https://sputnik.kz/20221231/2023-zhyly-toylanatyn-mereytoylar-men-atauly-kunder-30062122.html
2023 жылы тойланатын мерейтойлар мен атаулы күндер
2023 жылы тойланатын мерейтойлар мен атаулы күндер
Sputnik Қазақстан
2023 жылы елімізде қандай атаулы даталар мен мерейтойлар аталып өтетінін Sputnik Қазақстан материалынан біле аласыздар 31.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-31T16:40+0500
2022-12-31T16:40+0500
2023-08-09T12:27+0500
дерекқор
атаулы даталар
мерейтой
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15161207_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_2ee67b878e43e2eae1f68e5f0cfbfbc7.jpg
Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жылҚожа Ахмет Ясауидің шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - "Диуани Хикмет" (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке қарай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалары өте көп. Олардың көбі Ыстанбұл, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған.Қожа Ахмет Ясауи 1093 жылы Ясы қаласында дүниеге келген. Ұстазы – Арыстан баб.Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жылСұлтан Бейбарыс-Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дін Бейбарыс. Беріш руынан туған. Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихындағы аса ғажайып тұлға.1250 жыл шамасында мәмліктердің әскери әмірі болып тағайындалған. Сұлтан Бейбарыс Мысыр мен Шам еліне билік құрған 1260—77 жылдар аралығында крест жорықтарының беті қайтарылып, моңғол қосындарының шапқыншылығы тойтарылды, елдің саяси-әскери беделі жоғарылап, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды. Бейбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды.Төле бидің туғанына 360 жылДулат тайпасының жаныс руынан шыққан Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірінде туған. Қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Әйтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер Төле би халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастаған. Төле би Тәуке ханның, Абылай ханның тұсында ел арасындағы әртүрлі дауларды шешуге атсалысқан.Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жылКүйші, композитор, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) әңгімешіл, өте зерек, өтірік пен жаланы жек көретін адам болған. Аяусыз азап пен қитұрқы саясатқа бар болмысымен қарсы шыққан күйшінің жарты ғұмыры айдауда өтті. Құрманғазы алты рет абақтыға қамалып, босап шыққан. Өмірінің соңғы күндерінде тыныш өмір сүріп, өзі тұрған жерде 1889 жылы қайтыс болады. Топырақ бұйырған орны – "Құрманғазы төбесі" аталған, бұрынғы "Шайтани батага", Ресейдің Астрахань облысы.Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жылСұлтанмахмұт Торайғыров қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың сипаты жайлы жазды. 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. "Осы да әділдік пе?", "Бір адамға" тағы басқа шығармалары ескіге қарсы көзқарасын білдірді. Ол өмір шындығын көркем бейнелеген тұлға. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды. Торайғыровтың "Қамар сұлу", "Кім жазықты?" романдары әлі күнге оқырман сұранысына ие. "Таныстыру", "Адасқан өмір", "Кедей", "Айтыс" сынды төрт поэмасы қазақ әдебиетінің жарқын шығармалары. Сұлтанмахмұт Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Амангелді Имановтың туғанына 150 жылАмангелді Иманов кедей қазақ отбасында дүниеге келген. 12 жасына дейін ауыл мектебінде, кейін төрт жыл медреседе оқыды, түрік, парсы, араб тілдерін үйренді. Ол Кенесары ханның үзеңгілес серігі, Иман батырдың ұрпағы. Мерген, шабандоз, жігерлі, еркіндікті жақсы көретін батыр 1905 – 1907 жылдардағы өкіметке қарсы көтерілістерге қатысып, қудалауға ұшырап, Торғай даласының шалғайдағы ауылдарына жасырынуына тура келді. 1910 жылы Аманкелдінің руы өмір сүрген Терісбұтақ ауылында оның бастамасы бойынша мектеп салынды. Амангелді Имановтың есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді. Осы кезеңде Амангелдінің ұйымдастырушылық жөне қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті.Жазушы Ғабит Мүсірепов "Амангелді" пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады. Халық суретшілері Әбілхан Қастеев ("Амангелді" портреті, "Амангелді шабуылы", "Торғай жорығы") пен Қанапия Телжанов ("Амангелді", "Амангелді қызыл атты әскері") оның образын тартымды бейнеледі. Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жылҚазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеев 1878 жылы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында дүниеге келген.Қазақ топырағында жарыққа шыққан тұңғыш романдарының бiрi болған "Қалың мал" романының авторы. Онда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген.Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жылМағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы.Мағжан қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі ретінде де белгілі.Қалтай Мұхамеджановтың туғанына 95 жылҚалтай Мұхамеджанов - қазақ және кеңестік драматург, жазушы, публицист, сценарийші.1959 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында Қалтай Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында" атты тұңғыш драмалық туындысының премьерасы болды. "Шыңдағы шынарда", "Айман–Шолпан" киносценарийлерінің авторы. А.Қаһардың "Ауру тістерін", Ш.Айтматовтың "Ана–Жер–Ана", "Арманым, Әселім" пьесаларын, "Ақ кеме" повесі және шығыс классикасының "Мың бір түн" ертегісінің 4 томын қазақ тіліне аударды. Қалтай Мұхамеджановтың 1978 жылы таңдамалы шығармаларының екі томдығы жарық көрген. 1998 жылы таңдамалы шығармаларының 3 томдығы шықты. Оның комедиялық және драмалық туындыларының қай-қайсысында да қазақ қоғамында рухани дерттің белең ала бастауы кеңінен қамтылып, қазақ халқының кеңес дәуіріндегі алмағайып тағдыры, ұлы тұлғалардың трагедиялық бейнесі айқын көрініс тапты. Шыңғыс Айтматовпен бірлесе жазған "Көктөбедегі кездесу" пьесасының алар орны ерекше. Бұл шығарма бесіктегі кезінен күмән еміп өскен ұрпақтың күйік пен күдікке толы күйкі болмысынан сыр шертеді.Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жылҚазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.Оралхан Бөкей – жазушы, драматург. Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таң қалдырған жазушы. 1970 жылы Алматыда жарық көрген "Қамшыгер" атты повестер мен әңгімелерінің тұңғыш жинағы жазушы есімін көпке таныс етті.Бикен Римованың туғанына 100 жыл.Бикен Римова 1943 жылы Алматы театр училищесін бітіреді. 1941 жылы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жұмысқа қабылданып, ғұмырының соңына дейін сол жерде қызмет атқарды. Өзінің шығармашылық жолын Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" қойылымындағы басты кейіпкер Еңлік рөлін сомдаудан бастаған. Театрдағы рөлдері көбінесе әйел образын ашуға, оның болмысын көрсетуге бағытталады. М.Әуезовтың "Еңлік-Кебегінде" Еңлік, "Қаракөзде" Маржан, Ш.Айтматовтың "Ана-Жер-Анасында" Жер-Ана, Н.Гогольдің "Ревизорында" Пошлепкина секілді рөлдері ерекше атап өту қажет. "Тақиялы періште", "Менің атым Қожа", "Шабандоз қыз", "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" сынды бірқатар киноларда төбе көрсетті. Өмірінің соңғы жылдары отандық "Тоғысқан тағдырлар" телехикаясына түсті. Бикен Римова 1966 жылы Қазақ КСР Халық әртісі мен Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты атағын иеленді. Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жылҚазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жылМұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2017 жылы дүниеден озды.Мұзафар Әлімбаевтың ең алғашқы өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық "Қызыл ту" газетінде жарық көрді. Соғыс жылдарында оның шығармалары республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрған.1941 жылдың желтоқсанында өз қалауымен соғысқа барады. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери қызметке алып қалып, одан елге тек 1948 жылы оралады. Армиядан оралған соң "Пионер" журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956-1958 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. 1958 жылы "Балдырған" журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін бас редактор болды.Мұзафар Әлімбаевтың алғашқы кітабы – "Қарағанды жырлары" 1952 жылы басылып шыққан. Жүз сексеннен астам әнге өлең жазды. 70 шығарма мен аударма кітаптардың авторы. Шығармалары 20 тілге аударылған. Көркем аударма саласында Сағдидың "Бостанын" ("Жәннат" деген атпен), Петефи мен Тоқтағұлдың, Аполлинердің таңдамалы өлеңдер жинақтарын, Ю.Фучиктің "Дар алдындағы сөзін", Орбелианидің "Ғибратнамасын" және Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Ғ.Тоқай, М.Жәлил, Фирдоуси, Х.Әлімжанның өлең-жырларын қазақ тіліне тәржімалаған.1982 жылы "Аспандағы әпке" жинағы үшін республикалық Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.Мұзафар Әлімбаев ел тәуелсіздігін жан-жүрегімен жырлаған абыз ақсақалымыз. Ол қазақ әдебиетін жаңа биікке көтергендердің алдыңғы қатарында болды. Саналы ғұмырын халқымыздың бірлігі мен келісіміне, ұлт әдебиетінің әлемдік биікке көтерілуіне арнады.Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға 300 жылҚазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, тарихи оқиғаға 300 жыл (1723). Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды."Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның" шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды."