https://sputnik.kz/20230104/eldegi-zholdardyn-65-uchaskesi-zhabyq-30855037.html
Елдегі республикалық маңызы бар жолдың 34-і жабық
Елдегі республикалық маңызы бар жолдың 34-і жабық
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты 7 өңірде 34 республикалық маңыздағы тасжол учаскесі жабық. 04.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-04T16:49+0500
2023-01-04T16:49+0500
2023-01-04T17:13+0500
боран
жол
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16201073_0:0:1000:563_1920x0_80_0_0_46d16a0dac20135264eb42c7dd282994.jpg
АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты 7 өңірде 34 республикалық маңыздағы тасжол учаскесі жабық.Ақмола өңірінде “Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау” тасжолының Қабанбай батыр ауылы мен Қарағанда өңірі шекарасы аралығы жабық тұр. Жетісу өңірінде “Үшарал-Достық” күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығы жабық. Сонымен қатар, “Алматы-Өскемен” тасжолының Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан өңірі аралығы жабылды. Шығыс Қазақстан өңірінде 15 жол учаскесі жабылды. Олардың қатарында Омбы-Майкапшағай, Семей-Қайнар, Алматы-Өскемен, Таскескен-Бахты тасжолдары бар. Жамбыл өңірінде "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолының Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралығы жабылды.Қарағанды өңірінде тоғыз күре жолдың учаскелері әлі де жабық тұр. Шектеу Қарағанды мен Балқаш арасында, Ақмало өңірінің шекарасынан Теміртау қаласынк дейінгі аралықта, Қарағанды мен Павлодар арасында,Бастау ауылы мен Теміртау арасында енгізілді.Қостанай өңірінде Ұлытау өңірінің шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралық жабық тұр.Павлодар өңірінде Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралық, Қалқаман ауылынан Қарағанды өңірінің шекарасына дейінгі аралық, Кенжекөл ауылынан Абай өңірінің шекарасына дейінгі аралық, Ақсу қаласынан Абай өңірі шекарасына дейінгі аралығы жабық.Соңғы тәулікте 725 адам қар құрсауынан құтқарылды, оның 137-сі бала. Ал омбы қарда қалған 124 көлік шығарылды. Автожолдардың жабық учаскелерінде 769 уақытша жылыту пункттері дайындалды, жолда қалған жолаушыдарды эвакуациялау үшін 200 бірлік техника дайын тұр. Қазіргі уақытта уақытша жылыту пункттерінде 202 адам, оның ішінде 16 бала бар. Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 4163 адам және 1343 бірлік техника жұмылдырылды. Жолдарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/03/16201073_81:0:920:629_1920x0_80_0_0_e03f722afac8f38c7b8b0f9006b2e9c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
боран, жол
АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Ауа райының нашарлауына байланысты 7 өңірде 34 республикалық маңыздағы тасжол учаскесі жабық.
Ақмола өңірінде “Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау” тасжолының Қабанбай батыр ауылы мен Қарағанда өңірі шекарасы аралығы жабық тұр.
Жетісу өңірінде “Үшарал-Достық” күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығы жабық.
Сонымен қатар, “Алматы-Өскемен” тасжолының Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан өңірі аралығы жабылды. Шығыс Қазақстан өңірінде 15 жол учаскесі жабылды. Олардың қатарында Омбы-Майкапшағай, Семей-Қайнар, Алматы-Өскемен, Таскескен-Бахты тасжолдары бар.
Жамбыл өңірінде "Алматы-Ташкент-Термез" тасжолының Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралығы жабылды.Қарағанды өңірінде тоғыз күре жолдың учаскелері әлі де жабық тұр.
Шектеу Қарағанды мен Балқаш арасында, Ақмало өңірінің шекарасынан Теміртау қаласынк дейінгі аралықта, Қарағанды мен Павлодар арасында,Бастау ауылы мен Теміртау арасында енгізілді.
Қостанай өңірінде Ұлытау өңірінің шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі аралық жабық тұр.Павлодар өңірінде Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі аралық, Қалқаман ауылынан Қарағанды өңірінің шекарасына дейінгі аралық, Кенжекөл ауылынан Абай өңірінің шекарасына дейінгі аралық, Ақсу қаласынан Абай өңірі шекарасына дейінгі аралығы жабық.
Соңғы тәулікте 725 адам қар құрсауынан құтқарылды, оның 137-сі бала. Ал омбы қарда қалған 124 көлік шығарылды.
Автожолдардың жабық учаскелерінде 769 уақытша жылыту пункттері дайындалды, жолда қалған жолаушыдарды эвакуациялау үшін 200 бірлік техника дайын тұр. Қазіргі уақытта уақытша жылыту пункттерінде 202 адам, оның ішінде 16 бала бар. Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 4163 адам және 1343 бірлік техника жұмылдырылды. Жолдарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр.