Жамбыл облысында жолда қалған 110 адам құтқарылды

© Photo : МЧС КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында жолда қалған 110 адам, оның ішінде 37 бала бір күнде құтқарылды.
Республикалық маңызы бар автожолдардың жабылуына байланысты ТЖД күштері жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету мақсатында патрульдеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
"3 қаңтарда Жамбыл облысы Жуалы ауданының Шақпақ асуында "Алматы-Термез-Ташкент" (574-587км) республикалық маңызы бар автожол учаскесінде құтқарушылар 110 адамды қар құрсауынан аман алып шықты, олардың 37-сі бала", - делінген хабарламада.
Жолаушылар М. Жұмабаев атындағы № 29 орта мектептегі жылыту пунктіне жеткізіліп, психологиялық көмек көрсетілді. Зардап шеккендер жоқ.
Құтқару жұмыстарына Жамбыл облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0