https://sputnik.kz/20221231/akim-buryngy-ministr-politsey-2022-zhyly-ustalgan-zhemqorlar-kim-30575621.html
Әкім, бұрынғы министр, полицей: 2022 жылы ұсталған жемқорлар кім
Әкім, бұрынғы министр, полицей: 2022 жылы ұсталған жемқорлар кім
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Биыл жемқорлық үшін ұсталған шенеуніктер аз емес. Олардың ішінде бұрын жоғары қызмет атқарғандар да бар. Ал кейбір... 31.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-31T21:01+0500
2022-12-31T21:01+0500
2023-08-09T12:45+0500
пара
шенеунік
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Биыл жемқорлық үшін ұсталған шенеуніктер аз емес. Олардың ішінде бұрын жоғары қызмет атқарғандар да бар. Ал кейбір атқамінерлерге қатысты сот үкімі шығарылды. Кентау әкімі 10 жылға сотталдыАқпан айында Кентау әкімі Дәурен Махажановтың аса ірі көлемде пара алғаны туралы ақпарат тарады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қала басшысының жол жөндейтін фирма директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 миллион 500 мың теңге) көлемінде пара алғанын мәлімдеді. Махажанов бірден сот санкциясымен қамауға алынды.Бес айдан кейін сот Махажановты 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Оған қоса, экс-әкімге мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істеуге тыйым салынды. Ал оның сыбайластары бір-бір жарым жылға сотталды. Артынан үшеуі де аппеляцияға берді. Бірақ жоғарғы инстанция сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталдыМамыр айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедұлына қатысты қылмыстық іс қозғады. Оның үйіне және жұмыс орнына тінту жүргізілді. Сол кезде желіде экс-министрдің өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. Бірақ артынан оның тінту кезінде ауруханаға түскені белгілі болды. Ал желіде Мұхамедиұлының халыққа арнаған бейнеүндеуі жарияланды. Ол Тұңғышбай Жаманқұловты айыптап, Дариға Назарбаеваның тапсырма бергенін мәлімеді. Экс-министр президентке хат та жазды.Бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген Тұңғышбай Жаманқұлов Мұхамедиұлының үстінен арыз жазғанын ашық айтты. Екі аптадан кейін экс-министр қамауға алынды.Тергеу материалдарына сәйкес, "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде қыруар қаржы ұрланды. Тендердің жалпы сомасы - 1,2 млрд теңге. Бірақ Алтын адамның шеруі толығымен атқарылмады. Ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары 146 млн теңге ұрлағаны үшін айыпталды. Артынан Мұхамедиұлына қатысты басқа істер қозғалды. Ал мемлекетке келген шығын сомасы 7 млрд теңгеге дейін өсті. Экс-министрдің туыстары мен жақын адамдарына рәсімделген мемлекеттік нысандарға қатысты тексеріс басталды.Қараша айында Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.Мәсімовтың інісі қамауға алындыЖазда іздеуде жүрген Павлодар облысы полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов ұсталды. Ол Шығыс Қазақстан облысы арқылы Ресейге жалған құжатпен өтіп кетпекші болған.Нұрлан Мәсімов - ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі. Ағасы мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет жасау бабымен қамауға алынса, өзі аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін іздеуге жарияланған болатын. Қаңтар оқиғасынан кейін оны қызметтен босатқан. Одан кейін Нұрлан Мәсімов із-түзсіз жоғалып кетті. Ол туралы ақпарат бергені үшін 12 миллион теңгенің сыйақысы да тағайындалды.Екібастұз әкімінің орынбасары сотталдыМаусымның басында бір жыл бұрын ұсталған Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі шықты. Оның қарамағында жұмыс істеген тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Садықов пен бас маман Түсіпбеков те сотталды. Үшеуі мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған. Сот үкімімен Бауыржан Ахметов 8 жылға, Түсіпбеков 7 жылға, ал Садықов 6 жылға бас бостандығынан айырылды.Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков болса, 33 500 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін 100,2 миллион теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді. Сосын оған мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды.Министрліктің лауазымды тұлғалары тергеуге алындыЖаздың ортасында мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы ақпарат шықты. Тергеу материалдарына сәйкес, Алматы қаласындағы "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығарған. Соның салдарынан мемлекетке үлкен шығын келген. Бірақ антикор шенеуніктердің атын жариялаған жоқ.Ал Қызылорда облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспанов сотталды. Оған 5 миллион теңге айыппұл салынды. Бұдан бөлек олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің бес директоры – Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Оларға 10-20 миллион теңгенің айыппұлы салынды.