғы тілегі орындалып, айтқан зиратына жерленді.
Пелемен қоштасу екі күн бойы "Сантос" стадионында өтті, осы уақыт ішінде стадионға 230 мыңнан астам адам келді. Пелемен хоштасуға жаңадан сайланған ел президенті Лула да Силва келді. Мемлекет басшысы келгеннен кейін стадионда еске алу кеші өтті. Соңғы сапарға шығарып салушылар Пеленің табытын Сантос қаласының көшелерімен алып жүрді.
Марқұм сұрағандай, өте қарапайым шеру қаланың көшелерімен жүріп, Пеленің үйінің жанынан өтті. Қазір онда аңыз адамның 100 жастағы анасы Селесте Арентес тұрады. Пеле 2022 жылы 29 желтоқсанда ұзақ аурудан кейін 82 жасында қайтыс болды. Ол қатерлі ісік дертіне шалдыққан болатын.
Пеленің отбасы Сантостан ұлы футболшы осы клубта ойнаған 10-шы нөмірді біржола бекітуді және оны басқа ойыншыларға бермеуді сұрады. Клуб бұл өтінішті қарастырады. Жуырда ФИФА барлық елдерге стадионның атын Пеленің құрметіне атауды ұсынды.