Қазақ" газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына 110 жылҚазақтың тағдырына өздерін жауапты сезінген Алаш қайраткерлері қазақ халқының мүддесін қорғауда білектің күшін емес, ақыл-ойға жүгінді. Олар ұлт мүддесін қорғау үшін, әрі қазақтың рухани көзін ашу үшін "Қазақ" газетін өмірге әкелді."Қазақ" газеті 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап жарыққа шыға бастады. Бес жылда 266 саны шығып үлгерген.Басылымның жүгін арқалау міндеті – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мойнына түсті.Газетте халықтың сауатын арттыратын, қараңғы күнде шамшырақ болған ақпараттар жазылып тұрды, басылымды қазақ даласының түкпір-түкпірінен жаздырып алып жатты. Кеңестік империяның боданында жүріп, қараңғылықтан көз ашпаған қазаққа "Қазақ" газеті бұлақ суындай болды.Өкінішке қарай, отаршыл империя заманынан аман шыға білген газет кеңес өкіметінің Қазақстанға билік орнатуға тырысқан уақыты - 1918 жылдың наурызында біржола жабылды. Көп ұзамай оның құрылтайшылары мен авторларының басым көпшілігі саяси қуғын-сүргін кезінде атылып кетті."Жас қазақ" журналына 100 жылЖас қазақ — қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы. 1923 жылдың қазан айынан 1925 жылдың сәуіріне дейін Орынборда шығып тұрды. Редакторлары — Е.Алдоңғаров, А.Оразбаева, А.Сегізбаев. Журнал қазақ жастарын сауатсыздықты жоюға, өнер-білімге ұмтылуға, халық шаруашылығын қалпына келтіруге, тап жауларымен аяусыз күрес жүргізуге шақырды. Оларға кооператив, кедей ұйымдарын ашу жолдарын түсіндірді. “Жас қазақ” сол кездегі қазақ ақын, жазушыларының шығармаларын, көне әдебиет мұраларын жариялап тұрды. 1925 жылы Ташкентте шығып тұрған “Жас қайрат” журналымен қосылып, “Лениншіл жас” журналы болып шықты.Теңгенің қолданысқа енгеніне – 30 жыл1993 жылдың 12 қарашасында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" жарлығы шықты. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанның ұлттық валютасы теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау сағат 08.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/09/15161207_201:0:2932:2048_1920x0_80_0_0_440cdf7a07c9aa5d3f6ff74e3a926f8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атаулы даталар, мерейтой
Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл
Қожа Ахмет Ясауидің шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - "Диуани Хикмет" (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке қарай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалары өте көп. Олардың көбі Ыстанбұл, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған.
Қожа Ахмет Ясауи 1093 жылы Ясы қаласында дүниеге келген. Ұстазы – Арыстан баб.
Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл
Сұлтан Бейбарыс-Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дін Бейбарыс. Беріш руынан туған. Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихындағы аса ғажайып тұлға.
1250 жыл шамасында мәмліктердің әскери әмірі болып тағайындалған. Сұлтан Бейбарыс Мысыр мен Шам еліне билік құрған 1260—77 жылдар аралығында крест жорықтарының беті қайтарылып, моңғол қосындарының шапқыншылығы тойтарылды, елдің саяси-әскери беделі жоғарылап, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды. Бейбарыс тек қана талантты қолбасшы ғана емес, сондай-ақ, көреген саясаткер ретінде танылды.
Төле бидің туғанына 360 жыл
Дулат тайпасының жаныс руынан шыққан Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өңірінде туған. Қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Әйтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер Төле би халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастаған. Төле би Тәуке ханның, Абылай ханның тұсында ел арасындағы әртүрлі дауларды шешуге атсалысқан.
Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл
Күйші, композитор, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896) әңгімешіл, өте зерек, өтірік пен жаланы жек көретін адам болған. Аяусыз азап пен қитұрқы саясатқа бар болмысымен қарсы шыққан күйшінің жарты ғұмыры айдауда өтті. Құрманғазы алты рет абақтыға қамалып, босап шыққан. Өмірінің соңғы күндерінде тыныш өмір сүріп, өзі тұрған жерде 1889 жылы қайтыс болады. Топырақ бұйырған орны – "Құрманғазы төбесі" аталған, бұрынғы "Шайтани батага", Ресейдің Астрахань облысы.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл
Сұлтанмахмұт Торайғыров қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың сипаты жайлы жазды. 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі.
Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. "Осы да әділдік пе?", "Бір адамға" тағы басқа шығармалары ескіге қарсы көзқарасын білдірді. Ол өмір шындығын көркем бейнелеген тұлға. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды.
