Екі күнде бір рет қатынайды: Алматы – Петропавл пойызы уақытша қысқарады

© пресс-служба АО "Пассажирские перевозки"Поезд зимой
Поезд зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. "Алматы-Петропавл" пойызы уақытша қысқарып, екі күн сайын қатынайтын болады.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылардың қауіпсіздігі үшін "Турист" класындағы төрт вагон (19, 20, 21, 22) жөндеу мерзімінде 105/106 "Алматы-2 – Петропавл" жолаушылар пойызынан уақытша шығарылатынын хабарлады.
"Алматыдан аттанатын пойызда 2023 жылғы 2-30 қаңтар аралығында – жұп санды күндерде, 1-5 ақпанда тақ санды күндерде, Петропавлдан аттанатын пойызда 2023 жылғы 3-31 қаңтар аралығында – тақ санды күндерде, 2-6 ақпан аралығында – жұп санды күндерде вагон қысқарады. Пойыз құрамынан шығарылған вагондарға билет сатып алған жолаушыларға басқа вагондардан орындар ұсынылады немесе билет құны толығымен қайтарылады", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ-дағылар.
Сонымен қатар, осы жылдың 6 ақпаны мен 6 наурызы аралығында бұл пойыздың жүру жиілігі уақытша өзгеріп, ол күнделікті емес, екі күн сайын жүретін болады. Алматы-2 теміржол бекетінен жұп санды күндер бойынша, Петропавлдан тақ санды күндер бойынша жүреді.
Пойыз уақытша жүрмейтін күндер мен вагондарға билет сатып алған жолаушыларға Темір жол көлігімен жолаушыларды, жүкті және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес билет құны толық қайтарылады.
Жаңалықтар
0