Жаңажылдық демалыста қандай фильм көруге болады

© Photo : Feigco Entertainment (2019)Кадр из фильма "Рождество на двоих" (Last Christmas), 2019 год
Кадр из фильма Рождество на двоих (Last Christmas), 2019 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 31 желтоқсан — Sputnik. Жаңажылдық демалысты үйде өткізіп, кино көруді жоспарлағандар үшін Sputnik Қазақстан мерекелік көңіл-күйді еселей түсетін фильмдер топтамасын ұсынады.
Әлбетте, жаңа жылдық фильмдер арасында көш бастап тұрған голливудтық "Үйде жалғыз" туындысы. Көрерменге жол тартқанына отыз жылдан асқанына қарамастан, бұл кино әлі де үлкен танымалдылыққа ие.
© Photo : 20th Century Fox Film Corporation (1990)"Үйде жалғыз" фильмі
Кадр из фильма Один дома (Home Alone), 1990 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2022
"Үйде жалғыз" фильмі
Чикагода тұратын америкалық отбасы жаңа жыл қарсаңында Еуропаға демалысқа аттанады. Алайда ата-анасы асығыстық салдарынан балаларының бірі – Кевин Маккаллистерді үйде ұмытып кетеді. Зәулім үйде жалғыз қалған Кевин түн жамылып, қарақшылық жасамақ болған ұрыларға айлакерлігі мен ақылдылығының арқасында қарсы тұра алады. Әр сюжеті көңілді көтере алатын бұл фильмді балалармен көрсе құба-құп.
Эльдар Рязановтың "Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!" атты фильмін желтоқсанның соңынан бастап түрлі телеарналар көрерменге ұсынады. Сондықтан кеңестік туындыны тамашалау кейбір отбасылар үшін өзгермейтін дәстүрге айналған.
Кино жаңа жыл қарсаңында түрлі жағдайға байланысты Ленинградқа ұшып кетіп, жоспарының күл-талқаны шыққан, алайда осы жағдайдың нәтижесінде өмірлік махаббатын кездестірген Женя есімді азаматтың басынан кешірген қызықты оқиғалар туралы баяндайды.
© Photo : Mosfilm (1975)"Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!" фильмі
Кадр из фильма Ирония судьбы, или С лёгким паром! - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2022
"Тағдыр тәлкегі немесе Жеңіл буыңызбен!" фильмі
Айта кету керек, Қазақстан тумасы, режиссер Тимур Бекмамбетов 1975 жылы жарық көрген фильмнің жалғасын түсірді. Сондықтан фильмдегі әсерлі оқиғаның отыз жылдан кейінгі жалғасын көргіңіз келсе, 2007 жылы Бекмамбетов түсірген картинаны да тамашалаңыз.
Тимур Бекмамбетов режиссер, сценарист әрі продюсері болған жаңа жылдық демалыста көруге аса қолайлы фильм – "Ёлки" туындысы. Фильмде жылдың басты мерекесі қарсаңында Ресейдің 11 қаласында шым-шытырық оқиғаға тап болған таксист, жұлдыз, бизнесмен, актер, спортшы, зейнеткер, өрт сөндіруші және тағы басқа кейіпкерлердің тығырықтан шығу жолы туралы баяндалады.
Биылғы желтоқсанның басында бұл фильмнің тоғызыншы бөлімі жарыққа шықты. Сондықтан қаңтардың басындағы демалысты көгілдір экран алдында өткізу кезінде тоғыз бөлімнен тұратын топтаманы тамашалауға болады.
Бұл жаңа жыл қарсаңында отбасымен тамашалауға таптырмас туындылардың үштігі болса, соңғы жылдары жарық көрген мерекелік фильмдерге де тоқталайық.
2021 жылы шыққан "Махаббаттың әлсіз жұпар иісі" атты фильм қазіргі жастар арасындағы сезім мен оған әлеуметтік желілердің әсері туралы баяндайды. Танысу қосымшасының көмегі арқылы көп жігітпен танысса да, әр таныстығы сәтсіз аяқталатын Натали бір күні шынайы махаббатын кезіктіретініне кәміл сенеді. Алайда оның осы арманының орындалуына Наталидің ер адамның сырт келбетіне байланысты ұстанымдары кедергі келтіреді.
"Екеуге арналған Рождество" картинасы тылсымға толы. Алайда бастапқыда тіршілігі қайнаған қаладағы күйбең өмірді көрсетіп жатқандай көрінгенмен фильмнің шарықтау шегі жүректі елжіретпей қоймады. Бұл картинаны тамашалауға бүкіләлемдік танымалдылыққа ие болған "Тақтар ойыны" телехикаясындағы "Дейенеристі" заманауи бейнеде көру де себеп бола алады.
Ал "Рождество есімді балақай" атты кинотуынды баланың әкеге деген махаббаты туралы ой салады. Экспедицияға аттанып, хабар-ошарсыз кеткен әкесін іздеуге бел буған Николас бұл сапарға Блитцен есімді бұғы және тышқанмен бірге сапар шегеді.
Егер бір сәт кино жанрынан көз тынықтырып, мультфильм тамашалауды қаласаңыз, онда "Клаус" атты картинаны таңдауға кеңес береміз. Себебі, бұл осы жанрда жаңа жыл тақырыбында соңғы жылдары жарық көрген ең үздік жұмыстардың бірі. Бұл туынды Аяз атаға хат жазу дәстүрінің қайдан пайда болғанын баяндайды. Мультфильмде адамдардың бір-біріне жанашырлығы мен мейірімділігі, соның ішінде ғаламшардың кез келген түкпіріндегі бала бақытты болуға лайық екені туралы өсиет бар. Жалпы, "Клаус" мультфильмі барлық көрерменге әдемі көңіл—күй сыйлайтыны анық.
"Ең шынайы Жаңа жыл" атты ресейлік картина ата-ана мен бала арасындағы түсіністікке тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Бас кейіпкер Саша ғажайып құбылыстың күшімен өткенге оралып, өз әке-шешесінің тұңғышы, яғни, Сашаның өзі дүниеге келу сәтінің куәсі болады.
Егер Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы махаббат тақырыбында кино іздеген болсаңыз, таңдауыңызды "Мереке кезіндегі жұп" атты фильмге тоқтатуға кеңес береміз. Жалғызбастылығын бетіне басуға құмар ата-анасы үшін мейрамды ұнатпайтын Слоан Чикагода, ал махаббаттағы тұрақтылыққа дайын емес гольфист Джексон Австралияда тұрады. Бірақ ғажайып жағдайлар мүлде ұқсамайтын бұл екеуін бір-біріне ғашық етеді.
"Николь" атты комедия жанрындағы фильм Аяз атаның сыйлықтарын жеткізу аясында туындаған жағдайдың шиеленісуі мен қызықты оқиғаларға арналған. Бұл жауапкершіліктен жұрдай Ник пен оның барлық қиындықты өз мойнына артқан қарындасы Никольдің мереке қарсаңындағы миссиясын орындау мүмкіндіктері және сыйлық жеткізу әдісінде интернетті қолдануды көздеген Габриэльдің қитұрқы әрекеті туралы қызықты фильм.
Егер мюзикл жанрын ұнататын болсаңыз, онда Райан Рейнольдс басты рөлдердің бірін сомдайтын "Рождество рухында" атты кинотуындыны тамашалаған дұрыс. Чарльз Диккенстің шығармасын жаңа үлгіде түсірген бұл фильм екі айға жуық уақыт бұрын көрермен назарына ұсынылды. Қазірдің өзінде сыншылардың оң пікіріне ие болуы осы киноны да таңдаулылар тізіміне енгізуге себеп.
Жаңалықтар
0