https://sputnik.kz/20230104/esqaraev-adilet-ministri-lauazymyna-tagayyndaldy-30835914.html
Әділет министрі ауысты
Әділет министрі ауысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Азамат Есқараев Қазақстанның әділет министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда. 04.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-04T10:40+0500
2023-01-04T10:40+0500
2023-01-04T10:59+0500
тағайындау
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_231:547:2900:2048_1920x0_80_0_0_a82a95a6da89e9b2fcd1b169c7fa16b1.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Азамат Есқараев Қазақстанның әділет министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.Еске сала кетейік, 30 желтоқсанда мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Мусин әділет министрі лауазымынан босатылған еді. Ол мәжілістің жалпы отырысында конституциялық сот судьясы қызметіне тағайындалды.Азамат Есқараевтың еңбек жолыАзамат Несіпбайұлы Есқараев 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған. Ал 2000 жылы әділет министрлігіне заңнама департаментінің бас маманы болып келді. Үш жылдан кейін бөлім басшысы, көп ұзамай, басқарма басшысы болды.Екі жылдай заңға тәуелді актілер департаментінде бөлімді басқарды. 2005 жылы қайтадан Алматы қаласына ауысып, әкімдіктің бас инспекторы қызметін атқарды.2006 жылы "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-да бір жылдай жұмыс істеді. Ал 2007 жылы әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы болды.Бір жылдай әділет министрінің көмекшісі болғаннан кейін талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.2009 жылы заңнама департаментінің директоры болды. 2014 жылы премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2019 жылы маусым айынан бастап бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/08/16736688_569:552:2564:2048_1920x0_80_0_0_f8046b50b541a39b1fb1d3444d0ba45a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тағайындау
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Азамат Есқараев Қазақстанның әділет министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
Еске сала кетейік, 30 желтоқсанда мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Мусин әділет министрі лауазымынан босатылған еді. Ол мәжілістің жалпы отырысында конституциялық сот судьясы қызметіне тағайындалды.
Азамат Есқараевтың еңбек жолы
Азамат Несіпбайұлы Есқараев 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған. Ал 2000 жылы әділет министрлігіне заңнама департаментінің бас маманы болып келді. Үш жылдан кейін бөлім басшысы, көп ұзамай, басқарма басшысы болды.
Екі жылдай заңға тәуелді актілер департаментінде бөлімді басқарды. 2005 жылы қайтадан Алматы қаласына ауысып, әкімдіктің бас инспекторы қызметін атқарды.
2006 жылы "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-да бір жылдай жұмыс істеді. Ал 2007 жылы әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы болды.
Бір жылдай әділет министрінің көмекшісі болғаннан кейін талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.
2009 жылы заңнама департаментінің директоры болды. 2014 жылы премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2019 жылы маусым айынан бастап бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.