https://sputnik.kz/20221231/qosh-bol-2022-barys-zhyly-bukil-alem-nazaryn-tikken-oqigalar-30735533.html
Қош бол, 2022: барыс жылы бүкіл әлем назарын тіккен оқиғалар
Қош бол, 2022: барыс жылы бүкіл әлем назарын тіккен оқиғалар
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылы әлем бойынша коронавирус пандемиясы бәсеңдеді. Алайда Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс жығылған үстіне... 31.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-31T21:51+0500
2022-12-31T21:51+0500
2023-08-09T16:03+0500
әлем
украина
ресей
футбол
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_0:67:3075:1796_1920x0_80_0_0_0b68a99a3213f968a339210ce42824d4.jpg
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылы әлем бойынша коронавирус пандемиясы бәсеңдеді. Алайда Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс жығылған үстіне жұдырық болды. Экономикалық байланыстар үзілгесін қымбатшылық басталды, біраз елде инфляция рекордтық деңгейге жетті. Халықтың жағдайды нашарлады. Sputnik Қазақстан биыл әлемде болған маңызды оқиғаларға шолу жасады.Әлем қаңтар оқиғасына көз тіктіЖылдың басында Қазақстанда болған оқиғалардың видеосы әлемді шарлап кетті. Шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары қаңтар оқиғасын кеңінен жазды. Ал президент Тоқаев бірнеше рет сұхбат беріп, Алматыда және басқа қалаларда болған наразылықтардың себебін түсіндірді. Артынан инвесторлармен кездесіп, келіссөз жүргізуге тура келді.Ресми мәліметке сәйкес, сол кезде республика бойынша 238 адам қаза тапты. Әсіресе, Алматы қаласында қайтыс болғандар көп болды. Олардың ішінде балалар да бар.Жақында Алматыда қаңтар құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Бірнеше фильм шығарылды. Ал ресейлік журналист қаңтар оқиғасы туралы кітап жазды.Қысқы Олимпиада ойындарыАқпан айында Қытайдың Бейжің қаласында XXIV қысқы Олимпиада ойындары басталды. 91 елдің спортшысы 109 медаль жиынтығы үшін таласты.Қазақстан атынан Олимпиадаға 34 спортшы барды. Бірақ ешкім жүлделі орынға іліге алмады. Абзал Әжіғалиев шорт-тректен төртінші орынға ие болды. Бұл – құраманың ең үздік көрсеткіші.Ал командалық есепте Норвегия бірінші орынға ие болды. Германия екінші орында, ал Олимпиаданы өткізген Қытай үшінші орыннан көрінді.Айта кетері, 2013 жылы Алматы қаласы бірінші болып XXIV қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш түсірді. Одан кейін Бейжің үміткер ретінед тіркелді. Алайда дауыс беру кезінде Қытай төрт дауысқа басым түсіп, қысқы Олимпиаданы өткізуге мүмкіндік алды.Ресей мен Украина арасындағы қақтығысҚысқы Олимпиада басталмай жатып, АҚШ президенті Джо Байден Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін деп мәлімдеді. Ондай әрекеттің салдары бар екенін де айтты. Ал 18 ақпанда Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасынан халықты жаппай Ресейге шығара бастады. Үш күннен кейін Ресей Федерациясы екі республиканы ресми түрде мойындады. 24 ақпанда Путин Украинада "демилитаризация мен нацизмге қарсы арнайы әскери операцияның" басталатынын мәлімдеді.Украина бірден Ресеймен дипломатиялық байланыстарды тоқтатты. Елде жалпыға ортақ моблизация жарияланды. Еуропалық одақ ресейліктер үшін жеңілдетілген визалық режимнің күшін жойды. Ресей Еуропа кеңесінен шығып кетті. Оған қоса, осы елдің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі мүшелігі тоқтатылды. Ресейге санкциялар салынды. Бертін келе ресейлік мұнайға эмбарго енгізілді. Оған қоса, осы елдің шикізатына шекті баға қойылды.Украина және тағы бірнеше мемлекет Еуропалық одаққа кіруге өтініш білдірді. Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге тапсырыс берді. Оларға Украина да қосылды.