Лауазымды тұлғалар облыстағы спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 млн теңге пара бермек болған.Алексей Ильин - қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің туған ағасы.Бұрынғы вице-министр қалай байығанҚарашаның басында бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Антикордың мәліметіне сәйкес, министрліктің лауазымды тұлғалары бұрын барлау жасалған кен орындарына қатысты құжаттарды әдейі жасырған. Одан кейін барлау өткізіледі деген сылтаумен пайдалы қазбалар қоры онсыз да белгілі болып тұрған кен орындарын аукционсыз заңсыз таратқан. Кәсіпкерлер ол жерлерді арзан бағаға алған. Ал мемлекетке ондаған миллиард теңгеге шығын келді. Тергеушілер осы іске бұрынғы вице-министрдің қатысы бар деп отыр.Соттың санкциясымен Тоқтабаев пен оның жақын туыстарының атына жазылған қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталды. Барлығына арест қойылды. Соның ішінде элиталық жеке үйлер, жер учаскелері, Cadillac Escalade маркалы автокөліктері, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8 бар.Парамен ұсталған шенеуніктер аз емесБиыл парамен ұсталған басқа да ірілі-ұсақты шенеуніктер аз емес. Олардың ішінде әкімдік қызметкерлері, полицейлер, судьялар және тағы басқа лауазымды тұлғалар бар. Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер де ұсталды. Мәселен, біреуі 12 жылдан кейін Мәскеуде қолға түсті. Полицияда заңсыз ақша жинау фактілері тыйылмай тұр. Биыл Шымкентте жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің командирі ұсталды. Әлімханов былтыр мамырдан бері полк басшылығы үшін өз қызметкерлерінен ай сайын пара алып келген. Бұдан бөлек, Әлімханов заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қоластындағы қызметкерлерінен 2 мың теңгеден жинап жүрген.Ал полицей Азамат Айымбетов өзінің бұрынғы бастығы Мұхтар Бұқарбаевтың үстінен шағым жазды. Тіпті, президентке бейнеүндеу жолдап, тергеудің әрекетсіздігіне арызданды. Айымбетов дәлел ретінде бастығының жазған хаттарын көрсеткен, ол жерде бұрынғы бастығы қымбат зат сатып алуға мәжбүрлегені көрсетілген.Шымкенттегі жергілікті полиция қызметі басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Бұқарбаев жеті жылға сотталды. Бірақ екі айдан кейін жазаның мерзімін екі есеге қысқартты.Жылдың соңында астанада төрт бірдей полицей ұсталды. Олар шетелдік көліктерді заңсыз жолмен тіркеп, ақпараттық базаға жалған мәліметтер енгізген. Осылайша, қаңтар айынан бері 486 көлікті тіркеп тастады. Әрбір көлік үшін 400 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін ақша алған.Қылмыстық топтың тағы 4 белсендісі ұсталды. Олардың ішінде Астана қаласы бойынша 2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
пара, шенеунік, сыбайлас жемқорлық
пара, шенеунік, сыбайлас жемқорлық
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Биыл жемқорлық үшін ұсталған шенеуніктер аз емес. Олардың ішінде бұрын жоғары қызмет атқарғандар да бар. Ал кейбір атқамінерлерге қатысты сот үкімі шығарылды.
Кентау әкімі 10 жылға сотталды
Ақпан айында Кентау әкімі Дәурен Махажановтың аса ірі көлемде пара алғаны туралы ақпарат тарады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қала басшысының жол жөндейтін фирма директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 миллион 500 мың теңге) көлемінде пара алғанын мәлімдеді. Махажанов бірден сот санкциясымен қамауға алынды.
Бес айдан кейін сот Махажановты 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Оған қоса, экс-әкімге мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істеуге тыйым салынды. Ал оның сыбайластары бір-бір жарым жылға сотталды. Артынан үшеуі де аппеляцияға берді. Бірақ жоғарғы инстанция сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды
Мамыр айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедұлына қатысты қылмыстық іс қозғады. Оның үйіне және жұмыс орнына тінту жүргізілді. Сол кезде желіде экс-министрдің өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. Бірақ артынан оның тінту кезінде ауруханаға түскені белгілі болды. Ал желіде Мұхамедиұлының халыққа арнаған
бейнеүндеуі жарияланды. Ол Тұңғышбай Жаманқұловты айыптап, Дариға Назарбаеваның тапсырма бергенін мәлімеді. Экс-министр президентке хат та жазды.
Бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген Тұңғышбай Жаманқұлов Мұхамедиұлының үстінен арыз жазғанын ашық айтты. Екі аптадан кейін экс-министр қамауға алынды.
Тергеу материалдарына сәйкес, "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде қыруар қаржы ұрланды. Тендердің жалпы сомасы - 1,2 млрд теңге. Бірақ Алтын адамның шеруі толығымен атқарылмады. Ұлттық музейдің лауазымды тұлғалары 146 млн теңге ұрлағаны үшін айыпталды. Артынан Мұхамедиұлына қатысты басқа істер қозғалды. Ал мемлекетке келген шығын сомасы 7 млрд теңгеге дейін өсті. Экс-министрдің туыстары мен жақын адамдарына рәсімделген мемлекеттік нысандарға қатысты тексеріс басталды.
