Қазақстанда қандай жолдар жабылды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуУборка снега на зимней трассе, архивное фото
Уборка снега на зимней трассе, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар жауып, боран соғып, жол көрінісінің шектелуіне байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда көлік қозғалысы жабылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.
Ақмола облысында Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолында Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Ауа райының нашарлауына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты сағат 08.00-ден бастап Екатеринбург – Алматы жолының Атбасар қаласынан Астанаға дейінгі 1003-1247 шақырым учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Сағат 02.30-дан бастап Жақсы – Есіл – Бұзылық тас жолының 0-82 шақырымы, Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Сағат 02.30-дан бастап Жезқазған – Петропавл тас жолының Қостанай шекарасынан Солтүстік Қазақстан облыстарының шекарасына дейінгі 377-595 шақырым учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Сағат 08.00-ден бастап Көкшетау – Атбасар тас жолында Зеренді ауылынан Атбасарға дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Сағат 09.40-тан бастап Щучье – Зеренді тас жолында елді мекендер арасындағы барлық 77 шақырым жолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Сағат 08.25-тен бастап Көкшетау – Атбасар тас жолында Көкшетаудан Зерендіге дейін көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тас жолының Белогорка ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі бөлігі жабылды.
Сондай-ақ Қарабұтақ – Комсомол – Денисовка – Рудный – Қостанай тас жолының Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскесі де жабылды.
Шығыс Қазақстан облысында сағат 09.20-дан бастап ауа райының нашарлауына (қатты жел, жол көрінісінің шектелуі) байланысты Өскемен – Семей тас жолының Герасимовка ауылынан (ШҚО) Семейге дейінгі 10-198 шақырым аралығындағы учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Сағат 09.20-дан бастап Алматы – Өскемен жолында Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов атындағы ауылға дейінгі учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Сағат 07.20-дан бастап Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнарлары тас жолының Ушановское ауылынан Серебрянскке дейінгі 6-66 шақырымдық бөлігінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Сағат 07.20-дан бастап Өскемен – Шемонаиха – Ресей Федерациясының шекарасы тас жолының Шемонаиха қаласынан Ресей шекарасына дейінгі 105-123 шақырым учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қостанай облысында Ақтөбе облысының шекарасынан Рудный қаласына дейінгі Қарабұтақ – Комсомол – Денисовка – Рудный – Қостанай, Денисовка ауылынан Ресей шекарасына дейінгі Денисовка – Жітіқара – Мықтыкөл, сондай-ақ Тобылдан Ақмола облысының шекарасына дейін Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тас жолдарында шектеу енгізілді.
Сонымен қатар, Жезқазған – Петропавл тас жолының Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі 340-377 шақырымында көлік қозғалысы жабылды.
Қызылорда облысында Самара – Шымкент тас жолының Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектелді.
Солтүстік Қазақстан облысында Жезқазған – Петропавл тас жолында Ақмола облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Ауа райының нашарлауына байланысты жол қызметтері барлық ауданда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мысалы, 31 желтоқсаннан бері көктайғаққа қарсы 2 мың текше метрге жуық материал пайдаланылды, деп атап өтті "ҚазАвтоЖол" мекемесіндегілер.
Жаңалықтар
0