Қыркүйек айында Ресейде ішінара мобилизация жарияланды. Содан мыңдаған ресейлік көрші мемлекеттерге лап берді. Ал қазан айында Донбасс, Запорожье мен Херсон облыстары Ресей Федерациясына қосылды.Ұшақ апатқа ұшырады21 наурызда China Eastern Airlines компаниясының "Куньмин-Гуанжоу" бағытындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Boeing 737-89P Тэнсянь тауларында құлады. Ұшақ бортында 123 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған. Барлығы көз жұмды.Ұшақ 2015 жылы АҚШ-та шығарылған болатын. 7 жылдың ішінде 18 239 сағат ұшып үлгерген. Апаттың себебі әлі анықталған жоқ. Wall Street Journal басылымы "қара жәшіктерден" алынған мәліметтерге сілтеме жасай отырып, "кабинада болған біреудің ұшақты солай бағыттағанын" хабарлады. Boeing тігінен құлаған.Биыл табиғи апаттар да аз болған жоқ, біраз адам қайтыс болды. Мәселен, 22 маусымда Ауғанстандағы жер сілкінісі кезінде кем дегенде 1 500 адам қаза тапты. Бұл осы жылғы ең ауыр әрі адам шығыны көп зілзала болды.Қарақалпақстандағы наразылықтарШілденің басында Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нүкіс қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Жергілікті халық Өзбекстан конституциясына ұсынылған түзетулерге қарсы шықты. Оған сәйкес, Қарақалпақстан тәуелсіздік алу мүмкіндігінен айырылады.Ресми мәліметке сәйкес, екі күннің ішінде 18 адам қаза тапты. Бұдан бөлек, 243 адам зардап шекті. 100-ге жуығы ауруханаға түсті. 500-ден астам адам ұтсталды. Артынан кейбіреулері босатылған.Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізді. Бірақ мерзімінен бұрын төтенше жағдайды тоқтатты.Қарақалпақстанға қатысты Өзбекстанның конституциясына ұсынылған өзгерісті алып тастады.Жапонияның бұрынғы премьер-министрін атып кеттіЖапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ либералды-демократиялық партияның өкілі Кэя Сатоның атынан сөз сөйлеуге келген. Сол кезде қару ұстаған Тэцуя Ямагами емін-еркін жақындап, артынан оқ атқан. Ал Абэ бұрылғанда тағы мойнына бір оқ тиді. Күдікті сол жерде ұсталды.Әуелі Синдзо Абэ жарақат алса да, көмекке келген адамдармен сөйлесіп жатты. Бірақ ауруханада комаға түсіп қалды. Жарақаттары өте ауыр болды. Бес жарым сағаттан кейін Абэ есін жимастан өмірден өтті.41 жастағы Тэцуя Ямагами бұрын сотталмаған, әскери-теңіз базасында қызмет атқарды. Тергеу кезінде "белгілі бір діни ұйымға ренжіп қалғанын", сол себепті Абэны өлтіргенін мәлімдеді. Себебі "діни ұйым мен Абэ бір-бірімен байланысты болған".Тайваньдағы шиеленісТамыз айында Тайваньда әскери қақтығыс басталып кете жаздады. АҚШ-тың өкілдер палатасының спикері Нэнси Пэлоси аралға ресми сапармен баратынын мәлімдеді. Оған Қытай Халық Республикасы наразылық білдірді, көп ұзамай, Тайвань маңайында әскери оқу-жаттығулар басталды. Пэлоси бәрібір аралда орналасқан республикаға барып қайтты.Биыл Әзербайжан мен Арменияның арасында тағы шиеленіс болды. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында оқ атылды. Біраз адам көз жұмды.Ирандағы нарызылықҚыркүйектің ортасында әдет-ғұрыпты бақылайтын патруль 22 жастағы Махса Аминиді хиджабты дұрыс кимегені үшін ұстап алды. Екі күннен кейін жас қыз қайтыс болды. Оны жерлеу рәсімінен кейін Иранда наразылықтар басталды. Ал Махсаның туған жері – Күрдістан провинциясында адамдар жалпыхалықтық ереуілге шықты. Иран астанасында интернетті өшіруге тура келді.Көшеге шыққан адамдар полицияға тас атып, көліктерді төңкерді. Әйелдер шашын кесті, хиджабтарын өртеді. Әлем бойынша ирандықтарды қолдауға арналған акциялар өтті. Бірнеше айға созылған наразылықтардың нәтижесінде Иран билігі әдет-ғұрып полициясын қысқартып тастады.