https://sputnik.kz/20230104/oralda-kasipkerdi-qatygezdikpen-oltirip-ketti-is-sotqa-berildi-30841856.html
Оралда кәсіпкерді қатыгездікпен өлтіріп кетті: іс сотқа берілді
Оралда кәсіпкерді қатыгездікпен өлтіріп кетті: іс сотқа берілді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Оралда кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкерге қатысты іс бес айдан соң сотқа жіберілді, деп хабарлады "Мой город" порталы. 04.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-04T13:10+0500
2023-01-04T13:10+0500
2023-01-04T13:10+0500
кәсіпкер
орал
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_aaca1228d89da4aa26e959355c20f58d.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Оралда кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкерге қатысты іс бес айдан соң сотқа жіберілді, деп хабарлады "Мой город" порталы.Кәсіпкер Еркін Мұқанғалиев өткен жылы 6 тамызда көз жұмды. Оның денесі көптеген пышақ жарақатымен П. Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылған болатын.Кәсіпкер мен тағы екі адамның кафеде отырғаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Олардың арасында жанжал болып, еркектердің бірі Еркін Мұқанғалиевке пышақ жұмсаған. Кәсіпкер қылмыскерлерден қашуға тырысады, алайда олар Мұханғалиевті қуып жеткен.Полиция екі күдіктіге – 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге іздеу жариялады. Алдын ала мәлімет боынша қайғылы оқиғаға кәсіпкердің жұмысшы ақысын бермеуі себеп болуы мүмкін.Күдіктілер 8 тамызда "Көктем" саяжайында ұсталды. Олар полицияға еш қарсылық көрсетпестен берілген.Қылмысты іс ішкі істер министрлігінің бақылауында болған. Күдіктілерге 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза кесілуі мүмкін.Қылмыстық іс бес ай тергеліп, 30 желтоқсанда сотқа берілді. Ол судья Шара Зайнуллинаның төрағалығымен мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта қаралады. Соттағы алдын ала тыңдау күні әлі белгіленген жоқ.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/14/33/143363_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_d6ec3f17a4a3d8b0278a54263bc52ac4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер, орал
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Оралда кісі қолынан қаза тапқан кәсіпкерге қатысты іс бес айдан соң сотқа жіберілді, деп хабарлады "
Мой город" порталы.
Кәсіпкер Еркін Мұқанғалиев өткен жылы 6 тамызда көз жұмды. Оның денесі көптеген пышақ жарақатымен П. Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылған болатын.
Кәсіпкер мен тағы екі адамның кафеде отырғаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Олардың арасында жанжал болып, еркектердің бірі Еркін Мұқанғалиевке пышақ жұмсаған. Кәсіпкер қылмыскерлерден қашуға тырысады, алайда олар Мұханғалиевті қуып жеткен.
Полиция екі күдіктіге – 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге іздеу жариялады. Алдын ала мәлімет боынша қайғылы оқиғаға кәсіпкердің жұмысшы ақысын бермеуі себеп болуы мүмкін.
Күдіктілер 8 тамызда "Көктем" саяжайында ұсталды. Олар полицияға еш қарсылық көрсетпестен берілген.
Қылмысты іс ішкі істер министрлігінің бақылауында болған. Күдіктілерге 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза кесілуі мүмкін.
Қылмыстық іс бес ай тергеліп, 30 желтоқсанда сотқа берілді. Ол судья Шара Зайнуллинаның төрағалығымен мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта қаралады. Соттағы алдын ала тыңдау күні әлі белгіленген жоқ.