https://sputnik.kz/20221230/yandekstaksige-qatysty-tergeudin-man-zhayy-zhariyalandy-30784146.html
Яндекс.Таксиге қатысты тергеудің мән-жайы жарияланды
Яндекс.Таксиге қатысты тергеудің мән-жайы жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Сот Яндекс.Таксиге тергеу жүргізу туралы бұйрықтың күшін ішінара жоюға шешім қабылдады. Алайда онымен тергеу шаралары... 30.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-30T17:23+0500
2022-12-30T17:23+0500
2022-12-30T17:23+0500
такси
сот
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17362356_28:0:3669:2048_1920x0_80_0_0_727fca5870c091a53d56e4457771ab6f.jpg
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Сот Яндекс.Таксиге тергеу жүргізу туралы бұйрықтың күшін ішінара жоюға шешім қабылдады. Алайда онымен тергеу шаралары тоқтамайды, деп хабарлады бәсекелестікті қорғау агенттігі. 29 желтоқсанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бәсекелестікті қорғау және дамыту агентігінің Алматы қаласы бойынша департаменті шығарған бұйрықтың күшін ішінара жою туралы шешімін шығарды. Негізгі себеп – тергеуге дейін 2022 жылғы талдаудың болмауы. Ресми мәліметке сәйкес, 2020 жылы Алматыда Яндекс.Таксидің үлесі 83,78% болған. 2021 жылы – 84,34%, ал 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 95,3%-ке жеткен. Астана қаласында нарықтың 67,3 процентін алып отыр. "Яндекс.Таксидің бүгінгі жағдайы оның 2 жыл немесе одан да көп уақыт ішінде тұрақты өсуін көрсетеді. Бұл нарықтағы жалпы жағдайды бақылауға және айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді", - дейді мамандар. Ал Яндекс.Таксидің комиссиясы қосарланған құн салығын қоса есептегенде 17 процентті құрайды. Бәсекелес компаниялардың комиссиясы 12,5 проценттен аспайды. Осылайша, Яндекс.Такси комиссиясы нарықтағы ең жоғарғы көрсеткіштен 36 процентке артық болып тұр. Бұдан бөлек, Яндекс.Таксидің серіктес таксопарктері де 4 процентті алады. Бұның барлығы жол жүру ақысының қымбаттауына әсер етеді. Айта кетері, бұған дейін Яндекс.Таксидің бағасы мен комиссиясына қатысты шағымдар көп болды. Осыдан кейін агенттік тергеу шараларын бастады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17362356_483:0:3214:2048_1920x0_80_0_0_5408f88df21286fad672f7f151109cac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси, сот
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Сот Яндекс.Таксиге тергеу жүргізу туралы бұйрықтың күшін ішінара жоюға шешім қабылдады. Алайда онымен тергеу шаралары тоқтамайды, деп хабарлады бәсекелестікті қорғау агенттігі.
29 желтоқсанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты бәсекелестікті қорғау және дамыту агентігінің Алматы қаласы бойынша департаменті шығарған бұйрықтың күшін ішінара жою туралы шешімін шығарды. Негізгі себеп – тергеуге дейін 2022 жылғы талдаудың болмауы.
"Сот өз шешімін түсіндіру кезінде Яндекс.Такси тарапынан заңнаманы бұзу белгілері барын расталғанын келтіріп, уәкілетті орган тиісті талдау жүргізілгеннен кейін 2022 жылғы қызметі үшін тергеу ашуға құқылы деді. Осыған байланысты монополияға қарсы органның тергеуі жалғасатын болады. Бүгінгі таңда БҚДА Яндекс.Таксидің 2022 жылы монополиялық жоғары бағаларды белгілеу тұрғысынан әрекеттерін талдауда", - делінген ресми хабарламада.
Ресми мәліметке сәйкес, 2020 жылы Алматыда Яндекс.Таксидің үлесі 83,78% болған. 2021 жылы – 84,34%, ал 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 95,3%-ке жеткен. Астана қаласында нарықтың 67,3 процентін алып отыр.
"Яндекс.Таксидің бүгінгі жағдайы оның 2 жыл немесе одан да көп уақыт ішінде тұрақты өсуін көрсетеді. Бұл нарықтағы жалпы жағдайды бақылауға және айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік береді", - дейді мамандар.
Ал Яндекс.Таксидің комиссиясы қосарланған құн салығын қоса есептегенде 17 процентті құрайды. Бәсекелес компаниялардың комиссиясы 12,5 проценттен аспайды. Осылайша, Яндекс.Такси комиссиясы нарықтағы ең жоғарғы көрсеткіштен 36 процентке артық болып тұр.
Бұдан бөлек, Яндекс.Таксидің серіктес таксопарктері де 4 процентті алады. Бұның барлығы жол жүру ақысының қымбаттауына әсер етеді. Айта кетері, бұған дейін Яндекс.Таксидің бағасы мен комиссиясына қатысты шағымдар көп болды. Осыдан кейін агенттік тергеу шараларын бастады.