Желтоқсан айында наразылыққа шыққан адамдарды жазалау шаралары басталды. Екі адам дарға асылды. Бұдан бөлек, наразылықтар кезінде қайтыс болған адам аз емес. Олардың саны 200-ден асады.Бұдан бөлек, Шри-Ланкада билікке қарсы жаппай наразылықтар болды. Соның нәтижесінде премьер-министр Махинда Раджапакса отставкаға кетті. Ал президент Готабай Раджапаксы шетелге қашып кетті. Ол да отставкаға кетті.Сеулдегі ХэллоуинОңтүстік Корея астанасында өткен Хэллоуин кезінде адамдар тар көшеде кептеліп, бір-бірін қысып өлтірген. Қайғылы жағдай Итхэвон ауданында болған.Ресми мәліметке сәйкес, 151 адам мерт болды, 19-ы – шетел азаматы. Олардың ішінде қазақстандық Мадина Шерниязова да бар.Осы оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяда ұлттық аза тұту күні жарияланды.Индонезиядағы стадионда болған адам кептелісі кезінде 182 адам қайтыс болды. Үндістанда аспалы көпір құлап, 141 адам көз жұмды.Аргентина әлем чемпионы атандыБиыл футбол жанкүйерлері асыға күткен әлем чемпионаты өтті. Финалда Франция мен Аргентина құрамалары кездесті. Қызықты әрі тартысты өткен ойында Мессидің командасы пенальтимен француздарды жеңді. Осылайша, аргентиналықтар араға 36 жыл салып, футболдан әлем чемпионы атанды.Биылғы додада Марокко құрамасы жанкүйерді таңғалдырды. Африка құрлығының футболшылары алғаш рет жартылай финалға шықты. Осы жолы Испания мен Португалияны жеңіп, сенсация жасады. Әлемге әйгілі Криштиану Роналдуны үйге қайтарды.Жаңа президенттер және қайта сайланғандарБиыл әлем бойынша Қазақстанда ғана емес, басқа да мемлекеттерде президент сайлауы өтті. Бір жерде жаңа басшысы сайланса, енді бір жерде бұрынғы президенттер өз орнын сақтап қалды.Жаңа президенттер:Қайта сайланған президенттер:Ал былтыр сайланған Швейцария президенті Иньяцио Кассиса биыл өз қызметіне кірісті.
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_68:0:2799:2048_1920x0_80_0_0_5b364d7aff180e96688ff2cd3454b44f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлем, украина, ресей, футбол, олимпиада ойындары
әлем, украина, ресей, футбол, олимпиада ойындары
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылы әлем бойынша коронавирус пандемиясы бәсеңдеді. Алайда Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыс жығылған үстіне жұдырық болды. Экономикалық байланыстар үзілгесін қымбатшылық басталды, біраз елде инфляция рекордтық деңгейге жетті. Халықтың жағдайды нашарлады.
Sputnik Қазақстан биыл әлемде болған маңызды оқиғаларға шолу жасады.
Әлем қаңтар оқиғасына көз тікті
Жылдың басында Қазақстанда болған оқиғалардың видеосы әлемді шарлап кетті. Шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары қаңтар оқиғасын кеңінен жазды. Ал президент Тоқаев бірнеше рет сұхбат беріп, Алматыда және басқа қалаларда болған наразылықтардың себебін түсіндірді. Артынан инвесторлармен кездесіп, келіссөз жүргізуге тура келді.
Ресми мәліметке сәйкес, сол кезде республика бойынша 238 адам қаза тапты. Әсіресе, Алматы қаласында қайтыс болғандар көп болды. Олардың ішінде балалар да бар.
Жақында Алматыда қаңтар құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Бірнеше фильм шығарылды. Ал ресейлік журналист қаңтар оқиғасы туралы кітап жазды.
Ақпан айында Қытайдың Бейжің қаласында XXIV қысқы Олимпиада ойындары басталды. 91 елдің спортшысы 109 медаль жиынтығы үшін таласты.
Қазақстан атынан Олимпиадаға 34 спортшы барды. Бірақ ешкім жүлделі орынға іліге алмады. Абзал Әжіғалиев шорт-тректен төртінші орынға ие болды. Бұл – құраманың ең үздік көрсеткіші.
Ал командалық есепте Норвегия бірінші орынға ие болды. Германия екінші орында, ал Олимпиаданы өткізген Қытай үшінші орыннан көрінді.
