Қоғам

2023 жылы Қазақстаннан шетелге қандай әуе рейстері ашылады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Республикада жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға мүмкіндік беретін "ашық аспан" саясаты одан әрі іске асырылып, әлемдік қаржы орталықтарымен тікелей әуе қатынастарын ашу жалғасады, деп хабарлайды премьер-министр сайты.
Атап айтқанда, Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде: Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге рейстер ашылады деп жоспарлануда.
Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге рейстерді ұлғайту көзделіп отыр.
Бұдан басқа, Алматыдан Пәкістанға – Карачи мен Лахорға рейстер ашу, Алматы – Дели бағыты бойынша Үндістанға, Алматы – Чэнду бағыты бойынша Қытайға, Алматы – Лондон бағыты бойынша Ұлыбританияға, сондай-ақ Алматыдан Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға және Астанадан – Тбилиси мен Подгорицаға орындалатын рейстер санын арттыру жоспарлануда.
Сонымен қатар Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқан, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта ұша бастайды.
Air Asia Х малайзиялық лоукост-әуе компаниясы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде Куала-Лумпурдан Алматыға, ал Thai Air Asia әуе компаниясы Бангкоктан Алматыға ұшуды жоспарлап отыр.
Qeshm AIR әуе компаниясы "әуе еркіндігінің" 5 дәрежесін пайдалана отырып, Алматы – Токио бағыты бойынша рейстерді орындай бастайды.
Air Astana әуе компаниясы орта мерзімді перспективада Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша Израильге аптасына екі рет тұрақты рейс орындау мәселесін пысықтап жатыр.
Жаңалықтар
0