Торайғыровтың "Қамар сұлу", "Кім жазықты?" романдары әлі күнге оқырман сұранысына ие. "Таныстыру", "Адасқан өмір", "Кедей", "Айтыс" сынды төрт поэмасы қазақ әдебиетінің жарқын шығармалары. Сұлтанмахмұт Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты.
Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл
Амангелді Иманов кедей қазақ отбасында дүниеге келген. 12 жасына дейін ауыл мектебінде, кейін төрт жыл медреседе оқыды, түрік, парсы, араб тілдерін үйренді. Ол Кенесары ханның үзеңгілес серігі, Иман батырдың ұрпағы. Мерген, шабандоз, жігерлі, еркіндікті жақсы көретін батыр 1905 – 1907 жылдардағы өкіметке қарсы көтерілістерге қатысып, қудалауға ұшырап, Торғай даласының шалғайдағы ауылдарына жасырынуына тура келді. 1910 жылы Аманкелдінің руы өмір сүрген Терісбұтақ ауылында оның бастамасы бойынша мектеп салынды.
Амангелді Имановтың есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді. Осы кезеңде Амангелдінің ұйымдастырушылық жөне қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті.
Жазушы Ғабит Мүсірепов "Амангелді" пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады. Халық суретшілері Әбілхан Қастеев ("Амангелді" портреті, "Амангелді шабуылы", "Торғай жорығы") пен Қанапия Телжанов ("Амангелді", "Амангелді қызыл атты әскері") оның образын тартымды бейнеледі.
Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл
Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеев 1878 жылы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында дүниеге келген.
Қазақ топырағында жарыққа шыққан тұңғыш романдарының бiрi болған "Қалың мал" романының авторы. Онда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген.
Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы.
Мағжан қазақ поэмасын суреткерлік арнаға бұрды. Адам жанының, психология әлемінің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын шеберлікпен кестелеп өрнектей білді. Әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаш жырлаушылардың бірі ретінде де белгілі.
Қалтай Мұхамеджановтың туғанына 95 жыл
Қалтай Мұхамеджанов - қазақ және кеңестік драматург, жазушы, публицист, сценарийші.
1959 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында Қалтай Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында" атты тұңғыш драмалық туындысының премьерасы болды.
"Шыңдағы шынарда", "Айман–Шолпан" киносценарийлерінің авторы. А.Қаһардың "Ауру тістерін", Ш.Айтматовтың "Ана–Жер–Ана", "Арманым, Әселім" пьесаларын, "Ақ кеме" повесі және шығыс классикасының "Мың бір түн" ертегісінің 4 томын қазақ тіліне аударды.
Қалтай Мұхамеджановтың 1978 жылы таңдамалы шығармаларының екі томдығы жарық көрген. 1998 жылы таңдамалы шығармаларының 3 томдығы шықты. Оның комедиялық және драмалық туындыларының қай-қайсысында да қазақ қоғамында рухани дерттің белең ала бастауы кеңінен қамтылып, қазақ халқының кеңес дәуіріндегі алмағайып тағдыры, ұлы тұлғалардың трагедиялық бейнесі айқын көрініс тапты.
Шыңғыс Айтматовпен бірлесе жазған "Көктөбедегі кездесу" пьесасының алар орны ерекше. Бұл шығарма бесіктегі кезінен күмән еміп өскен ұрпақтың күйік пен күдікке толы күйкі болмысынан сыр шертеді.
Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.
Оралхан Бөкей – жазушы, драматург. Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таң қалдырған жазушы. 1970 жылы Алматыда жарық көрген "Қамшыгер" атты повестер мен әңгімелерінің тұңғыш жинағы жазушы есімін көпке таныс етті.
Бикен Римованың туғанына 100 жыл.
Бикен Римова 1943 жылы Алматы театр училищесін бітіреді. 1941 жылы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жұмысқа қабылданып, ғұмырының соңына дейін сол жерде қызмет атқарды. Өзінің шығармашылық жолын Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" қойылымындағы басты кейіпкер Еңлік рөлін сомдаудан бастаған. Театрдағы рөлдері көбінесе әйел образын ашуға, оның болмысын көрсетуге бағытталады. М.Әуезовтың "Еңлік-Кебегінде" Еңлік, "Қаракөзде" Маржан, Ш.Айтматовтың "Ана-Жер-Анасында" Жер-Ана, Н.Гогольдің "Ревизорында" Пошлепкина секілді рөлдері ерекше атап өту қажет.
"Тақиялы періште", "Менің атым Қожа", "Шабандоз қыз", "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" сынды бірқатар киноларда төбе көрсетті. Өмірінің соңғы жылдары отандық "Тоғысқан тағдырлар" телехикаясына түсті.
