Air Astana рейстердің кешігетінін ескертті

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өту"Эйр Астана" ұшағы, архивтегі фото
Эйр Астана ұшағы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. "Air Astana" әуе компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты республика бойынша рейстердің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Компания рейс орындалмаған немесе кешіккен жағдайда заң бойынша әр 2 сағат сайын сусын, 4 сағаттан кейін ыстық тамақ берілетінін еске салды.
"Егер рейс күндіз сегіз сағаттан, түнде алты сағаттан артық кешігетін болса, тасымалдаушы компания жолаушыларды қонақүйге орналастырады және көлікпен қамтамасыз етеді", - дейді компания мамандары.
Ал тасымалдаушының кесірінен рейс он сағаттан астам уақытқа тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда жолаушының таңдауы бойынша келесі рейспен діттеген жеріне жеткізіледі немесе билеттің толық құны қайтарылады.
Рейс орындалмаған немесе кешіктірілген жағдайда airastana.com веб-сайтындағы төменгі оң жақ бұрыштағы онлайн-кеңесшілерге немесе +7 702 702 01 48 WhatsApp нөміріне, сондай-ақ рейстің тоқтатылуы мен кешігуіне байланысты ақшаны қайтару үшін help.airastana.com сайтындағы көмек орталығына хабарласуға болады. Жедел желінің телефоны: +7 7272 44 44 78.
Жаңалықтар
0