https://sputnik.kz/20230103/2023-zhyly-eldin-zhagdayy-ne-bolady--ekonomister-bolzham-zhasady-30622147.html
2023 жылы елдің жағдайы не болады – экономистер болжам жасады
2023 жылы елдің жағдайы не болады – экономистер болжам жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. 2023 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақының мөлшері тағы көтерілді. Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер де өседі. Алайда... 03.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-03T14:00+0500
2023-01-03T14:00+0500
2023-01-03T14:00+0500
инфляция
экономика
халық
баға
https://sputnik.kz/img/909/95/9099526_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_f7f1a0ca95c9b538cc263043abd779c9.jpg
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. 2023 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақының мөлшері тағы көтерілді. Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер де өседі. Алайда инфляция ол шаралардың тиімділігін жоққа шығаруы әбден мүмкін. Былтыр қымбатшылық рекордтық көрсеткішке жетті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 22,3 процентке қымбаттап кеткен. Ал 2023 жылы инфляция шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Sputnik Қазақстанға сұхбат берген экономистер биылғы жылы елдің жағдайы не болатынын айтты.Кедей адамдардың қатары көбейедіGSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халықтың айтуынша, инфляцияның шарықтау шегі кезінде қымбатшылық тағы күшейеді.Осылайша, халықтың нақты табысы бағаның өсуіне ілесе алмай тұр. Соның салдарынан елдің өмір сүру сапасы төмендейді, кедей адамдардың қатары көбейеді."Осындай жағдай болайын деп тұр. Оны (келесі жылы инфляцияның шарықтау шегі болатынын – авт.) алдын ала не үшін айтып жатқаны да түсінікті. Ал себебін, көбінесе, әлемде болып жатқан жағдайда келтіріп жатқандар бар. Бұл әлемдегі инфляция, бізде де солай дейді. Ол фактор да бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, шынын айту керек, бұл ішкі мәселеге байланысты болып отыр. Өзіміздің ақша-несие саясатын ұйымдастыруда және контрциклдық бюджет саясатын құруда үлкен қателіктер бар", - деп атап көрсетті Халық."Жағдай өзгермеуі мүмкін"Ал экономист Сапарбай Жұбаевтың ойынша, 2023 жылы үлкен қиыншылық болмайды."Сол былтырғы жағдай қалай болса, сондай болып қалуы мүмкін. 2022 жылы біз Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың салдарын көрдік. Инфляция күрт көтерілді, қант мәселесі, бидайға қатысты шектеулер болды. Содан ұн өнімдері қымбаттады. Осының бәрі бізге әсер етті. Биылғы жылы да өзгермеуі мүмкін", - деді Жұбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.Осы орайда сарапшы инфляцияға қатысты тағы маңызды бір мәселеге тоқталды. Былтыр ұлттық банк базалық мөлшерлемені бірнеше рет көтерді. Демек, кредиттердің ставкасы да өсті. Енді бизнесмендерге жоғары пайызбен алған кредитті қайтару керек. Олар тауардың бағасын түсірмейді, керісіше, көтере береді."Коммерциялық банктер кредитке беретін ақшаны ұлттық банктен алады ғой. Сосын депозиттердің мөлшермесін өтейді. Ал өндірістер мен кәсіпорындарға жоғары пайызбен қарызға береді. Сонда 2023 жылы баға кемінде 17 пайызға көбеюі керек, болмаса кәсіпкерлер кредитке алған ақшасын қайтара алмайды. Осы мәселе биылғы жылдың инфляция деңгейін белгілейді. Одан қашып құтыла алмаймыз", - деді сарапшы.Жаһандық рецессия басталса не болады?Жақында Дүниежүзілік банк 2023 жылы жаһандық рецессия басталуы мүмкін деген болжам жасады. Себебі әлем бойынша орталық банктер инфляцияны тежейміз деп, проценттік мөлшерлемені бір уақытта көтеріп жатыр. Ал жаһандық рецессия кезінде дамушы елдердің жағдайы қиындайды, экономиканың дамуы қатты тежеледі.