Айта кетері, 2013 жылы Алматы қаласы бірінші болып XXIV қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш түсірді. Одан кейін Бейжің үміткер ретінед тіркелді. Алайда дауыс беру кезінде Қытай төрт дауысқа басым түсіп, қысқы Олимпиаданы өткізуге мүмкіндік алды.
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс
Қысқы Олимпиада басталмай жатып, АҚШ президенті Джо Байден Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін деп мәлімдеді. Ондай әрекеттің салдары бар екенін де айтты. Ал 18 ақпанда Донецк халық республикасы мен Луганск халық республикасынан халықты жаппай Ресейге шығара бастады. Үш күннен кейін Ресей Федерациясы екі республиканы ресми түрде мойындады. 24 ақпанда Путин Украинада "демилитаризация мен нацизмге қарсы арнайы әскери операцияның" басталатынын мәлімдеді.
Украина бірден Ресеймен дипломатиялық байланыстарды тоқтатты. Елде жалпыға ортақ моблизация жарияланды. Еуропалық одақ ресейліктер үшін жеңілдетілген визалық режимнің күшін жойды. Ресей Еуропа кеңесінен шығып кетті. Оған қоса, осы елдің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіндегі мүшелігі тоқтатылды. Ресейге санкциялар салынды. Бертін келе ресейлік мұнайға эмбарго енгізілді. Оған қоса, осы елдің шикізатына шекті баға қойылды.
Украина және тағы бірнеше мемлекет Еуропалық одаққа кіруге өтініш білдірді. Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге тапсырыс берді. Оларға Украина да қосылды.
Қыркүйек айында Ресейде ішінара мобилизация жарияланды. Содан мыңдаған ресейлік көрші мемлекеттерге лап берді. Ал қазан айында Донбасс, Запорожье мен Херсон облыстары Ресей Федерациясына қосылды.
21 наурызда China Eastern Airlines компаниясының "Куньмин-Гуанжоу" бағытындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Boeing 737-89P Тэнсянь тауларында құлады. Ұшақ бортында 123 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған. Барлығы көз жұмды.
Ұшақ 2015 жылы АҚШ-та шығарылған болатын. 7 жылдың ішінде 18 239 сағат ұшып үлгерген. Апаттың себебі әлі анықталған жоқ. Wall Street Journal басылымы "қара жәшіктерден" алынған мәліметтерге сілтеме жасай отырып, "кабинада болған біреудің ұшақты солай бағыттағанын" хабарлады. Boeing тігінен құлаған.
Биыл табиғи апаттар да аз болған жоқ, біраз адам қайтыс болды. Мәселен, 22 маусымда Ауғанстандағы жер сілкінісі кезінде кем дегенде 1 500 адам қаза тапты. Бұл осы жылғы ең ауыр әрі адам шығыны көп зілзала болды.
Қарақалпақстандағы наразылықтар
Шілденің басында Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нүкіс қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Жергілікті халық Өзбекстан конституциясына ұсынылған түзетулерге қарсы шықты. Оған сәйкес, Қарақалпақстан тәуелсіздік алу мүмкіндігінен айырылады.
Ресми мәліметке сәйкес, екі күннің ішінде 18 адам қаза тапты. Бұдан бөлек, 243 адам зардап шекті. 100-ге жуығы ауруханаға түсті. 500-ден астам адам ұтсталды. Артынан кейбіреулері босатылған.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізді. Бірақ мерзімінен бұрын төтенше жағдайды тоқтатты.
Қарақалпақстанға қатысты Өзбекстанның конституциясына ұсынылған өзгерісті алып тастады.
Жапонияның бұрынғы премьер-министрін атып кетті
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ либералды-демократиялық партияның өкілі Кэя Сатоның атынан сөз сөйлеуге келген. Сол кезде қару ұстаған Тэцуя Ямагами емін-еркін жақындап, артынан оқ атқан. Ал Абэ бұрылғанда тағы мойнына бір оқ тиді. Күдікті сол жерде ұсталды.
Әуелі Синдзо Абэ жарақат алса да, көмекке келген адамдармен сөйлесіп жатты. Бірақ ауруханада комаға түсіп қалды. Жарақаттары өте ауыр болды. Бес жарым сағаттан кейін Абэ есін жимастан өмірден өтті.
41 жастағы Тэцуя Ямагами бұрын сотталмаған, әскери-теңіз базасында қызмет атқарды. Тергеу кезінде "белгілі бір діни ұйымға ренжіп қалғанын", сол себепті Абэны өлтіргенін мәлімдеді. Себебі "діни ұйым мен Абэ бір-бірімен байланысты болған".
