https://sputnik.kz/20230102/aqtobe-politsiyasy-damkhanadagy-tobeleske-qatysty-tusinikteme-berdi-30813499.html
Ақтөбе полициясы дәмханадағы төбелеске қатысты түсініктеме берді
Ақтөбе полициясы дәмханадағы төбелеске қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Ақтөбе облысының полиция департаменті тәртіп сақшыларын ұрып-соқты деп айыптаған бір топ жігіттің не үшін ұсталғанын айтып берді 02.01.2023, Sputnik Қазақстан
2023-01-02T17:37+0500
2023-01-02T17:37+0500
2023-01-02T17:37+0500
ақтөбе
полиция
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602245_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_63a12607a10b88142429c334a4602183.jpg
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Ақтөбедегі "Ұлытау" мейрамханасының маңында 31 желтоқсанға қараған түні болған төбелеске қатысушылар мен куәгерлер бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желідегі пабликтерге арызданып, полицейлер ұстау кезінде шектен тыс күш қолданып, ұрып-соққанын мәлімдеді.Полиция тергеу жүргізіп, оқиғаның видеосын желіде жариялады, сонымен бірге істің мән-жайына түсініктеме берді.Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, БАҚ пен әлеуметтік желілерде тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеті туралы ақпарат жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлерінің бейнежетонындағы жазбалар талданған.Тексеру барысында 2022 жылдың 31 желтоқсанында сағат 01:35-те Бөгенбай көшесі, 17 мекенжайында орналасқан мейрамхананың жанында бір топ жігіт пен қыздар арасында төбелес болғаны анықталды."Оқиға орнына дереу полиция жасақтары жіберілді. Төбелеске қатысушылар мас болған, келген полиция қызметкерлерінің ескертуін елемей, "мәселені" шешуді жалғастырған: "бала" мен "қыз" (жарияланған жазбаларда сөз болған) полицейлер келгенге дейін соққыға жығылған", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті бейнежазбаларды талдай келе.Сонымен қатар полиция қақтығысқа қатысушылардың ұстау кезінде қарсылық көрсеткенін, содан кейін бөлімшеге жеткізілгенін атап өтті."Мейрамханада да, ұстау кезінде де ұрып-соғу фактілері анықталған жоқ", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Сондай-ақ тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзғаны және басқаларға құрмет көрсетпегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша төрт адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602245_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_a43d6195a4f996fe43b5e090562b1d8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, полиция
Ақтөбе полициясы дәмханадағы төбелеске қатысты түсініктеме берді
Ақтөбе облысының полиция департаменті тәртіп сақшыларын ұрып-соқты деп айыптаған бір топ жігіттің не үшін ұсталғанын айтып берді
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Ақтөбедегі "Ұлытау" мейрамханасының маңында 31 желтоқсанға қараған түні болған төбелеске қатысушылар мен куәгерлер бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желідегі пабликтерге арызданып, полицейлер ұстау кезінде шектен тыс күш қолданып, ұрып-соққанын мәлімдеді.
Полиция тергеу жүргізіп, оқиғаның видеосын желіде жариялады, сонымен бірге істің мән-жайына түсініктеме берді.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, БАҚ пен әлеуметтік желілерде тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеті туралы ақпарат жарияланғаннан кейін полиция қызметкерлерінің бейнежетонындағы жазбалар талданған.
Тексеру барысында 2022 жылдың 31 желтоқсанында сағат 01:35-те Бөгенбай көшесі, 17 мекенжайында орналасқан мейрамхананың жанында бір топ жігіт пен қыздар арасында төбелес болғаны анықталды.
"Оқиға орнына дереу полиция жасақтары жіберілді. Төбелеске қатысушылар мас болған, келген полиция қызметкерлерінің ескертуін елемей, "мәселені" шешуді жалғастырған: "бала" мен "қыз" (жарияланған жазбаларда сөз болған) полицейлер келгенге дейін соққыға жығылған", - деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті бейнежазбаларды талдай келе.
Сонымен қатар полиция қақтығысқа қатысушылардың ұстау кезінде қарсылық көрсеткенін, содан кейін бөлімшеге жеткізілгенін атап өтті.
"Мейрамханада да, ұстау кезінде де ұрып-соғу фактілері анықталған жоқ", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті бұзғаны және басқаларға құрмет көрсетпегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша төрт адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.