Оның ойынша, үкімет барлық бастамасын іске асыра алса ғана инфляция деңгейін үш жылдың ішінде пандемияға дейінгі межеге түсіруге болады."Соңғы үш жылда экономика өспеді"Экономист Сапарбай Жұбаев пандемиядан бөлек қаңтар оқиғасы да ел экономикасына кері әсерін тигізді деп санайды."Соңғы үш жылда экономикамыз өспеді. 2019 жылы жеткен дәрежеміз 2020 жылы пандемия салдарынан 3,16 пайызға төменге түсті. Бірақ халқымыз 1,5 процентке көбейді. 2021 жылы біз төменге түсуімізді 2 пайызға көтеріп, сәл жақындатып қойып едік, 2022 жылдың басында қаңтар оқиғасы болды. Ол да кері әсерін тигізді. Биыл бар болғаны екі-ақ пайызға зорға өсіп жатырмыз. Сонда соңғы үш жылда халықтың саны 4,5 пайызға өсті, ал экономикамыз 2019 жылға әлі жеткен жоқ", - деп атап көрсетті Жұбаев.2023 жылы экономиканы кемінде 5-6 процентке көтеру керек. Ол үшін билік барлық уәдесін орындауы керек. Соның ішінде жемқорлықпен күрес пен шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару мәселесі де бар.Осы орайда экономист Қайырбек Арыстанбеков те былтырғы жағдай биыл сақталады дейді. Бірақ инфляция үкіметтің халықтың табысын көтеру саласындағы шаралардың тиімділігін жоққа шығаруы әбден мүмкін."Инфляцияны дұрыс бақылай алмағандықтан, мемлекеттік бюджет саясаты қамтитын бүкіл әлеуметтік жобаларға қауіп төніп тұр. Мысалы, жалақыны көтереді, жәрдемақыны өсіреді. Бірақ баға көтеріліп, қосып берген ақшасын инфляция "жеп қойып отырса", одан не пайда?", - дейді сарапшы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/909/95/9099526_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_ef2c363f2a9b895564b733d0e5840f2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
инфляция, халық, баға
АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. 2023 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақының мөлшері тағы көтерілді. Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер де өседі. Алайда инфляция ол шаралардың тиімділігін жоққа шығаруы әбден мүмкін. Былтыр қымбатшылық рекордтық көрсеткішке жетті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 22,3 процентке қымбаттап кеткен. Ал 2023 жылы инфляция шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар.
Sputnik Қазақстанға сұхбат берген экономистер биылғы жылы елдің жағдайы не болатынын айтты.
Кедей адамдардың қатары көбейеді
GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры, экономист Мақсат Халықтың айтуынша, инфляцияның шарықтау шегі кезінде қымбатшылық тағы күшейеді.
"Өткен жылдың соңында инфляция 20 проценттің үстінде тұрды. Бұл – бір жылдық инфляция. Ал биылғы жылы одан да жоғары болады деген сөз. Ол 2023 жылдың бірінші тоқсанында көрінеді. Әрине, жоғары инфляция азаматтарымыздың төлем қабілеттілігін төмендетеді. Халықтың табысы артып жатыр деп айтқанмен, керісінше, нақты табыстың төмендеуі байқалады. Адамдардың айлығы өсіп жатқан сияқты, бірақ ол инфляцияға жете алмай келеді", - дейді Халық.
Осылайша, халықтың нақты табысы бағаның өсуіне ілесе алмай тұр. Соның салдарынан елдің өмір сүру сапасы төмендейді, кедей адамдардың қатары көбейеді.
"Осындай жағдай болайын деп тұр. Оны (келесі жылы инфляцияның шарықтау шегі болатынын – авт.) алдын ала не үшін айтып жатқаны да түсінікті. Ал себебін, көбінесе, әлемде болып жатқан жағдайда келтіріп жатқандар бар. Бұл әлемдегі инфляция, бізде де солай дейді. Ол фактор да бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, шынын айту керек, бұл ішкі мәселеге байланысты болып отыр. Өзіміздің ақша-несие саясатын ұйымдастыруда және контрциклдық бюджет саясатын құруда үлкен қателіктер бар", - деп атап көрсетті Халық.
"Жағдай өзгермеуі мүмкін"
Ал экономист Сапарбай Жұбаевтың ойынша, 2023 жылы үлкен қиыншылық болмайды.