Тамыз айында Тайваньда әскери қақтығыс басталып кете жаздады. АҚШ-тың өкілдер палатасының спикері Нэнси Пэлоси аралға ресми сапармен баратынын мәлімдеді. Оған Қытай Халық Республикасы наразылық білдірді, көп ұзамай, Тайвань маңайында әскери оқу-жаттығулар басталды. Пэлоси бәрібір аралда орналасқан республикаға барып қайтты.
Биыл Әзербайжан мен Арменияның арасында тағы шиеленіс болды. Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында оқ атылды. Біраз адам көз жұмды.
Қыркүйектің ортасында әдет-ғұрыпты бақылайтын патруль 22 жастағы Махса Аминиді хиджабты дұрыс кимегені үшін ұстап алды. Екі күннен кейін жас қыз қайтыс болды. Оны жерлеу рәсімінен кейін Иранда наразылықтар басталды. Ал Махсаның туған жері – Күрдістан провинциясында адамдар жалпыхалықтық ереуілге шықты. Иран астанасында интернетті өшіруге тура келді.
Көшеге шыққан адамдар полицияға тас атып, көліктерді төңкерді. Әйелдер шашын кесті, хиджабтарын өртеді. Әлем бойынша ирандықтарды қолдауға арналған акциялар өтті. Бірнеше айға созылған наразылықтардың нәтижесінде Иран билігі әдет-ғұрып полициясын қысқартып тастады.
Желтоқсан айында наразылыққа шыққан адамдарды жазалау шаралары басталды. Екі адам дарға асылды. Бұдан бөлек, наразылықтар кезінде қайтыс болған адам аз емес. Олардың саны 200-ден асады.
Бұдан бөлек, Шри-Ланкада билікке қарсы жаппай наразылықтар болды. Соның нәтижесінде премьер-министр Махинда Раджапакса отставкаға кетті. Ал президент Готабай Раджапаксы шетелге қашып кетті. Ол да отставкаға кетті.
Оңтүстік Корея астанасында өткен Хэллоуин кезінде адамдар тар көшеде кептеліп, бір-бірін қысып өлтірген. Қайғылы жағдай Итхэвон ауданында болған.
Ресми мәліметке сәйкес, 151 адам мерт болды, 19-ы – шетел азаматы. Олардың ішінде қазақстандық Мадина Шерниязова да бар.
Осы оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяда ұлттық аза тұту күні жарияланды.
Индонезиядағы стадионда болған адам кептелісі кезінде 182 адам қайтыс болды. Үндістанда аспалы көпір құлап, 141 адам көз жұмды.
Аргентина әлем чемпионы атанды
Биыл футбол жанкүйерлері асыға күткен әлем чемпионаты өтті. Финалда Франция мен Аргентина құрамалары кездесті. Қызықты әрі тартысты өткен ойында Мессидің командасы пенальтимен француздарды жеңді. Осылайша, аргентиналықтар араға 36 жыл салып, футболдан әлем чемпионы атанды.
Биылғы додада Марокко құрамасы жанкүйерді таңғалдырды. Африка құрлығының футболшылары алғаш рет жартылай финалға шықты. Осы жолы Испания мен Португалияны жеңіп, сенсация жасады. Әлемге әйгілі Криштиану Роналдуны үйге қайтарды.
Жаңа президенттер және қайта сайланғандар
Биыл әлем бойынша Қазақстанда ғана емес, басқа да мемлекеттерде президент сайлауы өтті. Бір жерде жаңа басшысы сайланса, енді бір жерде бұрынғы президенттер өз орнын сақтап қалды.
Оңтүстік Корея – Юн Сок Ёль;
Мажарстан – Каталин Новак;
Түрікменстан – Сардар Бердімұхамедов;
Армения – Ваагн Хачатурян;
Біріккен Араб Әмірліктері – Мұхаммад ибн Заид Әл Нахайян;
Колумбия – Густаво Петро;
Үндістан – Драупади Мурму;
Бразилия – Лула да Силва.
Қайта сайланған президенттер:
Италия - Серджо Матарелла;
Германия - Франк-Вальтер Штайнмайер;
Франция - Эммануэль Макрон;
Қазақстан – Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал былтыр сайланған Швейцария президенті Иньяцио Кассиса биыл өз қызметіне кірісті.