Қараша айында Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды.
Мәсімовтың інісі қамауға алынды
Жазда іздеуде жүрген Павлодар облысы полициясының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов ұсталды. Ол Шығыс Қазақстан облысы арқылы Ресейге жалған құжатпен өтіп кетпекші болған.
Нұрлан Мәсімов - ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің немере інісі. Ағасы мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет жасау бабымен қамауға алынса, өзі аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін іздеуге жарияланған болатын.
Қаңтар оқиғасынан кейін оны қызметтен босатқан. Одан кейін Нұрлан Мәсімов із-түзсіз жоғалып кетті. Ол туралы ақпарат бергені үшін 12 миллион теңгенің сыйақысы да тағайындалды.
Екібастұз әкімінің орынбасары сотталды
Маусымның басында бір жыл бұрын ұсталған Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі шықты. Оның қарамағында жұмыс істеген тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Садықов пен бас маман Түсіпбеков те сотталды. Үшеуі мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған.
Сот үкімімен Бауыржан Ахметов 8 жылға, Түсіпбеков 7 жылға, ал Садықов 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Тамерлан Разбеков болса, 33 500 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны үшін 100,2 миллион теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді. Сосын оған мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды.
Министрліктің лауазымды тұлғалары тергеуге алынды
Жаздың ортасында мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы ақпарат шықты. Тергеу материалдарына сәйкес, Алматы қаласындағы "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығарған. Соның салдарынан мемлекетке үлкен шығын келген. Бірақ антикор шенеуніктердің атын жариялаған жоқ.
Ал Қызылорда облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспанов сотталды. Оған 5 миллион теңге айыппұл салынды. Бұдан бөлек олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің бес директоры – Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Оларға 10-20 миллион теңгенің айыппұлы салынды.
Лауазымды тұлғалар облыстағы спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 млн теңге пара бермек болған.
Алексей Ильин - қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің туған ағасы.
Бұрынғы вице-министр қалай байыған
Қарашаның басында бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Антикордың мәліметіне сәйкес, министрліктің лауазымды тұлғалары бұрын барлау жасалған кен орындарына қатысты құжаттарды әдейі жасырған. Одан кейін барлау өткізіледі деген сылтаумен пайдалы қазбалар қоры онсыз да белгілі болып тұрған кен орындарын аукционсыз заңсыз таратқан. Кәсіпкерлер ол жерлерді арзан бағаға алған. Ал мемлекетке ондаған миллиард теңгеге шығын келді. Тергеушілер осы іске бұрынғы вице-министрдің қатысы бар деп отыр.
Соттың санкциясымен Тоқтабаев пен оның жақын туыстарының атына жазылған қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталды. Барлығына арест қойылды. Соның ішінде элиталық жеке үйлер, жер учаскелері, Cadillac Escalade маркалы автокөліктері, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8 бар.
Парамен ұсталған шенеуніктер аз емес
Биыл парамен ұсталған басқа да ірілі-ұсақты шенеуніктер аз емес. Олардың ішінде әкімдік қызметкерлері, полицейлер, судьялар және тағы басқа лауазымды тұлғалар бар. Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер де ұсталды. Мәселен, біреуі 12 жылдан кейін Мәскеуде
қолға түсті. Полицияда заңсыз ақша жинау фактілері тыйылмай тұр. Биыл Шымкентте жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция полкінің командирі ұсталды. Әлімханов былтыр мамырдан бері полк басшылығы үшін өз қызметкерлерінен ай сайын пара алып келген. Бұдан бөлек, Әлімханов заңда көзделген демалыс күндерін бергені үшін қоластындағы қызметкерлерінен 2 мың теңгеден жинап жүрген.
Ал полицей Азамат Айымбетов өзінің бұрынғы бастығы Мұхтар Бұқарбаевтың үстінен шағым жазды. Тіпті, президентке бейнеүндеу жолдап, тергеудің әрекетсіздігіне арызданды. Айымбетов дәлел ретінде бастығының жазған хаттарын көрсеткен, ол жерде бұрынғы бастығы қымбат зат сатып алуға мәжбүрлегені көрсетілген.
Шымкенттегі жергілікті полиция қызметі басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Бұқарбаев жеті жылға сотталды. Бірақ екі айдан кейін жазаның мерзімін екі есеге қысқартты.
Жылдың соңында астанада төрт бірдей полицей ұсталды. Олар шетелдік көліктерді заңсыз жолмен тіркеп, ақпараттық базаға жалған мәліметтер енгізген. Осылайша, қаңтар айынан бері 486 көлікті тіркеп тастады. Әрбір көлік үшін 400 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін ақша алған.
Қылмыстық топтың тағы 4 белсендісі ұсталды. Олардың ішінде Астана қаласы бойынша 2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы бар.