"Сол былтырғы жағдай қалай болса, сондай болып қалуы мүмкін. 2022 жылы біз Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың салдарын көрдік. Инфляция күрт көтерілді, қант мәселесі, бидайға қатысты шектеулер болды. Содан ұн өнімдері қымбаттады. Осының бәрі бізге әсер етті. Биылғы жылы да өзгермеуі мүмкін", - деді Жұбаев
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Осы орайда сарапшы инфляцияға қатысты тағы маңызды бір мәселеге тоқталды. Былтыр ұлттық банк базалық мөлшерлемені бірнеше рет көтерді. Демек, кредиттердің ставкасы да өсті. Енді бизнесмендерге жоғары пайызбен алған кредитті қайтару керек. Олар тауардың бағасын түсірмейді, керісіше, көтере береді.
"Коммерциялық банктер кредитке беретін ақшаны ұлттық банктен алады ғой. Сосын депозиттердің мөлшермесін өтейді. Ал өндірістер мен кәсіпорындарға жоғары пайызбен қарызға береді. Сонда 2023 жылы баға кемінде 17 пайызға көбеюі керек, болмаса кәсіпкерлер кредитке алған ақшасын қайтара алмайды. Осы мәселе биылғы жылдың инфляция деңгейін белгілейді. Одан қашып құтыла алмаймыз", - деді сарапшы.
Жаһандық рецессия басталса не болады?
Жақында Дүниежүзілік банк 2023 жылы жаһандық рецессия басталуы мүмкін деген болжам жасады. Себебі әлем бойынша орталық банктер инфляцияны тежейміз деп, проценттік мөлшерлемені бір уақытта көтеріп жатыр. Ал жаһандық рецессия кезінде дамушы елдердің жағдайы қиындайды, экономиканың дамуы қатты тежеледі.
"Ондай дағдарыс Қазақстанды да айналып өтпейді. Оған ілініп кететін болсақ, 2023 жылы инфляцияны төмендетеміз деген жұмыстың бәрі кейінге шегерілуі мүмкін. Бірақ геосаяси жағдай да, бәрі дұрыс болып, экономикамызда оң өзгерістер болса, баға тұрақтануы мүмкін. Сонда 2023 жылдың ортасында инфляцияның бәсеңдегенін көре аламыз", - дейді Мақсат Халық.
Оның ойынша, үкімет барлық бастамасын іске асыра алса ғана инфляция деңгейін үш жылдың ішінде пандемияға дейінгі межеге түсіруге болады.
"Соңғы үш жылда экономика өспеді"
Экономист Сапарбай Жұбаев пандемиядан бөлек қаңтар оқиғасы да ел экономикасына кері әсерін тигізді деп санайды.
"Соңғы үш жылда экономикамыз өспеді. 2019 жылы жеткен дәрежеміз 2020 жылы пандемия салдарынан 3,16 пайызға төменге түсті. Бірақ халқымыз 1,5 процентке көбейді. 2021 жылы біз төменге түсуімізді 2 пайызға көтеріп, сәл жақындатып қойып едік, 2022 жылдың басында қаңтар оқиғасы болды. Ол да кері әсерін тигізді. Биыл бар болғаны екі-ақ пайызға зорға өсіп жатырмыз. Сонда соңғы үш жылда халықтың саны 4,5 пайызға өсті, ал экономикамыз 2019 жылға әлі жеткен жоқ", - деп атап көрсетті Жұбаев.
2023 жылы экономиканы кемінде 5-6 процентке көтеру керек. Ол үшін билік барлық уәдесін орындауы керек. Соның ішінде жемқорлықпен күрес пен шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтару мәселесі де бар.
Осы орайда экономист Қайырбек Арыстанбеков те былтырғы жағдай биыл сақталады дейді. Бірақ инфляция үкіметтің халықтың табысын көтеру саласындағы шаралардың тиімділігін жоққа шығаруы әбден мүмкін.
"Инфляцияны дұрыс бақылай алмағандықтан, мемлекеттік бюджет саясаты қамтитын бүкіл әлеуметтік жобаларға қауіп төніп тұр. Мысалы, жалақыны көтереді, жәрдемақыны өсіреді. Бірақ баға көтеріліп, қосып берген ақшасын инфляция "жеп қойып отырса", одан не пайда?", - дейді сарапшы.