Әлихан Смайылов бес министрліктің ұжымына жаңа басшыларды таныстырды

© PhotoПремьер-министр Казахстана Алихан Смаилов провел переговоры с заместителями премьер-министра Узбекистана Жамшидом Ходжаевым и Журабеком Мирзамахмудовым, прибывшими в Астану с рабочей поездкой
Премьер-министр Казахстана Алихан Смаилов провел переговоры с заместителями премьер-министра Узбекистана Жамшидом Ходжаевым и Журабеком Мирзамахмудовым, прибывшими в Астану с рабочей поездкой - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 қаңтар - Sputnik. Премьер-министрі Әлихан Смайылов индустрия және инфрақұрылымдық даму, экология және табиғи ресурстар, әділет, оқу-ағарту, мәдениет және спорт министрліктерінің ұжымдарына жаңа басшыларды таныстырды, деп хабарлайды премьер министрдің баспасөз қызметі.
Әлихан Смайылов Марат Қарабаевты таныстыра отырып, оның жаңа технологиялар, индустрия және инновациялық даму салаларында жұмыс тәжірибесі мол, өзін мақсатқа қол жеткізуде қажетті ресурстарды жұмылдыра алатын жоғары білікті маман ретінде көрсеткенін айтты.
"Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын және қосымша құны жоғары қайта өңдеу өнімдерін шығаруды ынталандыру, сондай-ақ индустрияның базалық салаларын, логистикалық әлеуетті және көлік инфрақұрылымын дамыту жөнінде маңызды міндеттерді белгіледі", — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар ол геологиялық саланы дамытуға және пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге инвестициялар тартуға ерекше назар аудару қажет екенін айтты. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымына Зүлфия Сүлейменованы таныстырған премьер-министр бұрынғы экологиялық мәселелерді, оның ішінде Арал теңізі мен Семей өңіріне қатысты мәселелерді шешу керектігін айтты.
Сондай-ақ су ресурстарын басқару және табиғат пен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі міндеттерге қол жеткізу бойынша жұмысты жандандыруы тиіс екенін атап өтті.
"Ірі кәсіпорындардың зиянды қалдықтарын кезең-кезеңмен төмендетуге қол жеткізу және оларды жаңа технологияларды енгізуге ынталандыру қажет, өйткені бұл азаматтарымыздың денсаулығына тікелей байланысты", — деді Әлихан Смайылов.
Әділет министрлігінің ұжымымен кездесуде премьер-министр жаңа басшы Азамат Есқараев пен ведомство қызметкерлері жақында қабылданған барлық заңдар бойынша заңға тәуелді актілерді әзірлеуді және осы мәселеде тиісті ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты.
Сондай-ақ жаңа министр нормативтік-құқықтық актілерді сараптау сапасын арттыру, жалпы сарапшылар қоғамдастығымен белсенді өзара іс-қимыл жасау және "модельдік" заңдар нысанында жаңа заңнамалық базаны қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
Ал оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың алдында тұрған басым міндеттер: "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын сапалы іске асыру, оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, саланы оқыту мен цифрландырудың озық әдістемелерін енгізу. Сонымен қатар мектепке дейінгі және мектептен тыс, кәсіптік білім беру жүйесін одан әрі дамыту қажет.
Әлихан Смайылов бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның басым міндеттері: Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу, республиканың халықаралық аренадағы беделін арттыру, сондай-ақ спортты дамыту тәсілдерін өзгерту.
Жаңалықтар
0