https://sputnik.kz/20230103/politsiya-taldyqorganda-oqushynyn-urlangany-turaly-aqpartty-zhoqqa-shygardy-30823552.html
Полиция Талдықорғанда оқушының ұрланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Полиция Талдықорғанда оқушының ұрланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Полицейлер Талдықорғанда оқушының ұрланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Кәмелетке толмаған бала іздестіріліп, ата-анасына... 03.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-03T16:29+0500
2023-01-03T16:29+0500
2023-01-03T16:52+0500
оқушы
талдықорған
https://sputnik.kz/img/595/41/5954120_0:439:1280:1159_1920x0_80_0_0_5dd8e4216bb1e9cbc84c6eab1f63fbb1.jpg
АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Полицейлер Талдықорғанда оқушының ұрланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Кәмелетке толмаған бала іздестіріліп, ата-анасына қайтарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.15 жастағы жасөспірімнің ұрланғаны туралы хабарлама бір күн бұрын әлеуметтік желіде тараған. Ақпарат қала тұрғындары арасында дүрбелең тудырды, олар полициядан ұрланған оқушыны дереу іздеп табуды талап еткен.Пост кәмелетке толмаған жасөспірімнің фотосуретімен және "Менің ұлымды ұрлап кетті. Көмек сұраймын!" деген жазбамен жарияланған болатын.Облыстық полиция 2 қаңтарда 15 жастағы оқушының ұрланғаны туралы арыз түскенін растады. Бірақ ұрлау туралы ақпарат расталмаған. Оқушыны бір топ ересек адам күшпен алып кеткенін кәмелетке толмаған туысы айтқан. Кейін ол өз айғағын өзгерткен.Ақпаратты тексеру кезінде қалалық полиция қызметкерлері ауқымды іздеу іс-шарасын ұйымдастырды. Бірнеше тұрғын үй алабы қаралды, қаланың барлық салынып жатқан нысаны тексерілді және көшедегі бейнебақылау камералары қаралды."Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оқушының орналасқан жері анықталды. Кәмелетке толмаған бала Сарқан қаласындағы туыстарына барғаны белгілі болды. Кейіннен оны Талдықорғанға жеткізді. Қазіргі уақытта жасөспірім аман-есен, дене жарақаты жоқ, ата-анасының жанында", - деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/595/41/5954120_0:319:1280:1279_1920x0_80_0_0_360dfbffbb0c033a33d009c3de5ce157.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, талдықорған
АЛМАТЫ, 3 қаңтар – Sputnik. Полицейлер Талдықорғанда оқушының ұрланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Кәмелетке толмаған бала іздестіріліп, ата-анасына қайтарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
15 жастағы жасөспірімнің ұрланғаны туралы хабарлама бір күн бұрын әлеуметтік желіде тараған. Ақпарат қала тұрғындары арасында дүрбелең тудырды, олар полициядан ұрланған оқушыны дереу іздеп табуды талап еткен.
Пост кәмелетке толмаған жасөспірімнің фотосуретімен және "Менің ұлымды ұрлап кетті. Көмек сұраймын!" деген жазбамен жарияланған болатын.
Облыстық полиция 2 қаңтарда 15 жастағы оқушының ұрланғаны туралы арыз түскенін растады. Бірақ ұрлау туралы ақпарат расталмаған. Оқушыны бір топ ересек адам күшпен алып кеткенін кәмелетке толмаған туысы айтқан. Кейін ол өз айғағын өзгерткен.
Ақпаратты тексеру кезінде қалалық полиция қызметкерлері ауқымды іздеу іс-шарасын ұйымдастырды. Бірнеше тұрғын үй алабы қаралды, қаланың барлық салынып жатқан нысаны тексерілді және көшедегі бейнебақылау камералары қаралды.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында оқушының орналасқан жері анықталды. Кәмелетке толмаған бала Сарқан қаласындағы туыстарына барғаны белгілі болды. Кейіннен оны Талдықорғанға жеткізді. Қазіргі уақытта жасөспірім аман-есен, дене жарақаты жоқ, ата-анасының жанында", - деп хабарлады Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі.