https://sputnik.kz/20221230/shymkentte-kolik-zhurgizushisinin-kesirinen-600-den-astam-uy-gazsyz-qaldy--30781619.html
Шымкентте көлік жүргізушісінің кесірінен 600-ден астам үй газсыз қалды
Шымкентте көлік жүргізушісінің кесірінен 600-ден астам үй газсыз қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан - Sputnik. Шымкентте шетелдік көлік жүргізушісі жоғары қысымды газ құбырын көлігімен қағып кетіп, мереке қарсаңында бірнеше жүз жеке... 30.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-30T15:52+0500
2022-12-30T15:52+0500
2023-08-10T11:59+0500
шымкент
газ
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1e/30778061_0:512:2731:2048_1920x0_80_0_0_c6cffdab0817c852f46d66caffc52fbc.jpg
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан - Sputnik. Шымкентте шетелдік көлік жүргізушісі жоғары қысымды газ құбырын көлігімен қағып кетіп, мереке қарсаңында бірнеше жүз жеке тұрғын үйді газсыз қалдырды. Полицейлер оған әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент полиция департаментінің хабарлауынша, төтенше жағдай 30 желтоқсанда таңғы алтыларда болған. "Құрсай шағын ауданында Opel Vectra автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жоғары қысымды газ құбырына соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеке сектордың 612 абоненті мен бір өнеркәсіптік кәсіпорын газсыз қалды", - делінген Шымкент полиция департаменті таратқан ақпаратта. Сондай-ақ қалалық полицейлер жол апатына кінәлі жүргізушіге "Көлік құралдарының жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануы" бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын айтты. Жиналған материалдарды тәртіп сақшылары мамандандырылған сотқа жіберді. Сонымен қатар автокөлік жүргізушісінен газ компаниясына келтірілген материалдық залал сот тәртібімен өндірілетін болады.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/1e/30778061_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_83f5093ade164f95170a15c2d816c903.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, газ, жол апаты
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан - Sputnik. Шымкентте шетелдік көлік жүргізушісі жоғары қысымды газ құбырын көлігімен қағып кетіп, мереке қарсаңында бірнеше жүз жеке тұрғын үйді газсыз қалдырды. Полицейлер оған әкімшілік хаттама толтырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент полиция департаментінің хабарлауынша, төтенше жағдай 30 желтоқсанда таңғы алтыларда болған.
"Құрсай шағын ауданында Opel Vectra автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жоғары қысымды газ құбырына соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеке сектордың 612 абоненті мен бір өнеркәсіптік кәсіпорын газсыз қалды", - делінген Шымкент полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ қалалық полицейлер жол апатына кінәлі жүргізушіге "Көлік құралдарының жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануы" бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын айтты.
Жиналған материалдарды тәртіп сақшылары мамандандырылған сотқа жіберді. Сонымен қатар автокөлік жүргізушісінен газ компаниясына келтірілген материалдық залал сот тәртібімен өндірілетін болады.