Тоқаев Пеленің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

© AFP 2024Пеле
Пеле - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті", - деп жазды БОРТ N1.
Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.
Пеле - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2022
Футбол королі Пеле өмірден өтті
Жаңалықтар
0