Бикен Римова 1966 жылы Қазақ КСР Халық әртісі мен Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты атағын иеленді.
Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл
Қазақстанның Халық жазушысы Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында туған.
1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.
Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл
Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2017 жылы дүниеден озды.
Мұзафар Әлімбаевтың ең алғашқы өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық "Қызыл ту" газетінде жарық көрді. Соғыс жылдарында оның шығармалары республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрған.
1941 жылдың желтоқсанында өз қалауымен соғысқа барады. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери қызметке алып қалып, одан елге тек 1948 жылы оралады. Армиядан оралған соң "Пионер" журналында поэзия бөлімін басқарады. 1956-1958 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. 1958 жылы "Балдырған" журналы ашылған күннен 1986 жылға дейін бас редактор болды.
Мұзафар Әлімбаевтың алғашқы кітабы – "Қарағанды жырлары" 1952 жылы басылып шыққан. Жүз сексеннен астам әнге өлең жазды. 70 шығарма мен аударма кітаптардың авторы. Шығармалары 20 тілге аударылған. Көркем аударма саласында Сағдидың "Бостанын" ("Жәннат" деген атпен), Петефи мен Тоқтағұлдың, Аполлинердің таңдамалы өлеңдер жинақтарын, Ю.Фучиктің "Дар алдындағы сөзін", Орбелианидің "Ғибратнамасын" және Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Ғ.Тоқай, М.Жәлил, Фирдоуси, Х.Әлімжанның өлең-жырларын қазақ тіліне тәржімалаған.
1982 жылы "Аспандағы әпке" жинағы үшін республикалық Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Мұзафар Әлімбаев ел тәуелсіздігін жан-жүрегімен жырлаған абыз ақсақалымыз. Ол қазақ әдебиетін жаңа биікке көтергендердің алдыңғы қатарында болды. Саналы ғұмырын халқымыздың бірлігі мен келісіміне, ұлт әдебиетінің әлемдік биікке көтерілуіне арнады.
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға 300 жыл
Қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, тарихи оқиғаға 300 жыл (1723). Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ қалмақтары (торғауыттар), Жайықтың казак-орысы, Орал башқұрттары, Қоқан бектері, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.
"Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның" шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды.
"Қазақ" газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына 110 жыл
Қазақтың тағдырына өздерін жауапты сезінген Алаш қайраткерлері қазақ халқының мүддесін қорғауда білектің күшін емес, ақыл-ойға жүгінді. Олар ұлт мүддесін қорғау үшін, әрі қазақтың рухани көзін ашу үшін "Қазақ" газетін өмірге әкелді.
"Қазақ" газеті 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап жарыққа шыға бастады. Бес жылда 266 саны шығып үлгерген.
Басылымның жүгін арқалау міндеті – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мойнына түсті.
Газетте халықтың сауатын арттыратын, қараңғы күнде шамшырақ болған ақпараттар жазылып тұрды, басылымды қазақ даласының түкпір-түкпірінен жаздырып алып жатты. Кеңестік империяның боданында жүріп, қараңғылықтан көз ашпаған қазаққа "Қазақ" газеті бұлақ суындай болды.
Өкінішке қарай, отаршыл империя заманынан аман шыға білген газет кеңес өкіметінің Қазақстанға билік орнатуға тырысқан уақыты - 1918 жылдың наурызында біржола жабылды. Көп ұзамай оның құрылтайшылары мен авторларының басым көпшілігі саяси қуғын-сүргін кезінде атылып кетті.
"Жас қазақ" журналына 100 жыл
Жас қазақ — қазақ жастарының тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы. 1923 жылдың қазан айынан 1925 жылдың сәуіріне дейін Орынборда шығып тұрды. Редакторлары — Е.Алдоңғаров, А.Оразбаева, А.Сегізбаев. Журнал қазақ жастарын сауатсыздықты жоюға, өнер-білімге ұмтылуға, халық шаруашылығын қалпына келтіруге, тап жауларымен аяусыз күрес жүргізуге шақырды. Оларға кооператив, кедей ұйымдарын ашу жолдарын түсіндірді. “Жас қазақ” сол кездегі қазақ ақын, жазушыларының шығармаларын, көне әдебиет мұраларын жариялап тұрды. 1925 жылы Ташкентте шығып тұрған “Жас қайрат” журналымен қосылып, “Лениншіл жас” журналы болып шықты.
Теңгенің қолданысқа енгеніне – 30 жыл
1993 жылдың 12 қарашасында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" жарлығы шықты. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанның ұлттық валютасы теңге айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау сағат 08.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды.