Қарағанды облысында Жаңа жыл түні жоғалған шопан мен балықшылар құтқарылды

© Sputnik / Alexei Danichev / Медиабанкке өтуРыбаки на Ладожском озере Республики Карелия
Рыбаки на Ладожском озере Республики Карелия - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысынң төтенше жағдайлар қызметекерлері Жаңа жыл түні екі адамды құтқарды.

"Желтоқсанның 31-і күні сағат 21:17-де Ақтоғай ауданындағы 70-ші разъезде шопан жоғалып кетті деген хабар келіп түсті. 1973 жылы туған ер адам таңертең мал іздеп шығып, қайтып оралмаған. Іздеу-құтқару тобы жоғалған адамды қыстақтан 10 шақырым жерден тапты. Қойшы ауа райының қолайсыздығынан бағдарынан айырылып қалған екен. Құтқарылған адамға медициналық көмек қажет болмады", - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Жаңа жыл қарсаңында Ақтоғай ауданында тағы бір құтқару операциясы жүргізілді.
1 қаңтар күні сағат 01:30-да Балқаш көлінде төтенше жағдайлар департаментінің күштері Тораңғылық ауылынан оңтүстік бағытта көлікпен шығып қайта оралмаған 2 балықшыны іздеуге кірісті.
Сағат 03:30-да құтқарушылар балықшыларды жағалаудан 26 шақырым жерде тапты. 05:55-те ер адамдар жағаға шығарылды, оларға медициналық көмек қажет болмады.
Жаңалықтар
0