https://sputnik.kz/20230103/erlan-qarin-2023-zhyly-qazaqstannyn-sayasi-kun-tartibi-qanday-bolatynyn-aytty-30820912.html
Ерлан Қарин 2023 жылдың саяси күн тәртібі қандай болатынын айтты
Ерлан Қарин 2023 жылдың саяси күн тәртібі қандай болатынын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. 2023 жылдың саяси күн тәртібі өткен 2022 жылғыдай президент белгілеген саяси реформалар бағдарымен анықталады, деп мәлімдеді... 03.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-03T13:37+0500
2023-01-03T13:37+0500
2023-01-03T13:40+0500
саясат
ерлан қарин
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0a/17301723_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_4818d1e5dff303c53bcf5686b551affd.jpg
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. 2023 жылдың саяси күн тәртібі өткен 2022 жылғыдай президент белгілеген саяси реформалар бағдарымен анықталады, деп мәлімдеді Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.Оның айтуынша, бұл ең алдымен ел Конституциясын жаңарту бойынша республикалық референдум нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды жалғастыруға қатысты болады.Ол 1 қаңтардан бастап сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесіне енгізілген бірқатар жаңа өзгерістер күшіне енгенін атап өтті."Бір мандатты округтер мен тиісті сайлау комиссияларын құру процесі басталып жатыр. Енді аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері өз өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын болады. Бұл сайлау рәсімдерінің сапасын арттырады", - деді мемлекеттік кеңесші.Қарин 2022 жылдың күзінде басталған жаңа сайлау циклінің жаңа жылда жалғасатынын айтты. 14 қаңтарда парламент сенаты депутаттарының сайлауы, одан кейін бірінші жартыжылдықта саяси жүйені кезең-кезеңімен қалпына келтіру жөніндегі президент жоспарына сәйкес, мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді."Алдағы сайлау науқаны мүлде жаңа ережелер мен нормалар бойынша өтеді. Сондай-ақ 2023 жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің тікелей сайлауы пилоттық режимде өтеді. Ауыл әкімдерінің корпусын жаңарту жалғасады. 350-ден астам ауыл, қала және ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланып отыр. Бұл сайлау мыңнан астам ауылдық елді мекенді қамтиды", - деп толықтырды ол.2023 жыл ішкі саяси оқиғалар қарқыны бойынша алдыңғы жылдан кем болмайды. Ең бастысы, президенттік жаңғырту бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жалғасып жатыр. Бұл 2023 жылға арналған саяси күн тәртібінің негізі болады, деп түйіндеді Ерлан Қарин.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0a/17301723_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_da5c2823112856cf9126f7ed421f28e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлан қарин
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. 2023 жылдың саяси күн тәртібі өткен 2022 жылғыдай президент белгілеген саяси реформалар бағдарымен анықталады, деп мәлімдеді Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, бұл ең алдымен ел Конституциясын жаңарту бойынша республикалық референдум нәтижелерін іс жүзінде іске асыруды жалғастыруға қатысты болады.
"Жыл басынан бастап мүлдем жаңа институт – Конституциялық сот өз жұмысын бастайды. Ол Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Бас прокуратураның жаңа конституциялық мәртебесімен және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі Омбудсменнің жаңа лауазымын құрумен қатар азаматтардың негізгі құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін қамтиды", - деп жазды Қарин әлеуметтік желіде.
Ол 1 қаңтардан бастап сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесіне енгізілген бірқатар жаңа өзгерістер күшіне енгенін атап өтті.
"Бір мандатты округтер мен тиісті сайлау комиссияларын құру процесі басталып жатыр. Енді аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері өз өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын болады. Бұл сайлау рәсімдерінің сапасын арттырады", - деді мемлекеттік кеңесші.
Қарин 2022 жылдың күзінде басталған жаңа сайлау циклінің жаңа жылда жалғасатынын айтты. 14 қаңтарда парламент сенаты депутаттарының сайлауы, одан кейін бірінші жартыжылдықта саяси жүйені кезең-кезеңімен қалпына келтіру жөніндегі президент жоспарына сәйкес, мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
"Алдағы сайлау науқаны мүлде жаңа ережелер мен нормалар бойынша өтеді. Сондай-ақ 2023 жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің тікелей сайлауы пилоттық режимде өтеді. Ауыл әкімдерінің корпусын жаңарту жалғасады. 350-ден астам ауыл, қала және ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланып отыр. Бұл сайлау мыңнан астам ауылдық елді мекенді қамтиды", - деп толықтырды ол.
2023 жыл ішкі саяси оқиғалар қарқыны бойынша алдыңғы жылдан кем болмайды. Ең бастысы, президенттік жаңғырту бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жалғасып жатыр. Бұл 2023 жылға арналған саяси күн тәртібінің негізі болады, деп түйіндеді Ерлан Қарин.